Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл ғажайып дүние

10 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Гүлстан» - атты телебағдарлама

Би. «Тербелген дала гүлдері»
(Дала гүлдері өздері туралы тақпақтарын айтады.)
Жүргізуші: Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп,
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.

Кеш жарық көрермендер және де студия қонақтары!
Біздің –«Гүлстан» атты кезекті телебағдарламымызда қойлып отырған бүгінгі тақырыбымыз «Гүл ғажайып дүние» деп аталады.
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін ең қасиетті де қастерлі ұғым. қазақ халқының бар өмірі табиғат пен байланысты өтіп келеді. сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу де ләззат!
Ендеше, осы тақырып төңірегінде гүл күтімі туралы сұрақтарыңызға жауап алу мақсатында, студиямыздың қонақтарын қарсы алайық. Гүл күту саласында көптеген жылдар бойы еңбек сіңірген, гүл маманы, Гүл күтуші: Динара Муканованы қарсы алайық. Және де Гүлдер саласының сыр - қырын зерттеп оқушыларға үлгі болып жүрген топтардың бірі - Жас натуралисттер тобын ортаға шақырайық.
Біздің бағдарламамыз әдеттегідей тікелей эфирде байланыста.
Телефон номеріміз: 49-23-95
Сондай – ақ студия қонақтары да тікелей сұрақтарын қоя алады.
Табиғаттың адамзатқа сыйға тартқан байлығының бірі – гүл. Бөлмеде, кең далада, сай салада, тіпті бақша мен аулада болсын, құлпырып өсіп тұрған гүлді көргенде қуанбайтын жан жоқ. Гүл көздің жауын алып, алуан түрлі сыйқырлы болуы, хош иісі көңіліңді сергітеді.
Әрине біздің бағдарламамыз пікір алмасу мақсатында болғандықтан, бірінші сұрағым сізге бағытталады.
Жалпы гүлдердің тарихы туралы не айтар едіңіз?

Гүл күтуші: Бөлме өсімдіктерінің мәңгі жасыл жапырақтары бөлмеге қысы – жазы бірдей көрік беретініне адамдар ерте заманнан – ақ назар аударған.
Гүл өсіру біздің эрамыздан 3000 жыл бұрын белгілі болған. Археологтардың зерттеуінше адамдар гүлді алғаш рет қола дәуірінде қолданған. Әсіресе аты өте ерте заманнан әйгілі болған гүлдерге – лотос, раушангүл, қызғалдақ, фикус, сирен, жауқазын жатады. 18ғ басында Швецияның королы алғаш рет «гүл ұғымын» ендірген.
Және гүлдің маңызы туралы да айтып кетейін. Гүлдер сәндік үшін өсіріліп қана қоймай, өсімдіктердің тозаңдануына, дәрі – дәрмек, парфюмерияда, кондитер, өнеркәсібінде, бояу үшін де пайдаланылады.

Жүргізуші: Өсімдіктер көп өсірілген жерде оп - оңай тыныс алуға болатынын байқаған шығарсыз? Әрине, олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.

Жүргізуші: Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді екен. сондықтан да бөлмелеріңізбен сыныптарда гүл өсіре біліңіздер. Құрметті көрермендер бізге тікелей эфирде алғашқы сұрағымызда келіп түсті. Экранға назар аударайық,

1. Сәлеметсіз бе? Гүл күтіміне байланысты сұрағымды гүл маманына қойғым келіп тұр: Гүл күтімі соның ішінде суғарылуы, жылу, жарық, ылғалдылығы туралы айтып берсеңіз. (гүл күтуші жауап береді)

Жүргізуші: Студия көрермендерінің де сұрағы бар екен.
2. Менің жас натуралисттерге сұрағым: Үйде доллар гүлін өсірем, сол гүл туралы ғылыми атауы туралы айтып берсеңіздер.
(Сағынғалиева Арайлым жауап береді)

Тағыда көрермен сұрағы:
3. Бөлме жағдайында ілініп өсетін коридорға сән беріп тұратын қандай өсімдіктерді өсіруге болады.
(Дамир жауап береді. хлорофитум)

Тағыда тікелей байланыста бір көрерменіміздің сұрағы бар екен.
4. Сәлеметсіз бе, жас натуралист балдарға қойсам деймін, «Женское счастья» деп айтып жатамыз ғой сол гүл туралы білгім келеді.
(Айдана жауап береді.)

