ойын сауық отауы
Сарыжайлау
11.05.2016 10 968 0 Дауыл

Сарыжайлау

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жазира, жасыл кілем өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем,
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім,
Салқын самал - баурайларың.
Саялаған, беу, туған жер,
Сағындырған Саржайлауым.
Армысың, ата - қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем.
Басқаның жерұйығын неғыламын,
Жерұйығы - өзімнің қасымда екең!
Қайырмасы.
Жадырап жұтайыншы тау самалын,
Осы еді ғой сағынып, аңсағаным.
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.
Қайырмасы. Жанымды жырға бөлеп, тан, атырған,
Әкем едін, ақ таңда жаратылған.
Төліңнен айналайын жаңа туған
Айналайын еліңнен дара туған!!!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Солдат арманы Солдат арманы
Тіршілік тұтқасы - күн сөнер Дегенге айтындар, кім сенер? Әлемде тыныштық тұрса егер Біздерміз өмірге нұр себер!
Оралыңдар Оралыңдар
Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер Туған жердің топырағы, шақырады белдер. Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар, Бұйығады бұлақтар да,
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен Күміс жалды күн дейтін көлікпенен
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен, Көріп келем өмірді, көріп келем. Қуатым бар жанымда сеніп келем, Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Дариға, домбырамды берші маған Дариға, домбырамды берші маған
Дариға, домбырамды берші маған, "Жаныма келші, жарым, келші балам! Бейуақ, іңірдегі көңіліме, Күй болып, күңіреиіп енші, далам.
Апырмай, туған жер - ай Апырмай, туған жер - ай
Апырмай, Туған жер - ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. Кіндігімді байлаған қазығым - ай, Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім.
Айығып келем Айығып келем
Айығып келем. Айығып келем бәрінен. Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен. Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең, Кеңістіктерге сапарға шығам әлі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×