
Туыстық атаулар сыры: Нағашы
Салт-дәстүр
Нағашы (ер, әйел) – ананың төркін жұрты балаға (жиенге) нағашы деп аталады. Нағашы жұртын «сыншыл» дейтін үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы осылар. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашы жиенін күндемейді, керісінше оның азаматтығы мен ізгі істеріне сүйініп, мақтанып, мақтап отырады. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.
Нағашы жұрттың еркек - әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы ата», «нағашы әже» деп атайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Нағашы жұрттың еркек - әйелдерін жиендері «нағашы апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні», «нағашы аға», «нағашы ата», «нағашы әже» деп атайды.
- Балалығың ұстаса – нағашыңа бар.
- Өзі жаман туады, нағашысынан көреді.
- Нағашымен күрескен жиен жығылады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың -

Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасқан абзал. Еркек пен әйел қол беріп

Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?

Күн жетпейді, алаң боп Кітап оқи бастасам... «Шаруам көп, шамам жоқ», - Демейді анам ешқашан. Бізді бағып - қағады, Қайдан мұрша табады?!

Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа, Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа. Көрмесем де, көп кішілік сәлемім Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.

Мінезің бар әкеңдей бір салмақты, Жігіт болып өсе бергін жан - жақты. Құттықтайды нағашылар әулеті, Тараздық Мухит атты нағашы!