Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрлет, төрлет жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2025 жыл)

17 қараша 2024, Жексенбі
Категориясы: Сценарий
Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл!»
Балалардың орындауында «Мақтақыз» көрінісін тамашалайық!
Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»
Раушан:
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді
Айым:
Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді
Дана:
Қыста боран болады
Қыздар шәлі орамал оранар
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімді сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынын Лунтик - Сымбат, Ара - Қымбат шағады да:
Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Айдан келдым
Досымды да ерте келдім
Сендермен ойнап – күліп
Көп қызыққа батар едім
Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю - Гүлжан мен Маша - Гүлжүзім шығады.
Лунтик: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Қасыма ертіп қызымды
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Барлығы қол ұстасып, билейды. Сол кезде қуана Смешариктер келеді. Смешариктер – Балсекер, Гүлжамал, Айгүл.
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді
Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі қосылып, билейді.
Бәрі Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту - у - у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз - ата мен ақшақар кіреді. Аяз - ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз - ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз - ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз - ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз - ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз - ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Смешарик сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз - ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 - 2 - 3
«Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.
Ортаға тақпақтармен:
Т. Әмина:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
Мадина:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Аяжан:
Төбемізде қарғалар,
Әрлі - берлі жүрді ұшып.
Шыршамыз тұр жасынып
Ойыншықтар тізіліп.
Көз алмай біз тамсанып
Қарап тұрмыз қызығып.
Дария:
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, шекері
Орасан көп сияқты.
Петр:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Тәрбиеші:
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Ақшақар» биін тамашалайық!
Айым:
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Нұрайым:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Бауыржан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің.
Раушан:
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Айрат:
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Ән: «Шырша жыры»
Іңкәр:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!
Әсем:
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Динара:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Дана:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән - жырды.
Гүлзира:
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Тәрбиеші: Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!
Аружан:
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы
Аяз шымшып қояды
Ақ құшағын жаяды
Қайсар:
Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.
Урсула:
Сақалының ұзын – ай
Саудыраған мұзын – ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы – ай.
Бекзат:
Шыршамызды әсемдеп,
Ән шырқаймыз билейміз.
Өзімізде күлімдеп
Жабырқауды білмейміз.
Гүлжаухар:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Н. Амина:
Билейміз де ойнаймыз
Балғын ұл - қыздар.
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар.
Ер балалардың орындауында «Гномдар» биі
Нұргүл:
Шанамен, шаңғымен,
Мұздарды сызалық.
Елемей ызғарды
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.
Алинұр:
Ақ қырауға малынып
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Инабат:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Бақытбек:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Сабина:
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Никита:
Без дедушки мороза
Снежинки не летят
Без дедушки мороза
Узоры не блестят.
Петр:
Игрушки разноцветные
Она для нас расвесила
И все глядят на елочку
И всем сегодня весело
Ән: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген - ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А - а бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой!
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
Аяз Ата: А - а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз - ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1. Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды Қар
5. Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым
6. Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды Боран
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге Шана
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
 Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)
389 795
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Кел, кел, жаңа жыл
Кел, кел, жаңа жыл
І сәбилер «Балапан» тобы «Кел, кел, жаңа жыл» атты ертеңгіліктің сценарийі Зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Музыкамен балалар залға кіреді.
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×