ойын сауық отауы
Қайырлы таң
14.05.2016 3 388 0 Дауыл

Қайырлы таң

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім,
өзендерім, көлдерім!
Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім!
Орманым да шуламай,
Суларым да туламай,
Ақ басты ата - тауларым да жыламай,
Ұйқысынан оянды,
Бәрісі де таң нұрына бояулы.
Айдын көлде асыр caп жүр қаз, аққу,
Ақ таңымен амандасып қазақтың
Қайырлы таң, ашық аспан, ақ аспан,
Ай, Шолпаным, жұлдызым!
Қайырлы таң әзілдері жарасқан
Сәби жанды ұл - қызым!
Бәрісі де дін аман
Бір адам жоқ жылаған,
Сәби де жоқ таң алдында қыңқылдап,
Бір үзім нан сұраған;
Менің елім ұйқысынан оянды,
Алтын арай таң нұрына бояулы.
Самалы есіп тыныштықтың бұйраттан,
Заводтарым темекісін ширатқан.
Далам менің тыныштыққа сый тартқан,
Қалам менің тыныштық деп күй тартқан.
Жер шарының тыныштығын сақтаған,
Қайырлы таң, ұлы Отаным, шат заман!
Сен күзеткен тыныштықты жырға орап,
Ұрпағыма ап барам.
Зеңбіректер атылмай,
Атомдар да уатылмай
Менің елім тыныштықта жатыр жәй.
Бәрісі де ұйқысынан оянды.
Алтын таңның шапағына бояулы!
Шуағымен шомылдырып алапты,
Тағы, міне, бейбітшілік таңы атты.
Арқалап ап ырыс - құт,
Келеді, әне, күн шығып.
Қайырлы таң, Тыныштық!
Қайырлы таң, Тіршілік!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әбдірахман Өлмесқұлының батасы Әбдірахман Өлмесқұлының батасы
А, Құдайым, оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа Бақ пен Қыдыр орнасын.
Тау бұлағы да ағады Тау бұлағы да ағады
Тау бұлағы да ағады, Ой бұлағы да ағады. Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны. Бірі жылжып барады,
Миллиард дастарқаны Миллиард дастарқаны
Жалғанның жартысындай жалпақ далам, Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған! Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған, Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!
Елім, саған ғашықпын! Елім, саған ғашықпын!
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Елім барда Елім барда
He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
Heгe жыламасын?! Heгe жыламасын?!
Heгe жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×