Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ежелгі гректердің баға жетпес өнердегі үлесі

11 мам 2021, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: Ежелгі гректердің баға жетпес өнердегі үлесі туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
  • Египет өнері?
  • Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
Б. З. б. V ғасырдың алғашқы он жылдықтарынан бастап Ежелгі Эллада мәдениеті өзінің шырқау шыңына шық­ты. Аса қауіпті Персиямен соғыс /б. з. б. 500 - 449 ж. ж./ грек халқына қатал тарихи сын болды. Парсы әскерлері Грек аумағына басып кіріп, қалаларды қиратты. Грек - ­парсы соғысының барысында грек қалаларының теңіз одағы қалыптасты, оған екі жүзге тарта мемлекет кірді. Мұнда бірінші орынға Афина ие болды. Бірте - бірте осы тең құқылы қалалардың одағы державаға айналды. Афиналықтар одақтастарына өз үстемдігін жүргізе бастады. Афина басты флот болды. Афинамен одақтас мемлекет­терде демократиялық құрылыс, ал Спартаны қолдаған қалаларда олигархиялық құрылыс жеңіп шықты. Афина мен Спартаның тайталасы одан кейін б. З. б. V және ҮІ ғасырлардағы Грекияның тарихын айқындап берді. Б. З. б. V ғасырлардың ортасындағы Афинаның гүлденуі /б. з. б. 444 - 429 ж. ж./ оны Ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айнал­дырып, атақты ақындардың, тарихшылардың, философ­тардың назарын аударды. Афина тұрғындары Дионистің құрметіне өткізілетін /көптеген/ көктемгі мерекелерде Акрополь бауырындағы театрға жинала­тын. Ең кедей азаматтар үшін театр ойын - сауықтарға баруға арнаулы жетон берілетін. Грек трагедиясы мифтік тұрғыда, қаза табумен аяқталатын. Көрермен­дерге ой салып, адамгершілікке, сезімталдыққа тәрбие­леп, этикалық асыл қасиеттерін нығайтты. Б. З. б. V және ІҮ ғасырларда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты туындылары кейінгі ғасырларда еліктеуге лайық өнерге ие болды: олар классикалық мұра. Б. З. б. V - ІVғасырлардағы өнер грек классикасының өнері деп аталды. Б. З. б. V ғасырдағы сәу­лет өнері архаика сәулетінде қалыптасқан. Дорлық ор­дер храмдары жетекші орын алды. Бұл белгілер б. з. б. V ғасырдың екінші ширегінде Ита­лияның оңтүстігіндегі грек отары Пестум қаласында са­лынған тәңірия Гераның храмынан жете көрінеді, бұрын­ғы ол теңіз тәңірісі Посейдонның храмы деп есептелген. Аумағы 60х24 м2 ғимарат алып жатыр. Құм қайрақтан қаланған. Шатырды сүйеп тұрған колонна дорлық храмға тән үш баспалдаққа тірелген. Храмды қоршаған колонна­лар мұқият ойластырылып жасалған. Қарсы бетінде - ал­тау, ұзына бойына - он үш. Гера храмы классикалық сәу­лет өнеріне тән белгі.
Мирон штаты архаикалық өнер дәстүрлерінен қол үзіп, қимыл - қозғалысты беруде таңғажайып шеберлікке жетті. Ол жасаған жеңімпаз атлеттер мүсіндері ерекше танымал болды. Мирон мүсіндерінің көбісін қоладан құйды. Мирон өз өмірінің көбісін Афинада жұмыс істеумен өткізді, шығармасының гүлденген шағы б. З. б. V ғасырдың екінші ширегі еді. Оның шығармалары­ның көпшілікке ең танымалысы - б. 3. 6. 460 - 450 жыл­дар арасында жасалған "Диск лақтырушы мүсіні", ол атлетикалық жарыс жеңімпазын мадақтайды. Диск ұстаған қолы барынша кейін қарай қайырыл­ған. Жалаңаш балғын жігіт еңкейе алға ұмтылған. Миронның жаңашылдығы - грек өнерінде алғашқы­лардьщ бірі болып, мүсін өнерінде қимыл әсерін бере алғандығында.
Поликлет - грек мүсіншісі әрі өнер теоретигі. Б. З. б. 480 ж. шамасында туған. Шығармасы 460 - 410жж. гүлденген. Б. З. б. V ғасырдың аяғында дүние салды. Ертедегі жазушылар мәліметтеріне қарағанда, Поли­клет мүсіншісі Агеладтың шәкірті болған. Шебер алтын мен піл сүйегінен алып діни мүсіндерді сомдау­мен айналысқан. Поликлеттің "Амазонка" атты еңбегі Фидий, Креселай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде бірінші орын алды. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған.
