Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақсат – жетістік желкені

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
8 сынып:
Тақырып: Мақсат – жетістік желкені
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз – өзіне адал болу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»
- Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру
24 - ші беттегі «Өмір тағылымы» аңыз - әңгімесін оқып келу берілген.
-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Біріншісі:
- Өткен өмірім менің қазіргімнің бастауы болды. Бұрын үйренгендерім қазіргі өміріме азық болып отыр. Мен өз – өзіме ризамын, себебі алға қойған мақсаттарыма жету үшін мен қажымай – талмай күресе білдім. Өз өміріме серік еткен жолдастарым да сенімді, - дейді.
Сонда екіншісі:
- Егер сенің айтқаның дұрыс болса, адам «Түйе көргенінен жазбас» дегендей, бір орнында дамымай тұрып қалар еді. Маған бұрынғы үйренгенім, қазіргі білетінім маңызды емес, болашағым маңызды. Сондықтан да мен өз болашағыма қажетті нәрселерге үйренемін. Маған «екі жыл бұрын мен кім едім?» деген сауалдан «екі жылдан кейін менің өмірім қандай болады?» деген сауал маңыздырақ. Менің қазіргі қаракетім бұрын қандай болғаныма емес, болашақта қандай болатындығыма бағытталып отыр. Маған жаңа таныстар өте ұнайды, олардан білмегенімді үйренемін, ал ескі таныстарымның білетінін өзім де білемін, - деп дауласа жөнелді.
- Өткен мен болашақ тек сендердің ойларыңда ғана болатындығын ұмытып кеттіңдер ме? – деп сөзге араласты үшіншісі:
- Өткенің енді қайтып келмейді, ал болашағың жеткізбейді. Сондықтан да өткеніңді қанша аңсасаң да, болашағыңды қанша қиялдасаң да, олар қолға түспейді. Тек қазіргі өміріңде ғана алдыңа ізгі мақсат қойып, өміріңнің әр сәтін осыған арнасаң ғана, өз өміріңді өзгертуге болады. Өйткені өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді, тек қазіргі өмірде ғана өз ойыңды жүзеге асыра аласың».

Сұрақтар:
1. Сіз қайсысының пікірімен келісесіз? Неліктен?
2. Қалай ойлайсыздар, адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?
3. «Өткен бақытты ойлау – жаныңды жабырқатады, болашақ бақыт туралы ой жаныңды жегідей жейді» деген пікірді қалай түсінесіздер?
4. Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай?
Түйіндеме:
● Өткенді ризашылықпен есте сақтаймын!
● Болашаққа үмітпен сенім артамын!
● Қазір ақиқатпен өмір сүремін!
(Әуелі қыздарға, сосын ер балаларға, сосын қосылып оқытылады.)

3. Дәйексөзбен жұмыс
- Балалар, ХІ ғасырда өмір сүрген бабамыз ның «Құтадғу білік» поэмасындағы мына бір өлең жолдарына назар аударайық:
«Өткен өмір қайтып келмес,
Болашағың бұлыңғыр.
Өмір деген ұзақ емес,
Бос өтпесін абай бол!» Жүсіп Баласағұн
-«Өмір бір рет беріледі» дегенді қалай түсінуге болады?
- Жақсы өмір сүру үшін адамға қандай құндылық қажет?
- Өмірімізді ақиқатқа арнасақ, ғұмырымыздың бос өтпейтініне сенімдісіз бе?
(Оқушылар өз ойларын ортаға салып, талдайды.)
- Дәйексөзді дәптерімізге жазып аламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 594
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Мақсат – жетістік желкені
Мақсат – жетістік желкені
Жетістікке қол жеткізу үшін адамда қандай қасиеттер мен дағдылар болуы керек деп ойлайсыңдар?
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарлары
Шаңғы дайындығы сабағының күнделік жоспары Волейбол сабағының күнделік жоспары Тоғызқұмалақ сабағының күнделік жоспары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×