ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: Құда
01.01.2022 1 538 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: Құда

Салт-дәстүр
Туыстық атаулар сыры: Құда
Құда (ер) – қыз алып, қыз беріскен ер адамды «құда» деп айтады. Құдалық жолмен келген адамдардың үлкенін немесе жолы үлкенін (басшысын) бас құда деп атайды. Қыз бен жігіттің әкелері бір - біріне «бауыздау құда» деп аталады. Бұл ертеде құда болғандар құдалыққа сойған қойдың бауыздау қанына құдалардың қол батырып, бірін - бірі тануынан (серттесуінен) шыққан екен. Аталған құдалардың рулас туған - туыстары да бір - біріне құдандалы, яғни «құда, құдағи» болып саналады.
Құдалар қазақ арасында өте сыйлы, құрметті адам, төрде отырады. Оған арнаулы мал сойылып, бас, жамбас тартылады. Халық «құданы Құдай, досты періште қосады», «құда мың жылдық» дейді. Мұның себебі құдалардың өздері өмірден кетсе де, оның құдалық аты руластар арасында көп жылдар ұмытылмайды. Кейде ежелгі құдалар бұрынғы құдалық сыйластықты жалғастыру үшін тағы да құда түсіп, қыз алып, қыз беріседі. Мұны «сүйек жаңғырту» дейді.
Құдалықтың басқа да түрлері бар. Құдалар әлі тумаған іштегі балаларына да құда түседі. Мұны «бел құда» немесе кей жерлерде «қарын құда», «құрсақ құда» деп те атайды. Кейбіреулер бесікте жатқан ұл, қыздың бірін - біріне атастырады. Мұны «бесік құда» дейді. Кейде қыз берген құда, сол құдасының қызын өз ұлына келін етіп алып береді. Мұндай құдалық «қарсы құда» деп аталады.
  • Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық.
  • Құданы Құдай қосады.
Үйірі басқаны ноқта қосады.
  • Алыс жерге құда болсаң – түйе - түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң – түйе - түйе сөз келер.
  • Құдай ұрған құдасымен ұрысар.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ұмытылған ұлт дәстүрлер: Сүт ақы Ұмытылған ұлт дәстүрлер: Сүт ақы
Қыз ұзату тойының мерзімін екі жақтың құдалары келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу
Туыстық атаулар сыры: Жесір Туыстық атаулар сыры: Жесір
Жесір (әйел) – күйеуі қайтыс болған әйелді айтады. «Жетім бала, жесір қатын» деген сөз тіркесі осыдан шыққан.
Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық Туыстық атаулар сыры: Қалыңдық
Қалыңдық (әйел) – күйеуге атастырылған, бірақ та оң жақта (өз үйінде) отырған бойжеткенді осыла атаған. Дала заңы бойынша, атастырылған, яғни құда
Туыстық атаулар сыры: Құдаша Туыстық атаулар сыры: Құдаша
Құдаша (әйел) – егделігіне немесе жастығына қарамастан бір рудың қыздары құда жағына «құдаша» болып саналады.
Туыстық атаулар сыры: ағаеке Туыстық атаулар сыры: ағаеке
Ағаеке (аға - әке), (ер) – келін өзін әкелуге (көбінесе бас құда) құда болып барған адамды «ағаекем» деп қабылдайды және солай таниды.
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер
Құда - құдағи туралы мақал - мәтелдер Құл құдасын табады Алыс жерге құда болсаң түйе - түйе ас келер. Жақын жерге құда болсаңтүйе - түйе сөз келер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×