Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ.

Мақсаты: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
Міндеттері:
- Оқушылардың табиғат тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
- Табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;
- Табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: диапроектор, аудиокассета, үнтаспа, ноутбук, түсті қалам, ватман
Сабақта қолданылатын
модульдер мен әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО, Көшбасшылық пен басқару, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, ән - музыка

Кіріспе
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Оқушылар мұғаліммен, бір - бірімен сәлемдеседі. Балалар үнтаспаға қосылып «Аралдан ұшқан аққулар» әнін айтады.

Аралдан ұшқан аққулар.
Сөзі: Ш. Сариевтікі
Әні: С. Бәйтерековтікі
Құстардың қайда базары?
Тарқаған, түсіп ажары.
Жаралы жүрек жандардай
Төмендеп теңіз назары.
Бұлттардай жүзген ақ ала,
Жападан жалғыз шағала.
Қоштасқан қайран Аралмен,
Қайғылы, мұңды жағада.
Қайырмасы:
Қия алмай қанат қағады,
Қона алмай ұшып барады.
Мөлдіреп құстар жанары, Аралым.
Ең алғаш сені көріп ем,
Аққуды теңіз көгінен.
Толмайтын орны - Өмір ең, Аралым.
Жыл сайын көктем жетеді,
Сені іздеп құстың мекені.
Ұясыз қалған аққулар
Қона алмай ұшып өтеді.
Айдынды шалқар, Аралым,
Балалық шағым, жанарым.
Айдында жүзген құсың ем,
Алыстап кетіп барамын.

Сабақты ұйымдастыру
Сыныпты топтарға бөліп отырғызу.
Қағаз қиындыларына сөздер жазылған. Әрбір оқушы бір сөзден алады, сөздерді жинақтағанда мақал - мәтел құралуы тиіс. Сөздерден мақал құраған оқушылар топтасып отырады. Топбасшы сайлайды.

Сабақ тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқушылардың адам және табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік, табиғатқа қарым - қатынас туралы сұрақ қойып, оқушылар арасында әңгімелесу ұйымдастырады.
 Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?
 Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
 Табиғатқа өз қамқорлықтарыңды қалай білдіресіңдер?

Мәтінмен жұмыс
Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» мәтінін оқыту.
Диапроектордан «Аңшы» мультфильмінен үзінді көрсету. Оқушылар мәтінді оқиды. Мультфильмнен алған әсерімен мәтінді салыстыра отырып сурет арқылы қағазға түсіреді. Топтан бір оқушы шығып салған суреттері бойынша әңгімелеп айтып шығады.

Тапсырма
Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтады, оның мәнділігін дәлелдейді.
Ұсыныстарды әр түрлі үлгіде:
• Сызба
• Жоба
• Кесте
• Сурет
• Модель - түрінде беруге болады немесе ауызша айтады.

Шығармашылық тапсырма
1 - топ: Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазады.
2 - топ: «Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасайды.
3 - топ: табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазады.
4 - топ: «Табиғатты қорғаймыз» тақырыбына өлең шығарады.

Сергіту сәті
«Судан қайықпен өту» ойыны ойнатылады. Әр топтан бір оқушы шығады. Екі шетке сызық сызылады, бұл мәре сызығы. Оқушылардың қолына екі ақ парақ беріледі, қолындағы парақты аяғының астына кезектестіріп қою арқылы ортадағы судан өтіп мәре сызығына жылдам жету қажет.

Ой қозғау
Мұғалім оқушыларға мысал әңгіме айтады.
Теңіз жағалауы. Жағалауда бір бала еңкейіп, көтеріліп, қолын сермеп қимылдар жасап жүр. Бұны қызық көрген сол маңда жүрген бір кісі балаға жақындап келді. Қараса әлгі бала теңіз жағалауына шығып қалған теңіз жұлдызшаларын теріп, қайта суға лақтырып жүр екен.
- «Жігітім, сен өзі қызық адам екенсің. Теңіз жағалауы көптеген шақырымға созылып жатыр, ал оның жағалауында судан шығып қалған теңіз жұлдызшалары мыңдап кездеседі. Сен оның бәрін суға тастап жібере алмайсың ғой. Және осының сен үшін мәні бар ма?» - деп сұрады әлгі кісі.
- «Әрине, мұның мен үшін мәні жоқ екені рас, ал бірақ мен суға тастаған әрбір теңіз жұлдызшасы үшін үлкен мәні бар деп ойлаймын», - деп жауап берді әлгі бала.

Қорытындылау
Оқушылар «Мен сені қорғаймын...» тақырыбына шағын эссе жазады.

Жүректен жүрекке
Алдарындағы жүрекшеге «Мен үшін табиғат маңызды, өйткені...» сөйлемді аяқтайды, тақтаға іледі.
9 274
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру; оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға баулу.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Аққулар
Аққулар
Аққулар қатар жүзген көл бетінде, Қарасаң көз тояр ма, келбетіне. Аппақ тән, сұлу қанат, ұзын мойын Әсемдік символы ғой жер бетінде.
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Таза болса табиғат, аман болар адамзат
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Кужабекова Нуркия Бауыржанқызы
Табиғат тамашалары
Табиғат тамашалары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №1 Алға мектеп - бақшасында бастауыш сынып мұғалімі Муханова Айжан Айжарыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×