ойын сауық отауы
Сен
11.05.2016 7 026 0 Дауыл

Сен

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік - күшің.
He істеймін десең - дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл - күшің.
Ерке мінез, есен - сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
... Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым - шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған. Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Үш бақытым Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Серіксіз бе едің, құрбыжан? Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті - ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан - жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап,
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Махаббат диологы Махаббат диологы
- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? - Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. - Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? - Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Бақытым менің алыста Бақытым менің алыста
Алданбайын арзанқол жұбанышқа, Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа! Қазір менен қашықтап куаныш та, Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×