ойын сауық отауы
Бәрін де қойшы...
07.05.2016 4 604 0 Дауыл

Бәрін де қойшы...

Өлеңдер
Бәрін де қойшы...
Өмір - ай, деймін,
Өмір - ай, деймін кейде мен,
Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен.
Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,
Кездер де жетті біреулер сіз деп сөйлеген.
Бірін де қойшы... қозы - түс өтті аяулы,
Тал түс те кетті, бесін де міне таянды.
Мына жалғанда не қалар дейсің баянды,
Кезекпе - кезек бәрі де жылжып, таяр - ды.
Мұны да қойшы.
Махаббат шіркін суытты - ау!
Мен - дағы оны, ол - дағы мені ұмытты - ау!
Аңсаған жүрек алдаса - дағы қаншама,
Махаббаттан да, аспанның Айы жуықтау.
Бәрін де қойшы... Бәрі де өтер тоқтаусыз,
Өмір ме өмір?
Өнбей де өспей, жоқ - барсыз?
Кезегім келіп, кеткенде келмес сапарға,
Хабарсыз, ізсіз қалмасам екен жоқтаусыз...

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Әйбат бала Әйбат бала
Қандай жақсы бала еді, Үстінде жоқ кір – сатпақ. Айта қойшы, кәне, енді Біздерге арнап бір тақпақ,-
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса, Аңсағанға қандай ем, сусын тапса?! Алыста жаяу қойшы көрініпті, Мөлдір бұлақ су іздеп келе жатса.
Сонымен күндер өтті Сонымен күндер өтті
... Сонымен күндер өтті, Күндер өтті... Кімдер кеп, кімдер өтті?! Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Майгүліме Майгүліме
Бірінші өлең Ол өмірге келгенде көктем еді, Жер гүлін, көк те нұрын төккен еді. Саялатып сал - самал өпкен еді, Сол өмірге несіне өкпеледі?!
Көзің нұрсыз дейсің сен Көзің нұрсыз дейсің сен
... Содан бері шыныммен жыламадым, Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым. Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің, Әлде бір шыныңмен - ақ сынағаның
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×