Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натюрморт жанры

30 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Сурет және сызу
Сабақтаң тақырыбы: «Натюрморт жанры»
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру.
• Нәрселердің әр түрлі көлемін салыстырмалы түрде елестете отырып, әр жазықтарға бөліп, геометриялық бөліктерге дағдыландыру.
• Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.

Сабақтың дамытушылығы:
• Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау.
• Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту.
• Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың тәрбиелік мәні:
• Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
• Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.

Сабақтың түрі:
• Затқа қарап сурет салу.
Сабақтың әдісі:
• Репродуктивті әріс.
Сабақтың көрнекілігі:
• Слайд «Бейнелеу өнерінің- натюрморт жанры».
• Суретшілердің шығармалары, репродукциялар.
• Үздік сурет салатын оқушылардың шығармалары.
• Сөз жұмбақ.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
• Интерактивтік тақта, электрондық маркер, бейнелеу өнері сабағына керекті құралдар.
• Натюрморт заттары.
Пәнаралық байланыс:
• Тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.
Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап арқылы):
• Қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер?
• Қандай әйгілі суретшілерді білесіңдер?
• Қазақтың суретшілерінің қандай туындыларымен таныссыңдар?
• Бейнелеу өнерінің жанрларын ата.

Жаңа сабаққа кіріспе:
Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
• Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу
арқылы суреттейтін өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? Қайталап еске түсірейікші.
• Кескіндеме.
• Графика.
• Мүсін.
• Сәулет өнері.
• Сәндік қолданбалы өнер.
• Дизайн өнері.
Сыныпты үш топқа бөліп аламыз.
І-ші топ – Қылқалам шеберлері.
ІІ-ші топ – Ә. Қастеев шәкірттері.
ІІІ-ші топ – Бояулар әлемінің шеберлері.
- Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп, сұрақ қоямыз. Сендер жауап беріп ұпай жинайсыңдар.
• Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (Түс)
• Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді, ол қандай? (Жылы және суық түстер)
• Хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)
• Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара,сұр).
• Локальдік түс дегеніміз не? (нәрсенің өз түсі).
• Кескіндемелік түс дегеніміз не? (нәрсенің алыс жақындығын, күннің әсеріне байланысты түстерлің өзгеруі).
• Мүсіннің қандай түрлері бар? (монументальды және қондырғылы).
• Түр түс туралы қандай ғылым бар? (колористика).
• Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу).
• Перспективаның түрлерін ата. (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке).
• Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік).

Жаңа сабақты түсіндіру:
- Ал, енді, алдарыңда тұрған заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай
жанрына жатады?
- Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз.
Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.
Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.
Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.
Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.
Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.

Сарамандық жұмыс:
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
Сабақтың қортындысы:
Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп мынандай сөзжұмбақты шешейік. (үш топқа берілетін тапсырма).

Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1.Түстерді зерттейтін ғылым? (Түстану).
2. Түртапқыш тақтайша. (Палитра).
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? (Спектр).
4. Жаратылыстану ғылымына спектрді енгізген ғалым. (И. Ньютон).
5. Су бояуы. (Акварель).
6. Хайуанаттардың суретін салатын суретші. (Анималист).
7. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма. (портрет).
8. Түстердің пайда болуын зерттеген ғалым. (Аристотель).
9. Мата бетіне сурет салу қалай аталады? (Батик).
Үйге тапсырма:
Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін, натюрмортты аяқтау.
Оқушыларды бағалау:
Әр топтың жинаған ұпайларына байланысты бағалау.

Жұмыс орындарын жинастыру.
29 693
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Натюрморт түрлері. Натюрморт құрастыру өнері
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларының бірі - натюрморт жайлы оқушыларды жүйелі таныстыру, және оның түрлерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Натюрморт
Натюрморт
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға натюрморт ұғымын қайталата отырып, толық мағлұмат беру. б) Натюрморт салдыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×