ойын сауық отауы
Сені азамат дегенге...
11.05.2016 2 697 0 Дауыл

Сені азамат дегенге...

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!
Сендей сұмдық адамға,
Нанбайын ба, нанам ба?!
He тұр екен санаңда,
Жақсы ма, әлде жаман ба?!
Адал ма, әлде арам ба?!
Айласы көп арамға,
Босқа алданып қалам ба?!
Түсінбеймін мен саған,
Түсіне алмай шаршағам.
Күліп барып алдыңа,
Жылап шықты қанша адам.
Сені азамат дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
... Есінді жи, елерме!
Арамдықты денеңде,
Айдалаға көгенде.
Сазарма да көгерме,
Сенсін десең егерде...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Қазынам бар Қазынам бар
Қазынам бар. Біреуге берсем бе екен?! Өкпелейді - ау бермесем, Берсем, бөтен.
Ғашықпын! Ғашықпын!
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Бақытым менің алыста Бақытым менің алыста
Алданбайын арзанқол жұбанышқа, Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа! Қазір менен қашықтап куаныш та, Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.
Аңғал досым - ай Аңғал досым - ай
Аңғал досым - ай, He дейін саған, не дейін. Көрінеді ішің, Ашылса болды көмейің, Жақсы да сені демейін, Жаман да сені демейін, Қасымда жүрші әрқашан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×