Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнерін оқытудағы нобай өнерін игерудің әдістемелік және творчествалық жолдары

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнерін оқытудағы нобай өнерін игерудің әдістемелік және творчестволық жолдары.
Нобайлама іліміне педагогикалық сипаттама. Нобайлама, яғни жаттығу суреті - бейнелеу өнері мұғалімінің ең негізгі сабағының бірі. Осы саладағы суретші - мұғалімнің дайындығы, еркін практикалық, суреттің барлық орындалу жолдарын оқытуға әкеп қиылыстырады.

Оқыту процесіндегі алынған білімдері мен үйренгендері мұғалімге педагогикалық кәсіптікпен қатар бейнелеу өнерінде творчестволық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік туғызады. Оқытудың негізі натурадан қарап салынған, ұзартылған көп сеансты суреттерді құрайды. Дегенмен ең негізгі бөлімі: қысқа мерзімді суретпен жұмыс болып табылатын натурадан салынған нобай, есте түсіріп салынған нобай және елестету арқылы салынған нобай.

Нобайлама - суретші педагогтық суретшілік ой - өрісін жан - жақты байыта түсіреді. Нобаймен жұмыс – көздің өткірлігін, зеректілікті дамытады. Натураны жалпы түрде қабылдауды, қабілеттілікті тәрбиелейді, техникалық қабілеттілікті пайдалануға көмектеседі, жеке даралық графиктік тілді жетілдіреді.

Нобайлама жұмысының процесі натураға қарап жұмыс істеуге негізделгенімен, оның негізіне моделді механикалық көшіру деген сөз емес. Бұл процесс заттардың және табиғат құбылыстарының ішінен ең маңыздылығын табатын образдық жалпылауды кірістіреді.
Жылдам салынған суретке деген творчестволық қатынасты дамытады, сонымен қатар қоршаған ортаның шынайылығын суреттеуді дамытады.

Нобайлама және суреттеме әр түрлі жұмыс атқарады. Олар ұзақ салынатын сурет үшін көмекші жаттығу болып табылады. Ұзақ мерзімді оқу жұмысының алдын алады, сонымен қатар, егерде олар оқып үйренген материалды тексеру және бекіту жұмысын атқарса, онда оқу жұмысын толықтыру болып табылады.

Уақытылы нобаймен жұмыс істеу сурет салып үйрену процесінде үлкен орын алады. Нобай мен суреттеме арқылы жұмыс кезінде орындалу тәртібін анықтайтын, белгілі бір тапсырманы белгілеп алу керек. Егер суретші бір іс - қимылды суреттемекші болса, онда осы бейнені тек бірнеше ғана сызықтар арқылы жобалап көрсете алады. Егер бейненің көлеңке жерлерін, яғни негізгі тондық қатынасын көрсету керек болса, онда жұмсақ қарындашпен сол жерлерді қоюырақ басу керек. Көбіне нобайды кіші көлемде салады. Бірнеше көмекші суреттемелерді бір қағаз бетіне орналастыруға болады.

Өте қарапайым, бірнеше ғана сызықшалармен салынған нобай, композиция жұмысында таптырмайтын көмекші материал болып табылады
Үнемі нобаймен жұмыс, суретшінің қоршаған ортамен тілдесіп, жалпы сурет өнеріне деген қызығушылығын арттырады.

Нобайдың орындалу әдістері. Нобайлама әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалады. Бұл әдіс, тәсілдер сурет салушының алдына қойған мақсаты мен тапсырмасын анықтауға, бейнедегі форманың индивидуалдық ерекшелігін, сурет салу кезіндегі суретшінің психикалық процестерін, бейнелеу құралдарын пайдалану дәрежесін, көркемдік қабілеттілігінің ерекшеліктерін анықтауға зор маңызы бар, мысалға: құмыра, шәйнек, жеміс - жидектер т. б - ды бейнелеу керек,- қарындаштың көмегімен форманың бейнесін бірнеше ғана сызықшалар арқылы көрсетуге болады; құрылыс кезіндегі транспорттық кранның жылдам салынған суретін көрсету керек болса, немесе ауылдық жердегі сарайдың бейнесіне,- тушь пен қаламұшты қолдануға болады; жануарлардың қимылын ұстауға - қарындаш, тушь, күйені пайдалануға болады.
Міндетті түрде ең алдымен жылдам салынған нобайдың әдіс - тәсілдеріне зер салу керек. Нобайдың сәтті шығуына суретшінің мақсаты мен тапсырмасын анық түсіріп білуі ықпал жасайды. Нобаймен жұмыс көбінесе мынадай тапсырмалар мен мақсат талаптарды керек етеді:
- Үй жабдықтарының, пейзаждың, интерьердің, архитектураның (реалистік) шынайы бейнесін оқыту.
- Жануарлар әлемінің шынайы бейнесін оқыту;
- Адамның фигурасын және оның пропорциясын оқу;
- Перспективадағы денелердің құрылысын, жарық көлеңкесін оқыту;
Суретшілер үшін немесе аса дайындалған оқушылар үшін мынадай да тапсырмалар қажет:
- Психикалық мінездемеге ізденіс - эмоцияналдық мәнерлеу;
- Сурет салушының ойындағы ізденістер, яғни түрдің келбеті, прозасы, мимикасымен қозғалыстарының сәйкестігі;

Творчестводағы елестетудің индивидуалдық ерекшеліктері үш түрге бөлінеді:
1) Елестету мен натураны қабылдаудың жанама процесстері Натураны бейнелеу кезіндегі суретшінің әсері, яғни нобайды салу кезінде натураны нақты түсіну құштарлығы көрінеді, суретшіге керегі - бастың иілуі, фигурасы, қолдың ырғағы, түрдің психологиялық мінездемесі.
2) Көздің қабылдау нәтижесінен, - көру дәрежесі дамиды. Бұл жағдайда суретші композициялық жұмыс үстінде натураға жиі - жиі назар аударып, оның негізі характерлі мәселелеріне көңіл бөледі.

Суретші ойдың елестету процесіне жүгіне отырып, көру образындағы натураның мінез - құлқын таңдап алу керек.
Сурет шеберлері нобайларына анализ жасау кезінде мынадай тұжырымға келеді: әрбір суретші нобайды орналастыруда әр түрлі тәсілдері қолдана алады және сонымен қатар натураның көріну процесін өзінше ұйымдастырады. Осы тұжырымның себебінен творчестводағы елестетудің индивидуалдық ерекшеліктері пайда болды.
10 884
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып табиғат көріністерін салу; Қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдап білу;
Үйірма. Сиқырлы бояулар
Үйірма. Сиқырлы бояулар
«Жас суретші» үйірмесі эмоциялық - бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Бейнелеу өнерінің түрлері
Бейнелеу өнерінің түрлері
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері
Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін үйретудің әдістері мен тәсілдері
Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнерін үйретудің әдістері мен тәсілдері
Ордабасы ауданы «Балдырған» балабақшасының әдіскері Омарова Бибигүл Битанқызы
Пейзаж. Қыс көрінісі
Пейзаж. Қыс көрінісі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет пәні мұғалімі Оразова Эльвира Мендикызы
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру, сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×