Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсер

03 қараша 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы,№ 100 орта мектебі
биология пәні мұғалімі Тілеген Қаракөз

Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай,
Бақыт құсын қондыруда қолыңда.

«Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсері, олардың алдын ала сақтану шаралары» ең бастысы темекіге деген жиіркеніш сезімі болу керек осы бойынша «Көңілділер тапқырлар клубы» сайысы ретінде өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлінді. «Күркілдеуік», «Шиқылдауық».
Сабақ мақсаты:
Білімділік. Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы туралы сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық. Темекінің тарихы оның, адам ағзасын улайтыны туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Тәрбиелік: Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып жұмыс істеуге, бірін - бірі тәрбиелеуге үйрету, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.

Көрнекілігі: Суреттер, Интерактивті тақта, даналық сөздер.
Сабақ барысы:
1. Сәлемдесу
2. Кім жылдам. сұрақтар қою
3. Үй тапсырмасы. Баяндама
4. Пікірталас
5. Топ жетекшілер сайысы
6. Тығырықтан шығу
7. Жалғасын тап
8. Көрініс
Қорытынды.

1. Топ сәлемдесуі
«Күркілдеуік» тобы
«Күрк - күрк көкжөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Мүгедек, ауру, демікпе
Өмірге қатер төнеді,
Салауатты өмір сүрейік!
Шекпеңіз дейміз темекі.
-«Шиқылдақ» тобына сәлем!

2 - топ –«Шиқылдауық» тобы
Шиық - шиық деп шиқылдап,
Демігіп өкпе қиқылдап,
Табиғат Берген денсаулық
Құртамыз үгіп, қиқылдап.
Денеге дерт боп жетеді,
Әдет боп жаман кетеді.
Зиянды затты көп тұтсаң
Өмірің қор боп өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос!
Зиянды заттан аулақ деп,
Достарыңа ақыл қос!
-«Күркілдеуік» тобына сәлем!

Кім жылдам. Сұрақтарға жауап беру
1 - топ. 1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы пайда болды?- 1946 ж
2. Темекіні Еуропаға кім әкелді?- Х. Колумб пен оның достары
3. Еуропада темекі тартумен күрес қай ғасырда басталды?- XYII ғасырда
4. Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған? – Францияның Португалиядағы елшісі Жан Никонның есіміне байланысты.
5. Адамдар темекінің зиянын біле тұрып тарта береді дейді, осы рас па? – Рас
6. Темекінің жасыл жапырақтарында қанша пайыз никотин болады? - 9 пайыз
7. Үндістер темекі өсімдігін қалай атады? – кохоба
8. Орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың қай еңбегінде темекі туралы жазылған?– Балалық, Есею, Жастық трилогиясында.
9. Темекі туралы ең алғашқы кітапты кім жазды? – Эрсандесу де Овьеди
10. Никотиннің қасиеттерін атап шық? – Сары сұйық зат, суда, майда жақсы ериді.

2 - топ. 1. Темекінің құрамындағы улы зат не деп атайды? – Никотин
2. Темекі тартуда қандай химиялық үрдіс жүреді? – Құрғақ айдау
3. Еуропада темекіні не деп аталды? – Табаго, табак.
4. Темекіден туындайтын аурулар? – қолқа демікпесі, өкпе, жүрек, бауыр, т. б. аурулар.
5Адам үшін никотиннің өлімге әкелетін мөлшері қандай? - 35 - 70 мг
6. Адамдардың ортақ ісі, қарым - қатынасын оңайлатуға, пікірлесуге жеткізетін ермек әрекеті. – Темекі тарту.
7. Салмағы 16 - 20 кг итке қанша тамшы никотин берсе сеспей қатады? – 1 тамшы
8. Темекі шегіп тұрып қандай заттарды іске асыруға болмайды. – Жүзу, баскетбол ойнау
9. Қай елде темекі тартушылардың басын кесіп, дарға асқан? – Англияда
10. темекі құрамы неден тұрады? – Органикалық, бейорганикалық.

Үй тапсырмасы. Баяндама
1 - топ Темекі шегіп үйренудің негізгі шыңы 13 - 19 жас. Темекінің негізгі әсер етуші компоненті - никотин. Бұны тұңғыш рет1828 жылы Почельт пен Рейман бөліп алған. Темекі жапырағында никотин мөлшері 1 - 1, 5, кейбір сорттарында 6 - 8, ал салмағы 1г бір темекіде 10 - 15 мг, ал салмағы 10г темекіде 150мг никотин болады. Химиялық таза күйдегі никотин - дәмі ащы, майлы мөлдір сұйықтық. Шылымқұмарлар шылымды никотин жинақталатын тұқылына дейін сорған кезде осындай дәмді сезеді.
Никотин - негізінен жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек қан тамырлар жүйесіне әсер ететін күшті у.
Никотинмен уланудың белгісі қандай?
Бұл кезде – Сілекейдің шұбыруы, лоқсу, терінің бозаруы, әлсіздік, бас айналу, ұйқының бөлінуі байқалады. Бұған - қорқыныш сезімін, бастың ауруы, құлақтың шыңылдауы, тамыр соғуының жиілеуі, организмнің басқа қызметтерінің бұзылуы себептерін қосуға болады.
Өкпе пәлесі Никотин Әр түрлі жұқпалы аурулар
Жүрек ұстамалы аурулары
Өңеш пәлесі Тамақ аурулары Шыдамсыз Еріншек Ұмытшақ
Темекінің денсаулыққа әсері
Қазақстанда шамамен халықтың 1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п - з әйелдер темекі тартады. Жыл сайын елімізде 23 - 24 мың адам темекі тарту салдарынан болған аурулардан қаза болуда.
Оқушыларға күніне, аптасына және жылына темекіге қанша ақша жұмсалатынын есептеу.
Күніне 1қорап темекі - 60 теңге
60 теңге – 7 күн – аптасына 420 теңге
420 теңге - 4 апта – айына 1680 теңге
420 теңге - 52 апта – жылына 21840 теңге
Темекі тастаған адамдардың жауаптары:
- өкпе пәлесінің, жүрек, қан тамырлар ауруларының қатері төмендейді.
- жеңіл дем аламын.
- ақшам үнемделеді.
- дені сау ұрпақ әкелуге мүмкіндігім бар.
- өз даламның алдында қысылмаймын.
- киімім, шашым және денім сау таза.
«Өз денсаулығың - өз қолыңда».

