Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның ішкі әлемі

12 желтоқсан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік
7 сынып
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал - мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері
Дәйексөз
«Ар ұялар іс қылмас»» Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Әңгімелеу
«Ойлан, балам» Талдау сұрақтары:
● Ел - жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?
● Адамдардың Ұжданмен кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі неде?
• Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды? Олардың ойын, ниетін қалай жақсартты?
● Ұжданның ниетін түсінбегендер жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді? Неліктен?
● Адамдар Ұжданға ұялмай, дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек екен?
● Елдегі тыныш өмірдің орнауының себебі неде?
● Өздерің күнделікті өмірде Ұжданды басшылыққа аласыңдар ма? Қалай?
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:
1 - тапсырма: Сөздіктерден «ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.
2 - тапсырма: Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла...» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып сахналау ұйымдастырыңдар.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Шәкәрім шығармасынан үзінді
Күнделіктеріне жазады.
Жүректен жүрекке
«Мейірімді көздер - ай» Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

Мектеп: «Бейнеу лицейі» КММ
Мұғалім: Таженова Ш.
4 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Өмірдің мәні
Өмірдің мәні
Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік
Ойлы бала озар
Ойлы бала озар
Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді.
Адам абыройы
Адам абыройы
Бұл заманда абыройдың да аты өзгеріп кеткен. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көсе көлденең жатып алатын күдіре желке көк төбет сияқты. Ол да үйдің сорпа – суына мол, дәулетті кісіге бітетін көрінеді?!
Кешірім мен келісім
Кешірім мен келісім
Қасиеттері: мейірімділік, кешірімшіл, адамгершілік Сабақ мақсаты: Кешірім мен келісімге келу дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Денім сау болсын десең
Денім сау болсын десең
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы, Васильковка негізгі мектебінің психологы өзін - өзі тану пәні мұғалімі Абильмажинова Мунира Сайранбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×