Поликлет дененің барша мүшелерінің мөлшерімен олардың өзара қатынасын математикалық тұрғыдан дәл есептеген. Мүсінші "Канон" /яғни "ереже"/ атты теория­лық трактат жазып, онда адам тұлғасының пропорция­лары туралы ойларын баяндады.
Грек атлеттерінің ежелгі замандардан бастап жарыс­тарға жалаңаш түсетін дәстүрі өнерді өркендетуде ма­ңызды рөл атқарды. Мүсіншілер мен суретшілер жігіттердің жалаңаш денесін көріп, олардьң сұлу сымбатына, бұлшық еттеріне қызыға қарап, адам қимылы мен дене пропорцияларын сақтап сомдай бастады. Архаикалық өнердің ең ертедегі ескерткіштерінің бірі ­б. з. б. ҮІІ - ҮІ ғасырлар шамасында тарғыл мәрмәрдан жа­салған күрстың мүсіні. Курстар - жігіт, бозбала деген мағына білдіреді. Ол Сунион мүсініндегі теңіз тәңірі По­сейдон храмының маңынан табылған.
Ежелгі Мысыр мен грек архаикалық ырғақтығына тән мусінді адам денесініц букіл мөлшері профиль мен фас жазықтығы арқылы берілетін. Мұндай әдіс мүсіншіден архаикалық өнерде устем болып келген тұтас қамту бейненің тік тұрған қалпы мен пішінді құрастыруда сим­метрия принциптерін сақтауды талап еткен. Курстардың архаикалық мусіндерінің мысырлық туындылармен ұқсас­тығын тіпті ежелгі жазушылар да атап өткен. Өлгендердің бейітіне құлпытастар мен бедер бейнелі тақта тастар - стеллалар қойылған. Храм фронтондары, метополары мен фриздері сәндік мүсіндермен әшекейленді. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшық ­Терракотадан жасалған. Терракота - итальян тілінен аударғанда күйдірілген топырақ немесе балшық деген мағына береді. Б. з. б. ҮІ ғасырдың екінші жартысында Самос аралынан кейін Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйыл­ған түңғыш мүсіндер дүниеге келді. ҮІ ғасырдың алғаш­қы жартысында мәрмәр тастар кеңінен тарады. ҮІІ ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізгі бейнесін жасау - жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оралған әйелді мүсіндеу.
Б. з. б. ҮІ ғасырда Аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афина Элладаның аса маңызды қолөнерлік және сауда қалаларының біріне ай­налды. Писистрат заманынан бастап Афина грек мәде­ниетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта бастады. Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты. Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақтал­ған жоқ, Афина керамикасы Афиналық экспорттың дәстүрлі өнімдері - май мен жүзім шарабы сияқты кең сұранымға ие болды, бүкіл грек әлеміне тарады. Б. З. б. ҮІ ғасырдың орта шенінен V ғасырдың ортасына дейін, Афиналық құмыралар басқа қалалардың бұйымдарын ығыстырып отырды. Қара пішін стилінің аса ірі шебері - б. з. б. ҮІ ғасыр­дың үшінші ширегіне жататын Эксекий болды.
Өз құмыраларына ол әдетте "Эксекий жасады" деп қол қоятын. Оның таңдаулы шығармаларының бірі­б. З. б. 540 жыл шамасында жасалған таңғажайып килик /шара/. Эксекий ұнататын сюжеттер - Геракл ерліктері, грек аңызына айналған жауынгер әйелдер. Амфоралардың бірінде суретші Ахилл мен оның досы Аякстың асық ой­нап жатқанын бейнелеген.
Амфора тұтқасы мәнерлеп салынған жапырақтармен өрнектелген. Композициялық шешімі тамаша құрыл­ған. қызыл пішінді құмыра өрнегі б. з. б. ҮІ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап, ҮІ ғасыр бойында да­мыды.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2. Акишев А. К. Искусство и мифология саков. Алма - Ата, Наука, 1985.
3. Акишев К. А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б. А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма - Ата, Онер, 1983.
862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретшілер қоғамының  жұмыстары
Суретшілер қоғамының жұмыстары
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Суретшілер қоғамының жұмыстары туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Италиядағы жоғарғы ренессанс
Италиядағы жоғарғы ренессанс
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Италиядағы  жоғарғы  ренессанс. Микеланджело, Леонардо  да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Италиядағы жоғарғы ренессанс. Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармашылығы туралы түсінік беру.
Қытай өнері
Қытай өнері
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Қытай өнері туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Готикалық өнер
Готикалық өнер
Дәрістің мақсаты. 1. Білімділік: Готикалық өнер туралы түсінік беру. 2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жәдиева Ләззат Шынтасқызы Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті мен өнері. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әр түрлі елдер мен халықтардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×