Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңгем – сырласым

04 наурыз 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы
№55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кембілбекова Гулзина

Жеңгем – сырласым
Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

Барысы:
Жүргізуші: Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. Қызға қатты сөз айтылмауға тиіс. «Кімде кім үш қыз өсіріп тәрбиелеп бой жеткізіп, құтты орнына қондырса оның сыйлығы – жаннат» деген Мұхаммед пайғамбар. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған орай, бүгін оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстыра отырып «Жеңгем – сырласым» атты сайысты өткізгелі отырмыз.
Сонымен, хош келдіңіздер! Қадірлі қонақтар, ұстаздар, аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар, сырлас жеңгелер! 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Бүгінгі «Жеңгем – сырласым» атты сайысқа жеңгесімен бірге 5 қыз қатысады. Қазылар алқасымен танысып алайық. (Қазылар алқасымен танысу.)

Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады
1. «Кел танысайық». (Сәлемдесу, таныстыру.)
2. «Сен білесің бе?». (Бір әріпті таңдайды, сол әріптен басталатын сөздерден тұратын сөйлем құрастыру.)
3. «Білгенім бір тоғыз». (Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады).
4. «Шебердің қолы ортақ». (Көрпе көктеу, құрақ құрау.)
5. « Сегіз қырлы, бір сырлы». (Өз өнерлері.)
Енді, ортаға сайысқа қатысып, бағын сынауға сырлас жеңгесімен келіп отырған қыздарды шақырайық. Ортаға қатысушы қыздар жеңгелерімен шығады. Қатысушы оқушы қыздар мен жеңгелерін аты - жөндерін айтып ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Жиын тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жеңгелері де қайынсіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп қызғалдақтай құлпырған қыздарымыз бен олардың жеңгелері, сіздермен бірге рет санымызды белгілеп алсақ. Осы реттік сандар бойынша кезекпен сайысқа қатыса береміз.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. Ал, сонымен 1 - бөлім «Кел, танысайық» бөліміне кезек берейік. (Кезекпен шығып таныстыру өнерлерін көрсетеді).
Қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтсеңіздер.

2 - бөлім. Айтамыз жақсы тілек отбасына
Тілейміз денсаулықты бас - басына.
Сүйсінсін сарапшылар сынға салып,
Біліміне сай шәкірт саспасын да.
Ендеше, келесі бөліміміз «Сен білесің бе?» деп аталады. Әріп таңдап аламыз және сол әріптен басталатын сөздерден сөйлем құраймыз. Сөйлемнің мағынасы мен байланысына мән беріледі.( А, Б, Қ, Ө, Т әріптері таңдалады).
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кең далада шарықтасын әуені,
Әнші жұлдыз жас өнерпаз....................
Қанеки, Қыздарымыз өздерінің жеңгелерімен бірге дайын болса, жауаптарын оқиды. Қазылар алқасы осы жерде бірден бағасын беріп өтсеңіздер.

3 - бөлім. Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар,- деп сайыскерлер «Білгенім бір тоғыз» бөлімі бойынша салт - дәстүрге байланысты сұрақтар қоюдан бастаймыз. Әр топқа 2 сұрақтан беріледі. Қыздарымыз келіп, сұрақтарды алады. Сұрақтарға жауап дайын болғанша 11 - сынып оқушысы А. Найманбайдың орындауындағы әнді
қабыл алыңыздар.
1. Еттен табақ тарту дәстүрінен сұрақ. Қыздардың табағына қандай ет мүшелері салынады?
2. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар. (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік)

1. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ.)
2. Жас нәрестеге арналған ағаштан жасалған төсек.( Бесік.)

1. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге.)
2. Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)

1.«Бала тегіне таратады» дейді қазақ халқы. Сіз мұны қалай түсінесіз?
2. Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (Саптама, кебіс, етік)

1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік.)
2. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар атап беріңіз.(Сырға, жүзік, моншақ, білезік)

1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамдарды білесіңдер? (Ораза айт, рамазан, Наурыз).
2. «Абысын тату болса, ас көп» деген сөз бар. Сондағы «Абысын» кім?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 270
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
6 - сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген.
Ана
Ана
Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы №55С. Қожанов атындағы орта мектебінің 7 - сынып оқушысы Шертай Ақнұр Жетекшісі: Г. Кембілбекова
Қыз өссе - елдің көркі
Қыз өссе - елдің көркі
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Әкем және мен (спорттық сайыс)
Әкем және мен (спорттық сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×