Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дымков, Богород ойыншықтары

22 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің
«Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі Төкенова Жайнагүл


Сабақтың тақырыбы: Дымков, Богород ойыншықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дымков, Богород ойыншықтары туралы түсінік беру, ойыншықтардың материалдары, жасалу жолдарын түсіндіре отырып, осы ойыншықтарға тән өрнек элементтерін қағаз бетіне бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық: Өрнек элементтерін салдыру арқылы оқушылардың бейнелеуге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, суретті жұмбақ «ойлан, тап».
Пәнаралық байланыс: Тарих
Құрал-жабдықтары: Түрлі түсті бояулар, қарындаштар, өшіргіш, сурет дәптері

Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
II Қайталау (5 мин)
III Жаңа сабақ (15 мин)
IV Сарамандық жұмыс (15 мин)
V Жаңа сабақты бекіту (5 мин)
VI Сабақты қорытындылау, бағалау (2 мин)
VII Үйге тапсырма (1 мин)

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2. Сыныпта жоқ оқушыларды белгілеу
3. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу
II Үй тапсырмасын сұрау
Керамика дегеніміз не?
Зергер деп кімді айтамыз?
Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлері бар?
Оюшы (өрнекші) деп кімді айтамыз?
Ою-өрнектің қандай түрлерін білесің?

III Жаңа сабақ
Дымков ойыншықтары. Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың бірі – орыс халқының тамыры терең мәдениетіне тоқталып көрейік.

Дымков кәсіпшілігі – Ресейдегі саз балшықтан ойыншықтар жасайтын ең ірі орталық. Әрине, бұл сөссіз ең танымал және әйгілі кәсіпшіліктің түрі. Бұл кәсіпшілік Вятка деген ескі қалада орын тепкен.
Бұрын ерте заманда Вятка тұрғындары көктемде «Свистопляска» атты той жасайтын болған. Бұл мерекеге арнап көзешілер саз балшықтан жасалған ойыншық ысқырықтар, дөңгелек сылдырмақтар әзірленген. Кейінірек бұл кәсіп дами түсіп, көлемді өнеркәсіп пайда болды. Ойыншықтар арнайы пештер мен ошақтарда күйдіріліп жасалды. Сондықтан саз балшықтан жасалған бұл ойыншықтар Дымков ойыншықтар («Дымков» - түтін) деген атау алған.

Көзешілердің ойыншықтары әлі күнге өзінің оюларының анықтығы мен сұлулығын сақтап қалған. Көптеген элементтердің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түсті толқынды сызықтар – су, үзілген сызықтар – кесілген бөрененің дөңес шеті, ортасында жұлдызшасы бар шеңбер – Күн мен аспан денелері.

Дымков ойыншықтарының өзіне тән үндестіктегі бейнелерді деп су тасушы, күтушілер, гусарлар, үйректер, сиырлар, «Барыня» қуыршақтарын айтуға болады. Өрнектердің түстік қатары жылы және суық түстердің көп болуымен анықталады. Сары, қызғылт сары, қызыл түстер элементтерінің ашықтығы көк және жасыл түстердің азғана элементімен күшейе түседі.

Қазіргі таңда Дымков ойыншықтарын Вятка қаласының өзінде жасап шығарады. Ал қала шетіндегі көне Дымков өнеркәсібі ашық аспан астындағы мұражай болып тұр.
Қазір Дымков ойыншықтарын жасайтын көзешілердің бірқатар талапты шәкірттері бар. Бұл жерде дәстүрдің сақталу заңдылығы айқын көрінеді.

Богород ойыншығы. Ресей жеріндегі Сергиево-Посада қаласы маңында, биік таудың ортасын Богород атты село жайлаған. Ежелден бері село тұрғындары ағаштан жасалған ойыншықтар және мүсіндеу шығармашылығымен айналысқан. Тарихқа жүгінетін болсақ, богород ағаш ою кәсібі XVI – XVII ғасырларда пайда болған.

Богород ойыншықтары. Богород ойыншықтары мен мүсіндері ағаштың жұмсақ түрлерінен жасалынған. Жұмысқа арналған негізгі құралдар – балта, әр түрлі пышақтар.
Мүсіншілер өздерінің ойларын таза, боялмаған ағашқа сала білген. Бұл ойыншықтар арқылы біз орыс халқының өткен ғасырдағы өмірін көре аламыз. Мысалы: бикештер, шенеуніктер, гусарлар, шаруалар бейнесі.

Қазіргі заман талабына сай Богород селосында кәсіптік-техникалық мектеп бар. Оқу орны барлық қажетті механика-техникалық құралдармен жабдықталған. Тәжірибесі мол ұстаздар жас шәкірттерді үйретіп, өнер жолына баулиды.
Сарамандық жұмыс. Оқушылар Дымков ойыншықтарының өрнек элементтерін салады. Өрнектерді сала отырып, суретті жұмбақ, тест жұмыстары жүргізіледі.

Суретті жұмбақ «Ойлан, тап»
І Суретті жұмбақ "Ойлан тап"

«Ойлан, тап» суретті жұмбақтағы аңдар мен құстар атаулары:
Түлкі, піл, қоян, аққу, қолтырауын, аю, ит, бірқазан, тырна, үйрек, мысық, елік, құтан, буйвол.


Тест тапсырмасы
1. Богород ағаш ою кәсібі қай ғасырларда пайда болған?
А) XVI – XVII
в) XI – XII
с) XIX – XX
2. Богород ойыншығы қандай материалдан жасалады?
А) Жұмсақ ағаш
в) Саз балшық
с) қыш
3. Дымков ойыншықтары қай қалада жасап шығарылады?
А) Самара
в) Вятка
с) Ростов-на-Дону
4. Дымков ойыншықтары қандай материалдан жасалады?
А) Саз балшық
в) ағаш
с) металдан

Бекіту.
1. Дымков ойыншығы туралы не білесің?
2. Богород ойыншығы туралы не білесің?
Қорытынды, бағалау.
Үйге тапсырма: Дымков ойыншықтарын бейнелеп, өрнектерін салу.
13 758
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Қар суретін салайық
Қар суретін салайық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Мамбетжанова Роза Жаңабайқызы
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
Жіппен бейнелеу «Тұмар»
ШҚО Ұлан ауданы Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ технология пәні мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×