Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты бейнелеу

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтың жоспары
Бейнелеу өнері Сыныбы: 5

Тақырыбы: Табиғатты бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету. Пейзаж жанрмен және қазақ, шетел суретшілерінің көркем шығармаларымен таныстырып, ақын жазушылардың өлеңдеріне иллюстрация құрастыртуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін, жерін, туған өлкесінің табиғатын сүюге, құрметтеуге, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Кескіндеме өнері әрі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау, тапқырлық, шапшаңдық қабілеттіліктерін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Алған білімді практикамен ұштастыра білу сабағы.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекі - құралдар: Иллюстрациялар, репродукциялар, оқулық, слайд презентациялар, аудио дыбыстар.
Қажетті құрал - жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті акварель бояуы
Пән аралық байланыс: Дүниетану, тарих, әдебиет
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтамен жұмыс, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, кезекшіні тағайындап,
бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен тақырыпқа шолу(Үлестірме карточкамен жұмыс)
«Миға шабуыл»ойыны бос орындарды өткен тақырып бойынша толықтыр
5 - тік баға 7 - 8 сұраққа жауап берген оқушы
4 - тік баға 5 - 6 сұраққа жауап берген оқушы
3 - тік баға 2 - 4 сұраққа жауап берген оқушы

III. Жаңа сабақ
Проблемалық сұрақтар.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?/көктем/
2. Көктемнің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін ата?
Топтастыру стратегиясы бойынша оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
1 - Тапсырма: Тірек сызбаны«Мозайка» ойыны арқылы толықтыр
2 - Тапсырма: «Көктем мерекелері» тірек сызбасын «Мозайка» ойыны»арқылы толықтыр.

IV. Сарамандық бөлім: Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұры» өлеңіне иллюстрация құрастыру.
V. Қорытынды. Ұлттық ойын «Бәйге» сынып 2 топқа бөлінеді. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.
VI. Көрме ұйымдастыру, бағалау. Оқушылардың орындаған жұмыстармен көрме ұйымдастырып, кеткен қателерін айтып, талдау жасап, бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Салқын түстермен туған жердің көктемін бейнелеу.
II. Өткен тақырыпты қайталау.

1. Мүсін дегеніміз не?
2. Мүсіндеуде пайдаланатын материалдарды ата.
3Адамды мүсіндеу неше түрге бөлінеді?
4. Адамның тұлғалық мүсіні қалай аталады?
5. Қазақтың тұңғыш профессионал мүсіншісін ата?
6. Сазбалшықпен және ермексазбен жұмыс жасау кезінде не пайдаланылады?
7. Рельеф нешеге бөлінеді?
8. Рельеф дегеніміз не?

1. Кеңістікте сомдалған көркем шығарма..
2. Ағаш, темір, мәрмәр, қола, мыс, сүйек, гипс, тас, ермексаз, сазбалшық.
3. 2 түрге: 1 - кеуделік, 2 - тұлғалық.
4. Статуя.
5. Хакімжан Наурызбаев.
6. Қаңқа.
7. 2түрге бөлінеді: барельеф, горельеф
8. Тек бір ғана жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтықтың бетіндегі мүсіндік бейне.

III. Жаңа сабақ
Проблемалық сұрақтар.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?/көктем/
2. Көктемнің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін ата?

Топтастыру стратегиясы бойынша оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
1. Тапсырма: Тірек сызбаны«Мозайка» ойыны арқылы толықтыр

Бәйшешек
2. Тапсырма: «Көктем мерекелері» тірек сызбасын «Мозайка» ойыны арқылы толықтыр.
Жалпы табиғат көріністерін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау керек. Табиғат көріністерін ауа райының өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Таңсәрі, түс, кеш, түн, т. б және жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісін бейнелеп салғанда түстік бояу шешімін табу, әр кезде біздің жанымызда түстер шеңбері болуы керек. Одан кейін перспективалық заңдылықтарды қолдануымыз керек.

Табиғат көріністерін бейнелеуде талай суретшілеріміз қылқаламмен, ақын - жазушылар өлең жырларымен жоғары көркемдік талапқа сай шығармалар туғызды. Олай болса, табиғатты жырлаған ақын - жазушыларды атайық?(А. Құнанбаев, І. Жансүгіров)

IV. Сарамандық бөлім:
Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңіне иллюстрация құрастыру

Жазғытұрым
Ақынның «Жазғытұрым» өлеңін тыңдап, оқып, көктемнің тамаша табиғатын көз алдымызға елестетеміз. Ақын нені айқын өрнек тілмен бейнелеген? Балаларға қыстың суық ызғары кетіп, көктемнің жылы лебі келгендігін, жылғалардан су тасып тіршіліктің оянғандығын, жылы жақтан табиғат тазалықшыларының келгендігі туралы, жер аяғының кеңейгендігі жайлы толық мағұлмат беріп, жайдарлы көктемнің келіп, құлпыруына өрнек тілмен көз жүгірткендей.

V. Қорытынды. Ұлттық ойын «Бәйге» сынып 2 топқа бөлінеді. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.
1. Пейзаж жанры дегеніміз не?
2. «Көктем»тақырыбында көркем шығарма жазған орыс суретшісін ата?
3. Туған елінің бай табиғатын шабытпен жырлай білген қазақтың қандай суретшілерін, ақын - жазушыларын білесіңдер?
VI. Көрме ұйымдастыру, бағалау. Оқушылар орындаған жұмыстармен көрме ұйымдастырып, кеткен қателерін айтып талдау жасап, бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Салқын түстермен туған жердің көктемін бейнелеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 877
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Пейзаж «Қар жауып тұр»
Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Бояу түстері арқылы салынған суреттер бойынша оқушының ой - өрісін, қиялын дамыту.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Пейзаж – табиғатты бейнелеу «Шуақты көктем»
Бейнелеу өнері түрлерін жанрларын ажырата білуге, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, нәрсені алыстаған сайын кішірейіп көрсетуді, әрі қатесіз салуға үйрету.
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж - табиғатты бейнелеу
Пейзаж жанры және Ә. Қастеевтің шығармаларымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасау.
Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)
Пейзаж – табиғатты бейнелеу (Гратаж техникасы)
Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу. Гратаж тәсілімен таныстыру.
Пейзаж және портрет жанрлары
Пейзаж және портрет жанрлары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, И Искандеров атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кейинова Чолпаням
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×