ойын сауық отауы
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
20.10.2020 2 871 0 Admin

Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң болсын!» деу керек.
Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол Құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса», «Жол бойындағы аруақтар қолдап, Алла оңдаса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата - баба аруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар Нанға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде
Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар
Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Әйелге қатысты тыйымдар Әйелге қатысты тыйымдар
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
Жол туралы ырым-тыйымдар Жол туралы ырым-тыйымдар
Басып кетпе кір суын, тигізер ол қырсығын. Жарылады табаның, сырқырайды ұршығың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×