ойын сауық отауы
Бұзылған үй
07.05.2016 2 691 0 Дауыл

Бұзылған үй

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тәкаппар таулар жатқан жан - жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын,
Көресің жолың түсіп барғаныңда.
Көресің көк орманын, жылғаларын,
Мөп - мөлдір қайнап шыққан тұнбаларын.
Жылғаның жағасында бұзылған үй,
Сен соған ей, жолаушым, бір қарағын.
Кес - кестеп кісі жолын торымаған,
Осында тірлік еткен момын адам.
Қаншама тырбанса да шаруаның
Дәулеті бір - біріне қорымаған.
Өмірде өзін - өзі ол құл көріпті,
(Киіпті ауыстырмай бір бөрікті...)
Байғұстың барша жұрты тілек тілеп,
Үйіне тұңғышы боп ұл келіпті.
Той жасап, торқа төсеп шабылмаған,
(Демек, тойдың жабдығы табылмаған.)
Өмір дейтін өзгермес мекеменің
Алдында әжем мені қабылдаған.
Кейін әкем ел - жұртын басқарыпты,
(Қашанғы жарғақ бөркі тасталыпты.)
... Жағасында жылғаның бұзылған там,
Ғұмырым осы жерден басталыпты.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әкеме Әкеме
Сонымен құладың ба, тас қамалым, Қалмады күйініштен басқа амалым. Зиратың аяқ асты болмасын деп, Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.
Токарьдің соңғы сөзі Токарьдің соңғы сөзі
Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен, Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген. Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан, Аяңталыпты Батыста жатқан
Тауға келсең Тауға келсең
Тауға келсең, қыста емес, Күзде келгін! Қарсы алдыңнан табылар іздегенің. Жапырақтың көресің әлі - дағы, Тіршіліктен күдерін үзбегенін.
Менің анкетам Менің анкетам
- Туған жерің? - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. - Туған жылың? - 1931. Құрдасымын Шәмілдің. - Жынысың кім? - Еркекпін ғой, еркекпін! Және -
Зираттағы жыр Зираттағы жыр
Сәлем бердік, Бейтаныс жолаушылар! Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар. Анау қырдың астында менің аулым, Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар.
Ілініп түн тұр тауларға Ілініп түн тұр тауларға
Ілініп түн тұр тауларға, Дамылдап тірлік қалған ба?! Алыстан оттар жанады Жай таппай мына жалғанда,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×