Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кеңпейілділік пен жомарттық

15 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
педагог - психологы Сейітова Гүлзада Пернебековна

Өзін - өзі тану 5 сынып
Тақырыбы: Кеңпейілділік пен жомарттық
Мақсаты: оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері: 1. Жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
2. Оқушылардың өзара жағымды адамгершілік, сыйласымдылық, жарасымдылық қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Оқушыларды сабақ барысында жомарттыққа, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірлесу, жағдаяттар шешу
Ресурстар: оқулықтар, плакаттар, топтамалар, интерактивті тақта, алтын сандық.
Сабақтың барысы: 1. Тыныштық сәті
– Қайырлы күн, балалар! Мен, сіздерді шаттық шеңберіне шақырғым келіп тұр.
Оң қолымыздың алақанын аспанға қаратыңдар, ал сол қолымыздың алақанын жерге қаратамыз, ал енді алақандарымызды, көршіміздің алақандарымен қосамыз.
- Қараңдаршы, бізде керемет шеңбер шықты, енді біз бір - бірімізден ала - қандарымыз арқылы жерден, күннен қуат алғандай болайық. Біздің бойымызға жер мен күн ақылдылық, мейірімділік, қамқорлық, сыйластық, кеңпейілділік, жомарттық сияқты жақсы қасиеттерді сыйлады деп ойлайық. Төмендегі өлеңді барлығымыз бірге айтайықшы.
- Күннен шуақ аламыз,
Жерден қуат аламыз.
Бейбіт күнде шат күлген,
Біз бақытты баламыз. - Ал, енді осы жерден, күннен алған қуат - күшімізді жүрегімізге қысайық.

2. Топқа бөлу
Бұрынғы өткен заманда «Кеңпейілділік» пен «Жомарттық» деген пат - шалықтар болған екен. Ол патшалардың жанында топбасшы, хатшы, баянда - машы, уақыт сақшы деген уәзірлері болады. Бір күні қатты дауыл болып, соның салдарынан барлық адам тілсіз қалады. Қазір барлық қатысушылар мен дайындаған кеспе қағаздарын алып, сөйлеместен өз патшалықтарының адам - дарын ыммен немесе басқа жолдарды таңдап, тауып алуы қажет. Әркім өз патшалығына топтассын. Осылайша топқа бөлініп, өз орындарына жайғасу керек.
Үй тапсырмасы (Ұжымдық жұмыс)
«Жомарттық» Қырғыз халық ертегісі
(Мәтінді оқып, мазмұнымен танысу)
Сұрақтармен жұмыс
• Патша уәзірлерін қалай сынады?
• Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?
• Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма?- деген сұрақты қалай түсінер едіңдер?
• Жомарттық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу қажет деп ойлайсыңдар?
Иә, балалар жақсылық жасағанда, тарығып, қиналып тұрған адамға көмектесер болсаңдар, оны жария етпей, құпия сақтаған дұрыс және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйлы болады. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің мол болуы шарт емес. Жомарттық малмен емес, пейілмен болады деп ойымызды түйіндейік.
«Бірлесейік, шешейік!» (Топтық жұмыс)
«Жомарттық» тобына тапсырма
(Мәтінді оқып, жомарттық жайлы жолдарды тауып, оны көзқарас, себеп, мысал, жалпылау түрінде талдау)
Саятшы Ораз
Менің есімде бұл кісі сақталмас па еді, егер сол жылы қыста біздің үйдің күн көруіне оның көп жәрдемі тимесе...
Әкем ауру, еңбекке жарамайды. Біз көшіп келгенде, үйімізді Саятшы Ораздың үйіне көрші етіп тіктік. Ораз мерген әрі құсбегі еді. Ол есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын ілуден ілуден қол үзбей, тіпті ителгіні де қайырып салған екен. Ілдіргенін үлестіріп, елді асырайды екен. Тіпті қасындағы балаларға да тапқанын үлестіріп беріп, құр қалғанына ертеңгі олжасын бөліп беріп отыратын. Қысылтаяң кезде жақсылық жасап, біреуге қол ұшын беруі, әсіресе өзінің тапқан олжасымен елді асырауы оның адамгершілігін асқақтата түскендей еді. С. Мұқанов

