ойын сауық отауы
Хан тәңірі
13.05.2016 9 356 0 Дауыл

Хан тәңірі

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де аласамен таласасың.
Тянь - Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хан тәңірімен жанасасың?
Шыңның мен ұнатамын биіктігін,
Шырқай кеп шыңырау көктен сүйіпті Күн.
Түндігін түртіп тұрған көк аспанның,
Қанеки, Хан тәңірінен иықты кім?!
Егерде құдірет болса, бөлшегіндей
(Алдында құдіреттің көр шегінбей.)
Шаншылып әнеу тұрған Хан тәңірі -
Шапшыған Тянь - Шаньның емшегіндей.
Күн де оның баурайында дөңгелеген,
Буалдыр, бозғыл шәйі перделеген.
Бойында Хантәңірінің бұғып жатқан,
Алапат аяныш бар жерге деген.
Тік тұр ол. Қырын қарап сай - салаға,
Күн көркі, Көк - мекені, Ай - шағала.
Қалғымай қанша жылды өткерді екен
Тәкаппар Тянь - Шаньдағы қайсар аға?
Таудың мен ұнатпаймын тапалдығын,
Тапалдан талайлар - ақ татар жұғын.
Сүйем мен табиғаттың ұлылығын,
Сүйем мен табиғаттың қаталдығын!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Хан тәңірі Хан тәңірі
Хан тәңірі – қарт Тянь - Шаньнің жүрегі... Хан тәңірі – көк аспанның тірегі... Хан тәңірі – көп жасаған қария, – Хан тәңірі – жер жүзіне жария.
Өлең деген тумайды жайшылықта Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылыңта. Ақын болсаң жарқыным, алысқа аттан, Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған
Қырықта дәнеңе жоқ дара тұрған, Баяғы бала мінез, бала тұлғам. Дәл осылай он алты жасымда мен, Басымнан түн өткеріп, таң атырғам.
Отан туралы Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Мен қарапайым қарттарды сүйем Мен қарапайым қарттарды сүйем
Мен қарапайым қарттарды сүйем, He деген керім еді! He біледі осы жұрт, не біледі?! Бабалардың баласы - қариялар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×