Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тренингте ұйымдастырылатын психологиялық ойындар

24 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Тренингте ұйымдастырылатын психологиялық ойындар
Қазір барлық адам жігерлендіру (мотивация) мен көңіл аударуға (внимание) зәру. Көп жастар бір істі бастайын десем мотивация ала алмай жүрмін, яғни кірісіп кетуіме түрткі болатын ештеңе табылмай жүр деп шағымданады. Сұранысқа орай, ұсыныс та бар. Жер - жерде түрлі тренинг өткізу сәнге айналғалы қашан. Тренингтер әзіл айтумен басталып, жан мен сананы сергітуге арналған ойындармен қыза түседі. Ал күндердің күнінде сізге де аяқ асты ел алдында сөйлеуге тура келетін жағдай туса, тыңдармандарды қалай қызықтыруға болады? Біле жүріңіз.
Алдымен таныстықтан бастайық. Мұның өзін қызықты сауыққа айналдыруға болады. Екі тәсілін ұсынайық:
– Отырғандар алдымен өз атын айтып, содан соң жанындағы жанға мадақ сөз айтады. Тізбек осылай соңына дейін жалғаса береді. Мысалы: Менің есімім – Кербез, (оң жағында отырған) Маржан – нәзік қыз. Келесі қатысушы: Менің есімім – Маржан (оң жағында), Азамат – салмақты жігіт. – Бірінші адам өз есімін және есімінің бас әрпінен басталатын өзіне тән сын есім айтады, жанындағы адам көршісінің айтқанын қайталап және өз атын айтады. Мысалы: Мен – Ермекпін, Ермек – ержүрек. Келесі адам: Ермек – ержүрек. Мен – Әлимамын, Әлима – әдемі. Үшінші адам: Әлима – әдемі. Мен – Ғарифолламын, Ғарифолла – Ғажап. Осылай жалғаса береді.

Одан соң қатысушыларға қалта толы кәмпит (не басқа да тәтті) беріңіз. Біреуі барлығына үлестіріп шыға ма, өздері бөліп ала ма – оны еріктері білсін. Тек басты шарты: тәтті ешкімге жетпей қалмауы керек және қалтаны босату қажет. Талап орындалған соң, келесі шартымен таныстырасыз. Кімге ең көп тәтті түскенін анықтаңыз. Біреуге 2 кәмпит, біреуге 5 кәмпиттен тиюі мүмкін. Енді ең көп тәтті алған адам қолындағы кәмпитінің санына қарай өзінің жақсы қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: 4 кәмпиті болса, мен ақкөңілмін, сабырлымын, мейірімдімін, жайдарымын деп өзінің төрт жақсы қасиетін айтуы тиіс.

Тәттілер бір жағынан ойынға арқау болса, екінші жағынан бақыт гормондарын көбейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тренингті асқан құлшыныспен тыңдауға жетелейді.

Келесі ойын – телефон. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ұйымдастырушы неше топ болса, сонша жаңылтпаш дайындап әкелуі керек. Ойыншылар бірінің артына бірі қатарға тізіліп тұрады. Бірінші тұрған адамға жаңылтпаштарды сыбырлап айтасыз. Барлығы толық естіген соң, топтар ойынды бірге бастайды. Әп дегеннен жылдамдатып артында тұрған адамға жаңылтпашты сыбырлап айтып жеткізуі керек. Қай топ бірінші аяқтап және қатесіз айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Жаңылтпаш қатардың соңына дейін жеткенше, сан құбылып, бастапқы қалпынан мүлде өзге сөздер шығады.

Түйін: жаңылтпаш сияқты кез келген жаңалықты әркім әрқалай естиді, әркім өз шамасынша түсінеді, әртүрлі қабылдайды, басқа адамға естігенінен басқаша жеткізеді, мұны қате екенін өзі де білмеуі мүмкін. Сондықтан естіген сөзіміздің барлығын шын деп қабылдауға болмайды.

Тренинг соңына қарай қатысушыларға әртүрлі қанатты сөздер жазылған қағаз таратып беріңіз. Тек мұнда авторы көрсетілмеуі тиіс. Шарты: осы нақыл сөздің авторы кім екенін өзі тауып не гуглге жазып, сол тұлғаның өмірбаянымен танысуы тиіс. Әр тұлғаның өмірінде үлгі аларлық, мотивация боларлық қасиеттер кездеседі.
Дереккөзі: massaget. kz
10 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Стреске қарсы жаттығулар
Стреске қарсы жаттығулар
Тренинг басында қатысушыларға түрлі - түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Мен және менің есімім
Мен және менің есімім
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, "М. Әуезов атындағы орта мектебі"КММ мектеп психологы Азимбаева Ғалия Қажиевна
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Кәсіби «Мен» тұжырымдамасы – қарым - қатынас тренингі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы, №11 «Балауса»балабақшасының педагог – психолог Айсұлу Пазылова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×