Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық қысым

10 мам 2015, Жексенбі
Категориясы: Физика
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері. Торричелли тәжірибесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі, атмосфералық қысымды өлшеуіш құрал барометр туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап
Технологиясы: СТО
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шприц, стакан, қағаз, су, түтіктер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын тексеру
Сабақтың барысы:
Оқушылар біздер бүгінгі сабағымызда «Жүйелі білім» поездымен саяхат жасаймыз. Ол үшін үш вагондағы оқушылармен бөлінеміз. (1 вагон, 2 вагон, 3 вагон)
Алдыңғы тақырыптағы қысым тақырыбымен байланыстырамын. Балалар, өткен сабақта біз қатынас ыдыстар, су құбыры тақырыбын өттік. Осы тақырып бойынша алған білімімізбен жүйелі білім пойызына мініп, сонау қасиетті Түркістан шаһарына қарай саяхат жасайық. Ондағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлесімізді алып қайтайық.
Балалар тарихи мәдени мұраларды зерттеу игеру жөніндегі Президенттің жолдауында айтылған. Осыған байланысты Үкімет «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдаған, енді біз бүгін сабағымызда осы бағдарламаға сай мәдени ескерткіштерге барып, өз үлесімізді қосайық.

I бекет. Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі.
Бұл ертедегі үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның XIY – XY ғасырлардағы сәулет өнері. Оған кіріп аралау үшін үй тапсырмасына жауап берелік.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
«Кім жылдам?»
1 вагон
1. Су құбыры не үшін қажет? Су құбырларының неше түрі бар?
2. Қысым дегеніміз не?
3. Тұрмыстық су құбыры не үшін қажат?
2 вагон
1. Өнеркәсіптік су құбырлары не үшін қажет?
2. Су құбырының құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?
3. Қысымның формуласы?
3 вагон
1. Қатынас ыдыс дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
2. Қысымның өлшем бірлігі
3. Шлюз дегеніміз не?
«Бұл не?» Суретке қарап түсіндір. Себебін айт.

II бекет. Түркістандағы Тайқазан. (Қызығушылығын таныту)
Қазандық – кесененің ортасында орналасқан. 1399 жылы Әмір Темір құйдырған. Көптеген адамдар оған барып тайқазанды көріп, саяхат жасайды. Олай болса, бізде саяхат жасайық, ол үшін тақтағы қаралық.
Сабақ атмосфералық қысымды көрсететін тәжірибе жасаудан басталады.
Тәжірибелер демонстрациясы.
1 – тәжірибе.
Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
2 - тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым. Ендеше бүгінгі тақырып «Атмосфералық қысым»

III бекет. Түркістандағы Арыстан баб кесенесі. Жаңа сабақ.
Бұл ертедегі үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның IX – XII ғасырлардағы сәулет өнері. Ендеше бұл кесенеге кіріп аралау үшін жаңа тақырыпты тыңдайық
Жаңа сабақ
■ Атмосфера – Жердің ауа қабаты.
■ Атмосфераның құрамы:
78%- азот, 21%- оттегі.
• Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
Атмосфера су бетінен төмен қарай бағытталған қысыммен әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысым барлық бағыттарға бірдей беріледі, міне суды поршеньмен ілестіре көтеретіні осы атмосфералық қысым әсерінен екен.
Ал енді 18 ғасырда итальяндық ғалым Торричелли жасаған тәжірибені қарастырайық. Ол ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толыстырылады.
Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сонда сынаптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады.
Торричелли алғаш рет сынап бағанының атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдалана бастады.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күш 105 Па екені белгілі. Атмосфералық қысымның бірлігі - 1 миллиметр сынап бағаны алынады. (1 мм. сын. бағ)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. (барос - ауырлық, метрео - өлшеймін) Қазіргі кезде барометр - анероид кеңінен қолданылады.
Барометр анероидтың құрылысы
1. Дөңгелек жұқа металл қорапшадан
2. Серіппе
3. Беріліс тетігі
4. Көрсеткіш
5. Шкала
Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады екен.

Толық нұсқасын жүктеу
5 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылы, С. Жиенбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Қоянбаев Саламат Елемесұлы
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Физика пәні мұғалімі Кайдарова Гульнара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×