ойын сауық отауы
Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
08.05.2016 3 072 0 Дауыл

Жүрек неге зат болып жаралмаған?!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қарғам менің!
Қарғам менің!
Аласарып барады арман - көгім.
Жалған десе, дүние жалған ба едің?!
Жараланған көңілім дал - дал менің.
Қауырсын ең үзілген қанатымнан,
Жанарымнан шуақ ең таратылған.
Қара басқа орнатып қара тұман,
Қайғым болдың, ойымда дара тұрған.
Күйзел жан, күңірен жан, күнә басып,
Айығар сәтің сенің, сірә, қашық.
Жабығып жарығында бұл жалғанның,
Бір түйір қаным менің жүр адасып...
Мен жүрмін бақыт қуып, даңқ қуып,
Сайраңдаған боламын сауық құрып.
Кінәсі жоқ қарғамды жабықтырып,
Жолай алмай құрыдым танып тұрып...
Қарғам, сені жайым жоқ кем көретін,
Бимағұлым тағдырың сен көретін.
Зат боп неге жүрегім жаралмаған?!
Қарғаларым, сендерге тең бөлетін...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Санаулы менің сағатым Санаулы менің сағатым
Санаулы менің сағатым, Санаулы менің күн, айым. Асығам қалмай тағатым, Асықпай қайтіп шыдайын.
Мінез Мінез
Кезімде қадірімді сезбес мынау, Бекер - ақ, қарғам, маған кездестің - ау Келмеске әлдеқашан аттандырған, Керемет күндеріммен кездестім - ау!..
Иек артқан теңізге мүйістейін Иек артқан теңізге мүйістейін
Иек артқан теңізге мүйістейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін? Иіскейін тек қана, тиіспейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Жырласам ба екен Жырласам ба екен
Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін, Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?! Алдымда менің адасып кеткен арман тұр, Жылатсам ба екен,
Жанарым Жанарым
Түспесін десең, егер сезімге кір, Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі Жамандық көрсең менің қабағымнан, Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Арман қуып... Арман қуып...
Айтпашы, айтпасаң да білем, білем, Білемін де күлемін, ренжімен. Әзірге көзім де ашық, көңілім де ашық, Жыланды ажыратам жылы өңдіден.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×