2 - топ Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидер бар өсімдік. Темекі түтінінде 30 - астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1 - 2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1, 2 млрд адам темекі шегетін көрінеді. Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80 - і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналды.
«Темекі тәнді зақымдайды, ақыл - ойды күйзелтеді, тұтас ұлтты топастандырады».

Темекінің түтінінде өте улы зат - никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне 20 - сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады.

Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол - аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді.

Адам неғұрлым өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген. Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97 пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу адам өмірін қысқартады. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3, 5 сәулеленуге ұшырайды.
«Жас жеткіншек! Өздеріңе айту менің борышым - көк түтінмен уланба.»

«Пікірталас»
1 - топ Қазақстанда әр жүз мың адамның 400 - 500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қоштасқан. Себебі:

2 - топ Бүгінгі күнде біздің елімізде өз денсаулығын жақсарту үшін әр түрлі дәстүрлі емес сауығу әдістері мен шұғылданады. Осы дұрыс па?

Топ жетекшілерінің сайысы.
«Күркілдеуік» тобы
Темекі тарту кезінде адам бір улы газбен дем алады, сол газ автомобиль двигательдерінен де шығады, ол қандай газ? – Бұл иіс газы - СО өте улы газ. Қанның қызыл түйіршігіндегі оттегінің мөлшерін азайтады.
2. Жылқыны сеспей қатыру үшін қанша никотин тамшысы керек?- 7 - 8 тамшы
2 – топ «Шиқылдауық»
Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымды бұзу үшін қанша темекі қажет?- Мұның барлығына 1 дана ғана темекі жетіп жатыр
2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? – 1 литр шамасында

Тығырықтан шығу:
1 - топ Сенің достарың темекі шегеді. Ал сен темекі шекпейсің. Сол үшін сен достарың шеттеді. Не істер едің?
2 – топ Сенің папаң күндіз - түні темекі шегеді, тіпті дастархан басында да. Ал сенің оған жаның ашиды. Оның темекі тастауына қалай ықпал етер едің?

Жалғасын тап
1 - топ Арақ ішіп,................ шеккен,
Денсаулықтың түбіне жеткен. Темекі - сигареты
2. Темекі шегу -........................ орынсыз
Тілегінен туған....................
2 - топ 1 Темекі - тегін келмейді
......................................... Теңгеге келеді
2Темекі шеккенің,
......................... шеге қаққаның. Темір табытқа

Екі топ темекі туралы көрініс қояды.
1 - топ. «Темекі және ұрпақ»
2 - топ «Темекінің пайдасы мен зияны»

Екі топ өздері даналар сөзін темекі тастаушыларға ақыл кеңеспен оқушылардың жас өмірлерін жат әдеттер мен зиянды заттарға толтырмай, өз денсаулығына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырып сабақ қорытындыланады.

«Темекі қоюшыларға ақыл кеңес» оқылды.
Даналар сөзі
- Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең кеш. Конфуций
- Арақ ішіп темекі шеккен
Денсаулығының түбіне жеткен

«Раббымыз, біз өзімізге - өзіміз зұлымдық қылдық. Егер Сен бізді кешіріп, рахым етпесең, әлбетте зиян шегушілерден боламыз» (Құран. «Ағраф» сүресі: 23 - аят).
«Өздеріңді - өздерің өлтірмеңдер!» (Құран. «Ниса» сүресі: 29 - аят).
Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден - бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартатындығын анықтаған.
Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы).
Денсаулыққа зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары)..

Арақты да ішпейміз
Темекі де тартпаймыз
Елбасымыз «Қазақстан - 2030» бағдарламасын
Мәңгі есте сақтаймыз. – ұранымен көңілді тапқыштар клубының кезекті сайыс сабағы ақталды. Қош сау болыңыздар!
49 154
0
  • 100
4 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
1 желтоқсан спидке қарсы күн тәрбие сағаты (Бүкіл әлемдік СПИД - ке қарсы күрес күні)
Оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,
Шылым шегудің адам ағзасына зияны
Шылым шегудің адам ағзасына зияны
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атындағы ЖОББМ Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаева Ақгүл Тілегенқызы
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттау
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Гүлмира
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×