Жүргізуші: Біздің алдыңғы бағдарламамызда «Табиғаттың өзі суретші» деген атпен гүл сурет көрмесін жариялаған болатын едік, құрметті оқушылар, атсалысып қатысқандарыңызға рахмет. Ең таңдаулы сурет иелеріне сыйлығымыз дайын, біздің мекен жайға келіп сыйлықтарыңызды аларсыздар. суреттеріңізге көп-көп рахмет. өнерлерің шыңдала берсін.
Тағыда сұрақтар келіп түскенше сізбен сұқбаттаса тұрайық.
Гүлдерге қарап ауа райын білуге болады деп айтып жатады ғой. Сол рас па?

Гүл күтүші: Дала шырмауығы жауын болар алдында жабылып қалады, сары акацияның шірнесі жауын жауар алдында көбейе түседі, сөйтіп оларды еріксіз өзіне шақырып тозаңданады Ауа – райын осылай болжайтын гүлдерді «борометр гүлдер» деп атайды екен.

Жүргізуші: Бір көрермен сұрақ қойғысы келіп отыр екен.
5. Біздің сыныбымызда гүл өсіреміз. сол гүлдерді қалай отырғызамыз, топырағы, ыдысы туралы айтып берсеңіз?( гүл күтуші жауап береді)

Жүргізуші: Студиямызға тағыда бір сұрақ келіп түсті.
6. Алло, кеш жарық, үйде антуриум гүлін сүйіп өсіремін, жапырақтары ұсақталып жақсы өсе алмай тұр, ол ненің себебі? (Әбсаттар)
Залдағы бір көрермен сұрағына құлақ түрсек,
7. Біздің сыныбымыз көлеңке әрі салқын, ол жағдайда қандай гүлдерді өсіруге болады?
(Еділ Юкканы, Нариман Цикасты, Дамира фикусты айтады)

Жүргізуші. Құрметті көрермендер бізге берілген уақытта таяп қалды
Бір көрерменіміздің соңғы телефон арқылы сұрағы бар екен.
Алло сізді тыңдап отырмыз.
8. Гусмания гүлінің ктімі туралы білгім келеді.(Гүлнафис жауап береді)

Жүргізуші: Өздеріңіз білгендей кәзір көктем мезгілі гүлдердің қарқынды өсіп, көбейетін уақыты
9. бөлме гүлдерінің көбйтілуі жайлы сұрағымды жас натуралисттерге қойғым келіп отыр.
Жүргізуші: Сіз енді гүл күтуші болғаннан кейін сіздің қолыңыздан әртүрлі гүлдерді алып сыйға тартып жатады. Гүл сыйлаудың да өзіндік ережелері бар ережелерін де айта кеткен жөн деп санаймын.
Гүл күтуші: Барлық адамдарға бірдей гүл сыйлауға болмайды әрине.
Гүлдерді адамның жасына, жынысына, бойындағы қасиеттеріне қарап, бағалап тарту етеді. Кез – келген гүлді сыйлағанда оның түсіне, сабағының ұзындығына, гүлдерінің пішініне карау керек екен. Ақ түсті гүлдер – адамның көңіл – күйін көтереді.
Сары түс - жылу мен жарықтың белгісі, күлгін түс – кеңдік пен сенімділік, қызыл түс – мерекелік көңіл – күйді сипаттайды.
Менің де құр келгенім жоқ сіздерге сыйға ала келген гүлдерімді ұсынамын.
(дала гүлдер қыздары гүлдерді сыйлайды)
жүргізуші:
- міне, қымбатты көрермендер, бұдан адам баласының табиғатқа, гүлге деген мейірімділігін көреміз. Ғажайып гүлдер туралы бірғана бағдарламамызда айтып жеткізу мүмкін емес.
Гүл – қуаныштың,
- адалдықтың
- бейбіт өмірдің
- шаттықтың белгісі.
Тамаша бір көріністі экраннан тамашалайық.
«Гүлдер таласы» ертегі

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші, ырғалып,
Тұра берші, нұрланып. – деп, Құрметті көрермендер, студия қонақтары сіздерге, гүлдей шаттық көңіл мен қуаныш тілейміз. Байланыс телефонымыз 21 - 05 - 14.
Біздің бағдарламамыз сіздің сұрақтарыңыз бен хаттарыңызға әрқашанда жауап береді!
Келесі бағдарламада жолыққанша сау – саламатта болыңыздар.
(барлық гүлдер тұрады, музыка ойнайды)
10 819
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Гүл – ғажайып дүние
Гүл – ғажайып дүние
Гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру. Табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.
Бөлме гүлдерінің күтімі
Бөлме гүлдерінің күтімі
№52 бастауыш мектеп шағын орталық тәрбиешісі Шыңғысбекова Құндызай Сейтқадірқызы
Гүл - ғажайып дүние
Гүл - ғажайып дүние
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің далаға.
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Сиқырлы гүлдер еліне саяхат
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×