ойын сауық отауы
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
17.05.2016 3 902 0 Дауыл

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап,
Қыран шықса қияға, жібереді
Олар да екі құсын екі жақтап.
Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан,
Күйкентайы үстінде шықылықтап.
Өзі алмайды, қыранға алдырмайды,
Күні бойы шабады бос салақтап.
Тиіп-шығып, ыза қып, ұстаспаса,
Қуанар иелері сонда ыржақтап.
Не таптық мұныменен деген жан жоқ,
Түні бойы күпілдер құмын мақтап.
Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ,
Қайран ел осынымен жүр далақтап.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Кәрі қыран Кәрі қыран
Қанатынан қаңтардың қары бүркіп, Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп. Қырағы көз бұл күнде қарауытып, Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Қарға мен түлкі Қарға мен түлкі
Жұрт біледі, күледі, Сұрқия тілдің жаманын, Қошеметшілердің амалын. Сонда да солар қайда жоқ?
Қарға мен бүркіт Қарға мен бүркіт
Қой жайылып жаздыгүн Шыққан екен қияға. Аспаннан бүркіт құйқылжып, Сорғалап келіп ыраға, Бір қозы іліп ап кетті Құздағы қиын ұяға.
Ғалымнан надан артпас ұққанменен Ғалымнан надан артпас ұққанменен
Ғалымнан надан артпас ұққанменен, Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен. О - дағы қалыбынан аса алмайды, Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×