Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пай - пай, қазақтың келіндері - ай!

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Пай - пай, қазақтың келіндері - ай!»
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Қазылар алқасын сайлау
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Сайысқа қатысушы келіндермен танысу
б) Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)
2. «Ойлы болсаң, озып көр!»( Салт - дәстүрлер аясындағы сұрақтар)
3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)
4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)
5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш өру)
6. «Саусағынан бал тамған келіндер - ай!» (Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)
7. «Қылығына сай екен киімдері - ай!» ( Қазақтың ұлттық киімін киіп, таныстыру)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
а) Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.
б) Сайысты қортындылау.

Диалог (жай музыкамен оқылады)
Наурыз шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.

Өмірің өте келе шал боларсың,
Томардай отқа түскен дәл боларсың.
Ойнап күл елмен бірге Наурызда,
Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.

Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен.
Жарасар ойын күлкі осындайда,
Ойыңды баурайтұғын назыменен.

Көрінер ағаш сұлу алмасымен,
Соғады ұста темір балғасымен.
Барады жыл айналып көрмегелі,
Аман ба ауыл аймақ мал басымен?

Қар еріп, жер көктемей жаз болама,
Мұз кетпей айдын көлге қаз қона ма?
Ойнамай наурызда думандатып,
Көңілі адамдардың мәз болама?

Болғанда жұлдыз кіші, ай көлемді,
Асқарға теңемейсің қай беліңді.
Қуанам елмен бірге ұлыс күні,
Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.

(Екі қыз екі жақтан шашу шашып кіріп келеді)
Барлығы бір бірімен көрісіп, амандасып, құттықтап жатады. Киіз үйге кіріп жайғасады. Бір жақта барлық қыздар әңгіме құрып отырып, ұлы той қарсаңында қызмет көрсетіп жүрген жеңгелерін көріп қызығады.

Баян: Қыздар, қараңдаршы осы ұлы той қарсаңында тынбай еңбек етіп жүрген осы жеңгелеріміздің арқасы ғой, мен жалпы қазақ келіндеріне арнап мынадай бір өлең оқып бергім келіп отыр, қалай қарайсыңдар?

Қыздар: Әрине, нұр үстіне нұр болар еді. Біз де болашақта осы жеңгелеріміз сияқты қазақ келіндері, бір үйдің От Анасы болатынымыз анық.

Баян:
Қыз аттаған, келін кеп, ақ босаға,
Ақ босаға мерейлі бақ босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне
Күә болып ғасырлар жатты осы ара.

Пай пай, шіркін, қазақтың келіндері,
Көл дария секілді пейілдері.
«Абысын тату болса ас көп» деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Қариялар батасын береді екен,
Бата деген ақ тілеу керек екен.
Жақсы дәстүр, жақсы сөз, игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.

Татулықпен тамсантқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.

(Арасында қыздар қосылып «Пай - пай» деп айтып отырады.)
Сол кезде қыздарға ризашылығын білдіру үшін жеңгесі келеді

Ұлболсын: Ай, қандай жақсы, осындайда қолғабыс білдіретін қайын сіңілілеріміздің болғаны, риза болып қалғанымыз ай, шаршағанымызды ұмыттырып, көңіліміз сергіп қалды, рахмет, Еркеқыз!

Баян: Оқасы жоқ, жеңеше мен осындай ұлы той қарсаңында сіз сияқты басқа да келіндердің өнерлерін көріп, үлгі алып сайыс ұйымдастырғанды жөн көріп отырмын, қалай ойлайсыз, осы сайысты менімен бірге жүргізуге көмегіңізді берсеңіз?

Ұлболсын: Әрине, Еркеқыз, мынандай той қарсаңында қазағымыздың келіндерін жиналған жұртқа көрсетіп сайыстырсақ оның несі айып? Қуана қуана келісемін.

Баян: Олай болса, Барлық жиналған ұстаздар мен студент жастарға бүгінгі өткелі отырған «Пай - пай, қазақтың келіндері - ай!» сайысына хош келдіңіздер дейміз!
Сонымен бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалау. Жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт - дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу. Танымдық қабілетін арттыру.

Ұлболсын:
Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,
Сайыс сайыс жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін, – дей отырып бүгінгі сайысқа қатысушы келіндерімізді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
5.
Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікір, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін.

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық,
Қандай сайыс болса да біз қашпайық,
Ал, ендеше рұқсат болса.
Колледжішілік «Ең үздік келін!» сайысын біз бастайық!- деп алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. «Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)
2. «Ойлы болсаң, озып көр!»( Салт - дәстүрлер аясындағы сұрақтар)
3. «Өнерлі келін – сүйкімді!» ( Өз өнерін көрсету)
4. «Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» ( Ситуациялық сұрақтар)
5. «Кім жылдам?» (Картоп ашу, шаш өру)
6. «Саусағынан бал тамған келіндер - ай!» ( Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)
7. «Қылығына сай екен киімдері - ай!» ( Қазақтың ұлттық киімін киіп, таныстыру)

1 шартымыз.
Армысыздар, айналайын дана халқым.
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Ата - баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру парызы әрбір жастың,
Өнерлерін паш етер отбасылар,
Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша
«Сәлем – сөздің анасы!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық.
(Қазылар алқасынан бағасын сұрау)
Күй нөсерін төгейік,
Жырдан моншақ өрейік.
Уа, жамағат, ал енді
Күйге кезек берейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз аруы сайысы
Наурыз аруы сайысы
Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы және қазақтың салт - дәстүрін оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу.
Жаңа заман келіндері
Жаңа заман келіндері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 5 орта мектеп Сарсенбаева Лариса Асқарқызы
Ал, кәнеки, әжелер!
Ал, кәнеки, әжелер!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Ата салтың – халықтық қалпың
Ата салтың – халықтық қалпың
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жүнісов Рухат Құрмашұлы.
Ал, қанеки, өнерлі қыздар!
Ал, қанеки, өнерлі қыздар!
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Қазақтың ұлттық киімдері (фото)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×