Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зияткерлік олимпиада

27 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Зияткерлік олимпиада
Мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтыра, олардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту, ойын арқылы таным, білім, білік, икем, дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
1. Ойыншыларды таныстыру.
(9 – 11 сыныптар аралығында 3 оқушыдан ІІІ топ болады)
2. Сарапшылардың аты – жөндерімен таныстыру.
3. Ойынның шартымен таныстыру.

Ойынның барысы:
І айналым
Қазақ тілі бойынша логикалық сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 100 ұпай жинайды.
Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар

1. Екі буыны да омоним болатын, бітеу буыннан құралған жай сөйлем түрі:
А) Жақсыз
Ә) Толымды
Б) Толымсыз
В) Атаулы
Г) Жақты

2. Алғашқы буыны езулік дауыстыдан, келесі буыны есімдіктен болған сөз:
А) Адам
Ә) Ыдыс
Б) Ілім
В) Емен
Г) Әріп

3. Сан есім мен есімшенің жұрнағы қазақтың музыкалық аспабының аты:
А) Алтыатар
Ә) Сегізкөз
Б) Тоғызқұмалақ
В) Сазсырнай
Г) Жетіген

4. Бірінші буыны батыр сөзінің синонимі, екінші буыны адамның мүшесі болып келетін жалқы есім
А) Ержүрек
Ә) Есіл
Б) Ерсайын
В) Ертіс
Г) Елгезек
5. Құс атауын білдіретін бітеу буынды сөз

А) Тарлан
Ә) Тұйғын
Б) Жалбыз
В) Көкнар
Г) Лашын

6. Қолданылуына қарай бірде зат есім, бірде қимыл атауын білдіретін сөз
А) Байлау
Ә) Сөйлеу
Б) Көсеу
В) Көбеу
Г) Көру

ІІ айналым
Сөнбес жұлдыздар тақырыбына арналған сұрақтар
1 - сұрақ
Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік - шығыс аудандарын басқаратын генерал - губернатор Гасфорттың адьютанты, Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеген ғалым.
Жауап: Шоқан Уәлиханов
2 - сұрақ.
Ақан серінің өзіне тән ақындық, сазгерлік қасиеттерінен басқа екі қасиеті болған. Ол қандай қасиеттері?
Жауап: Тұлпарды сыртқы келбетіне қарап дөп басып тани алатын сыншылығы, баптап баға білетін атбегілігі.
3 - сұрақ
«Әділ» патша «ала қойларды» көргенде көзі ауыратынын айтып, олардан құтылудың жолын «кеңесшілермен» ақылдасады. Оларға өз ойын айтып, беделіне көлеңке түспейтіндей болуын сұрайды.
Сонда саясатқа шебер сұм түлкінің берген жауабы қандай еді? Бұл кімнің мысалынан үзінді, қалай аталады?
Жауап: Ахмет Байтұрсынұлының «Ала қойлар» деген мысалы

Ауыз әдебиеті тақырыбына арналған сұрақтар
1 - сұрақ
Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді
Тоқсанының бастығы... кім еді?
Қай жырдан үзінді? Тоқсан құлдың бастығының есімі?
Жауап: «Қобыланды батыр» жыры. Тоқсан құлдың бастығы Естеміс.

2 - сұрақ
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай
Ет ажарын қарасаң,
Терісінен айырған,
Арпа - бидай ақ ұндай
Қандай жырдан үзінді? Кімге арнап айтылған сөз?
Жауап: «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніске арнап айтылған сөз

3 - сұрақ
Сүйінбайды «сұрқылтайым», яғни сөзімді сөйлейтін жыршым бол дегенді ишарамен білдірген төре кім?
Жауап: Жетісуды билеген атақты Тезек төре

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 624
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?
• Мәтін - өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіннің тақырыбы болады. • Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Жалғау
Жалғау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Биманова Калдыбике
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
«№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тайжанова Жулдыз Мараловна Пәні: Сауат ашу Тақырыбы: «В дыбысы мен әрпі»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×