Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нығмет

26 тамыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Тілекқали Сәлімбаев

Адам баласы қай замандарда, қай уақытта болмасын пенделіктен арылған ба.
Тойымдылық, нысап, сабырлылық ұғымды категориялардың мән - мағынасы кейінгі кездері назардан тыс қалуда. Бағзы замандарда бұл үш ұғымсыз даланың әлеуметтік философиясы тұздалмаған қой етімен теңестірілетін. Қазақтың тәрбиелік даналығының түп тамырының бірі де осында.

НЫҒМЕТ.
Ерте замандарда өзінің күнделікті тірлігіне ғана жететін мал - мүлкі, дүниесі болған бір бейбақ байбатшаға жалданып күн көріп өмір сүріпті. Бірде әлгі шаруа өз малын байдың малымен қоса айдап көктеуден ел қатарлы жайлауға көшіп келе жатып күнәһарлы қияли ойға беріледі. «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады - демекші, мына айдап келе жатқан малыныңың түгелі дерлік байдың малы, ал байдың сансыз малы, сандық толы саф алтындары кешегі бабаларынан мұра болып қалған байлық. Алтай тауы алтынды аймақ, неге сол кенді аймаққа барып бақ сынап қоржынды алтынға толтырмасқа, неге сол арқылы іргелі байлардың қатарына қосылып өз малшыларың мен жалшыларыңды алдыға салып айдамасқа» - деген ой тұжырымына тоқталып сол күні кешінде көпшілікке сездірмей Алтай тауын бетке алып атқа қонады.

Содан апта жүреді ай жүреді, көрмеген жердің ой - шұңқыры көп дегендей бірде жолдан адасып, енді бірде өзен - көлдердің дариясынан өте алмай көресісін көріп, ауылдан алып шыққан азық түлігі де таусылып тұзақпен даладан аң - құс, өзендерден балық аулап, өсімдік тамырын қорек жасап әбден қиналады. Көресіңді әбден көре жүріп Қара Ертіс пен Жайсаң көлінің қосылар жеріндегі мойнақтан өтіп Алтай тауының сілеміне аяқ басады. Табиғаттың жайма шуақ ашық күндерінің бірінде екі тау сайының ортасында саңырау құрлар мен жабайы шошқалар мекен еткен қайыңды, қалың қамыс арасындағы көлшікке кез болып шөлін қандыруға еңкейе бере су ішінде жылтыраған кішкене тасқа көзі түседі. Қол созып алақанына алып қараса кәдімгі байлардың көз құртын жейтін тай тұяқ алтынның сынығы іспеттес саф алтын.

Осы күндерден бастап алтынның сағымын қуып күндіз ауқаттан, түнде ұйқыдан айрылады. Көлшік суын лайлай сүзіп мол қазынаға кенелу жөніндегі күнәһар ойы жансезімін толық баурайды. Ойлағаны іске аспай көлшіктің суына ыза болып оны таяқпен соққылайды, жаратушыдан көлшік суын құрғатуды тілеп күнәға батады. Ондағысы көлшік суы болмаса топырақ шаңының астынан тез арада тегін мол қазына табу. Осындай күндердің бірінде тау шатқалының басында күн көзінен жалтыраған көшпенді алтынның сағымына көзі түседі. Енді ол көл суын қарғай отырып көшпенді алтынның соңына түседі.

Адам аяғы баспаған тау жыңғылдарын кезіп қорқау жыртқыштай көзі қызарып басқа дүниенің қызығын көзден таса, көңілден жырақ етіп санасын тек сары алтын елесі билейді. Қараулықтан қара басып басы айналып қоржын ішіндегі су толы күбісінің қайда қалғанымен де ісі болмайды. Ымырт үйіріле щатқалдың түбіндегі терең құз ішінен тасқа жабысқан саф алтынды көзі шалып жүрегі жарылардай қуанады. Түн қараңғылығына қарамастан жығыла - сүріне жүріп алтынға жететін төте жол іздеп есі шығады, қара түнекте жол табу оңай болсын ба? Құр далбасалық ісінен ештеңе шыға қоймайды

Шығыстан күн шұғыласы көріне бастаған шақта әбден әлсіреген бейбақ оқыстан аяғын тайдырып мертігеді. Қатты қайырымға келе алмай бейшара күйге түскен әлгіні күн көкжиектен көтеріле шөл қысады. Енді алтын емес бір жұтым су, салқын соққан самал жел аңсап, кеңсірігі кебеді. Жаны көзіне көрініп қиналған шақта тасқа жабысқан саф алтын оған сары тастай көрініп, ал өзі қарғаған көз ұшында қалған көлшік суы ол үшін қол жетпес ең қымбат қазына болып көрінеді. «Алтынсыз да жан сақтауға болады, ал жаратушының өз пендесіне арнаған нығметіне (жер, су, ауа т. с. с.) жетер байлық жоқ», - деген бабалар сөзі мен «Басты байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық еңбекпен тапқан бес саулық» деген халық даналығы осыдан қалса керек.
2 719
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылық пен жамандық
Жақсылық пен жамандық
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті.
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай
Ерте - ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Қара сөздер. Абайдың қырық екінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың қырық екінші қара сөзі
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді?
Омар Шораяқов
Омар Шораяқов
Омар Шораяқов бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, сол уездегі Аққыр болысының 12-ауылында (қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы селолық ауданы) 1878 жылдың 22 қазанда туып, 1924 жылдың 14 маусымда қайтыс болды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×