Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№ 11 жалпы білім беру орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна

7 сынып Сабақ тақырыбы: Архимед күші
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу;
ә) дамытушылық: оқушыларға Архимед заңы ұғымын дамыту. Оны есептер шығаруда, техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
б) тәрбиелік: оқушыларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СТО элементтері, кітаппен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: бағалау парақтары, интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті заттар./ су, стакан, доп, ермексаз/, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 - минут) 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу 2. Оқушыларды 1, 2, 3, 4 санағы арқылы төрт топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
1. Сұрақ – жауап әдісі (5 - минут)
1. Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
2. Э. Торричелли жасаған тәжірибесінің мәнісі неде?
3. Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
4. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді?
5. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал не деп аталады?
6. Атмосфераның ең төменгі қабаты не деп аталады?
7. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
8. Атмосфералық қысымның бірлігі неге тең?

2 - тапсырма. Тест жұмысы. (5 минут) 1. Тығыздықтың өлшем бірлігі?
А) м/с
Ә) м3
Б) сағ
В) кг/м3
2. «Көптің күші – бірлікте» деген аталы сөзде қандай ұғым қолданылады? А) күш
Ә) уақыт
Б) масса
В) инерция
3. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады?
А) ауырлық күші
Ә) серпімділік күші
Б) қысым күші
В) үйкеліс күші
4. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің.... да тәуелді.
А) қысымына
Ә) көлеміне
Б) ауданына
В) ұзындығына
5. Қатаңдықтың өлшем бірлігі:
А) м3
Ә) км/сағ
Б) кг/м3
В) Н/м
6. Нормаль қысым күшін... әрпімен белгілейді.
А) N
Ә) µ
Б) R
В) p
7. Гук заңын өрнектейтін теңдеу...
А) Fa=mg
Ә) F=µN
Б) F=kx
В) p=m/V
8. Газға не сұйыққа түсірілетін қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің заңы:
А) Ньютон
Ә) Паскаль
Б) Аристотель
В) Гук
9. Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшеу үшін... қолданылады.
А) барометр
Ә) манометр
Б) сфигмоманометр
В) анероид
10. Қатынас ыдысқа жататын ыдысты ата?
А) шелек
Ә) кесе
Б) шайнек
В) тостақ

III. Жаңа сабақ. (12 - минут)
Біз күнделікті тұрмыста, айналамызда суда жүзіп жүретін денелерді көптеп кездестіреміз. Мысалы, кемелердің, қайықтың, салдың суда жүзуі т. с. с. Сонда денелердің сұйықтықта жүзу себебі неде? Адам аздап малти білсе, су оның жүзуіне ықпал етеді. Бұдан, су өзіне батырылған денеге әрекет етеді деп айта аламыз.

Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед есептеп шығарған. Архимед (б. з. б. 287 - 212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед туралы аңыз.

Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады. Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Сірә, жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.

Архимедтің ашқан жаңалығының мән - мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Біз ыдысқа құйылған сұйық ыдыс қабырғаларына және ыдыс түбіне қысым түсіретінін білеміз, ал сұйықтың ішіне қатты дене салып қойсақ оған да қысым түсірлетінін білеміз. Ішіне батырылған денеге сұйық тарапынан әсер ететін қысым күштерін қарастырайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 424
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтауды үйрете отырып білім және білік дағдыларын қалыптастыру.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Қысым тарауын қайталау
Қысым тарауын қайталау
Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды. Ұя су бетінде жел қалай соқса, солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады. Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады? Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Архимед күші
Архимед күші
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алажиде орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тойболдиева Шолпан Есімбекқызы
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәні мұғалімі Акашаева Л. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×