Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика пәнін ұлттық салт - дәстүрмен байланыстыра оқыту

07 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Физика пәнін ұлттық салт - дәстүрмен байланыстыра оқыту.
Мамбетова Гүлсім Мадениқызы
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, №2 Ертіс ЖОББМ

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі оқушыларға терең де сапалы білім берудің тәсілдерін қарастыру болып табылады. Халық педагогикасы халқымыздың жас ұрпақты тәрбиелеудегі білімінің, біліктілігінің, тәжірибелерінің, танымдық әрекеттерінің, дағдыларының жиынтығынан тұратын педагогикалық ұлттық қазына. Халық педагогикасының негіздерін физика сабақтарында қолдану - білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой - пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейтін үдеріс болып табылады.
Қазақтың әдет - ғұрып, салт - санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Мысалы:
Отқа темір қайнатқан
Пұт балғаны ойнатқан
Нанша илер темірді
Ұста болар ма екенсің! -
деген бесік жыры мен өлең жолдарында жылу құбылысына тән қайнау процесі, темірдің балқуы мен балғаның көтерілуі кезіндегі дене энергиясының бір түрден екінші түрге айналуы, темірді соққан кездегі дененің түрлі пішінге келіп, деформациялануы сияқты көптеген физикалық құбылыстар айтылады.
Ұлттық қару - жарақ - садақты алатын болсақ, садақтың атылу кезіндегі жіптің керілуі, серпінділік күшінің пайда болуы, доғаның иілуі, жебенің екпін алуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар ер азаматтарға тән мергендіктің ерекше қасиеттері мен ержүректілігі де баяндалады. Қазіргі кездегі садақ ату спортының дамуы туралы мәлімет беріледі.
8 сыныпта "Жылу өткізгіштік" тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, тұлып, ішік, тымақ тігіп кигендігін түсіндіру керек. Киіз үйге ақ киіз жабатынын, не себепті жазда ақ жаулық, ақ киім киетінін, қыста қара киім кию, сондай ақ киіз үйдің іргесін түру, түндігін ашып қою сияқты нақты мысалдар арқылы дәлелдесе оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
«Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал - мәтелдерді мысал келтіріп, талдатуға болады.
1. Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәні: Жіберген қатеңді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп - салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.
3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәні: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса, температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
4. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады.
5. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
6. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл - ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.
7. «Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
8. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.
Осындай ұлттық тәрбиеге негізделіп жүргізілген жұмыстар арқылы ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелер мен тәлімді тәрбиені, адамгершілік қағидаларын оқушылар бойына сіңірудің мүмкіндігі мол.

Қорытынды
Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық, ұлттық салт - дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу. Сабақты тартымды, қызықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына, талантына, біліміне байланысты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға, тәжірибе жасап, оған қорытынды жасай білуге, сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса, қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін ұғым түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Ғасырлар бойы күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана береді
3 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Физика пәнін оқытуды мақал - мәтелдерді пайдалану
Физика пәнін оқытуды мақал - мәтелдерді пайдалану
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш селосы, Жамал Ермегияев атындағы мектептің физика пәні мұғалімі Смаков Қанағат
Физика және астрономия пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту
Физика және астрономия пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту
Мұғалжар ауданы, Қ. Жұбанов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мустакова Динара Жомартовна
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×