Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қытай өнері

30 мам 2021, Жексенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: Қытай өнері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
  • Араб тұрмыс тарихының пайда болуын жазған ғалымдар?
  • Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
Елдегі феодалдық құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды. Бұл уақытта новелла, роман секілді әдеби шығармалардың жаңа түрі пайда болды. Поэзия мен проза, театр мен музыка, мүсін мен сәулетшілік, кескіндеме мен көптеген қолөнер түрлері дамудың биік сатысына жетті. Шығыс елдеріне қытай философтары мен ақындарын, өнер теоретиктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берген кітап басу өнері қалыптасты. Сонау алыс дәуірлердегі білім мен ілімді таратушылар, басқа елдердің өмірін зерттеп, сол елдерге өз білімін жеткізу үшін ұлан - ғайыр жерлерді аралап, түрлі қиыншылықтарды бастан өткізген саяхатшы ғалымдар және дәруіш монахтар еді.
Қытайдағы орта ғасырлық халықтық наным - сенімдерден тұратын, өте ертеден келе жатқан көптеген секталар мен діни мектептер арқылы айқындалды. Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса, бірде каллиграфия мен кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесе буддалық пластикамен және аспан әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен байланыстырылды.
Табиғатты бейнелейтін қытай картиналарының бәрін пейзаж деп қарауға болмайды. Таулар мен сулардың классикалық формадағы бейнесімен қатар, өзге де формалар — табиғат фрагменттері немесе оның жекелеген құбылыстары да беріледі. Оған Қытайдағы "гүлдер құстар","өсімдіктер - жәндіктер" деп аталатын кескіндеме жанры секілді табиғаттың сұлулығын ашып көрсететін белгілі бағыт жатқызылады. Бұл жанрдың шығармалары тек орама қағаздарда ғана емес, сондай - ақ төртбұрышты альбом парақтарында, шымылдықтар мен желдеткіш перделерінде жазылады. Бірде шымшық торғайды бейнелесе, бірде лотос гүлінің жалпақ жапырағында отырған шырыл - дауық шегірткені көрсетеді. Қытай суретшілері осылай ашылып келе жатқан гүлдің немесе аңның әрбір қимылын үлкейткіш шыны арқылы қарағандай дәл, бейнелеп көрсетуге, сол арқылы кішкентай сахнаға табиғаттың тұтас картинасын сыйғызуға тырысқан. Ортағасырлық қытай кескіндемесі өзінің сан түрлілігімен, жаратылыс сырын нәзік те терең түсіне білуімен ерекшеленеді. Дүниетаным мен ұстанымдарының терендігі қытайдың ортағасырлық мәдениетінің белгілерін бүгінгі күнге жеткізді, күр жеткізіп қана қоймай, оны бар сән - салтанатымен түсінікті, тым жақын етіп көрсетті. Әрине, ұзақ, мерзімді қамтыған орта ғасырдың барлық кезеңдері қытайдың өнері мен мөдениеті үшін жемісті болды десек, қателесеміз.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2. Акишев А. К. Искусство и мифология саков. Алма - Ата, Наука, 1985.
3. Акишев К. А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б. А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма - Ата, Онер, 1983.
1 735
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретшілер қоғамының  жұмыстары
Суретшілер қоғамының жұмыстары
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Суретшілер қоғамының жұмыстары туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Италиядағы жоғарғы ренессанс
Италиядағы жоғарғы ренессанс
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Италиядағы  жоғарғы  ренессанс. Микеланджело, Леонардо  да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы туралы түсінік беру.
Готикалық өнер
Готикалық өнер
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Готикалық өнер туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Ежелгі гректердің баға жетпес өнердегі үлесі
Ежелгі гректердің баға жетпес өнердегі үлесі
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Ежелгі гректердің баға жетпес өнердегі үлесі туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Жіппен бейнелеу өнері
Жіппен бейнелеу өнері
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, еңбек пәнінің мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×