• Сен осындай жомарттық таныта алар ма едің?
«Кеңпейілділік» тобына тапсырма
(Мәтінді оқып, көзқарас, себеп, мысал, жалпылау түрінде талдау)
Нағыз жомарттылық (Аңыз әңгіме)
Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафари Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:
- Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің?
– Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
– Жарайды, ал өзің аш жүресің бе, не жейсің енді,- деп сұрайды хазіреті.
– Аш жүріп, сабыр сақтаймын, - дейді құл.
Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық» — дейді де, құрма бағын да және осы құлды да қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге құлға сыйға тартады. Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
– Абдуллаһ, Сен қазір одан да жомарт болдың.
– Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім емес пе? — деген екен Абдуллаһ хазірет.
• Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомарттығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады?
• Өздерің жомарттық танытқан кісілерді кездестірдіңдер ме?
Иә, балалар, адам бойындағы сезімталдық, қамқорлық қасиеттер - риясыз көңілмен өзінде барымен бөлісуге жетелейді. Ал зәру адамдарға қол ұшын беру – кеңпейілділіктің белгісі.
«Жұптасайық, біз бірге» (Жұптық жұмыс)
Жағдаяттарды оқып, шешімін табу
1 - тапсырма
Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің?
2 - тапсырма
Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің?
3 - тапсырма
Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып - жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің?
4 - тапсырма
Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен дү - кеннен нан алып келе жатқанда бір 5 - 6 жасар жылап тұрған қызды кездестір - дің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің?
5 - тапсырма.
Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұр - гүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің?
«Жанды анкета» (Жеке жұмыс)
– Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
– Бүгін сабақта не ұнамады?
- Сабақтан қандай әсер алдың, не түйдің?
Сабағымыздың түйіндемесі
• Зәру адамдарға қол ұшын беру - кеңпейілділіктің белгісі.
• Жаны жомарт, қолы ашық адам кез келген ортада сыйлы болады.
• Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
• Әрбір жақсы ой, ізгі істерің өзіңе жақсылық болып оралады.
• Айналаңа жақсы, игі іс жасасаң, жаның жай тауып, өзің қуанышқа бөленесің.

Үйге тапсырма
Кеңпейілділік пен жомарттық танытып жүрген азаматтар туралы мәліметтер жинастыру, олардың суреттерінен коллаж жасап келу.
Соңғы тыныштық сәті
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
- Мінеки, балалар, біздің тағы да бір қызықты, өнегелі сабағымыз аяқталғалы тұр.
Мен ойлаймын біз бүгінгі сабақта біраз маңызды адами құндылықтармен таныстық. Балалар сабағымыздың соңғы тыныштық сәтінде мен мынадай «алтын сандық» алып келдім. Мына сиқырлы сандықты ашып, ішінен сіздер ақкөңіл, жайсаң мінезді, кеңпейіл, жомарт адамның суретін көресіңдер. Оған жақсылап қарап күліп алып, сабағымыздан көтеріңкі көңіл күймен қайтайық! (сандық ішінде айна)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Ы. Алтынсарин “Атымтай жомарт” Жомарттық пен Сараңдық.
Әдеби шығармадағы байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық секілді ұғымдарды ажыратады, қорытынды пікірлерін дәлелдейді.
Кеңпейілділік пен жомарттық
Кеңпейілділік пен жомарттық
Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру. Жомарттық пен кең пейілділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Бауырмалдық және кеңпейілділік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ. Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Қарым - қатынас жарастығы
Қарым - қатынас жарастығы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сейітова Гүлзада
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Бауырмалдық және кеңпейілділік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Көшербаева Гүлжан Ерболқызы Сабақтың тақырыбы: «Бауырмалдық және кеңпейілділік»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×