Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бар ізгілік бір өзіңнен басталады

03 қараша 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Бар ізгілік бір өзіңнен басталады»
Сабақтың мақсаты: Аналарымызды, қыздарымызды 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі күнімен құттықтап, оқушыларды инабаттылыққа, адамгершілікке баулу. Алғырлыққа, ізденуге тәрбиелеу.

«Қамажай» биімен ашылады.
1-жүргізуші: Бүгін осы залда көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда Халықаралық әйелдер күні наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Ал бұл мерекені бастау үшін менің
Қаракөз, қиылған қас, жазық маңдай,
Алма бет, ақша жүзі нұр тамғандай.
Қыр мұрын оймақ ерін, меруерт тіс,

Бейне мақпал, қызыл тіл шекер балдай жұбым қайда екен?Уақыт болса өтіп бара жатыр, ал ол әлі жоқ. Неге кешігіп жатыр екен? Көрген жоқсыздар ма?
2-жүргізуші: Сері жігіт, кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Сырттан сенің әдемі болып киініп бара жатқаныңды көріп мен де сәнді киініп шығайын деп едім. Енді..... кешірерсің!
1-жүргізуші: Жарайды онда бүкіл көрермен қауым мерекелік кешімізді көруге тағатсыздана күтіп отыр. Тездетіп бастайық.

2-жүргізуші: Олай болса, Армысыздар ақ жаулықты аналар!
1-жүргізуші: Бармысыздар ақ тамақты арулар!
2-жүргізуші: Қайдасыңдар, қымбатты да сымбатты қыз келіншектер.
1-жүргізуші:Сіздерді наурыз халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, бүйрек жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз. Әйел ана, әйел ару, әйел қарындас, әйел қыз, әйел аспаз, яғни әйел бізге өте жақын жандар, жалт-жұлт еткен алтын адамдар.

Сондықтан сіздерге зор денсаулық мол бақыт, мәнді де сәнді һәм ұзақ ғұмыр тілейміз! Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау болсын! Опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, памадалы езулеріңіз жиылмасын!
2-жүргізуші: Және де әрқашан өмірімізді гүлдендіріп, сұлулықтың белгісі болып жүре беріңіздер демекпіз.

1-жүргізуші:
«Бар ізгілік бір өзіңнен басталады» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін ең алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директорына береміз.
2-жүргізуші: Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз қызғалдақтар, қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келеді. Ал осы аналар мерекесіне байланысты Ибрагим, мен саған бір сұрақ қояйын жауап бересің бе?
1-жүргізуші:Ойланып көрейін.
2-жүргізуші:Олай болса тыңда: Ана сен бақыттысың жыламаған,
Жай түсіп жатса дағы құламадың.
Тәңіріңнен мен едің ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын
1-жүргізуші:Аааа, мынау бір өлеңнің сөзі емес пе?
2-жүргізуші:Дәл таптың бұл қазір біздің әнші қызымыз Аиданың орындайтын әні.
1-жүргізуші:Ана сен бақыттысың
Бірге: Қошеметтеп отырыңыздар.
1-жүгізуші: Желаем успехов, желаем удачи.
Легко отдыхать, и трудиться сотдачи
Чтоб радость в судьбе вашей чаще встречалась,
Чтоб все удавалось и все получалась.
2-жүргізуші: Бар ізгілік өзің екен бойдағы,
Көкірегіммен жыр құсы боп сайрады.
Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір,
Құтты болсын, құтты болсын аналардың мейрамы дей келе келесі кезекте көркем сөз. Оқитын Бақтыбай Самал.

1-жүргізуші: Жүзімізге қараңыз,
Біз бақытты балаңыз.
Құтты болсын мерекең
Бізге қымбат анамыз.
Біз өз анамыз үшін мәңгіге кішкене бала секілді боп қаламыз. Сол себепті де Балдаурен биімен ортаға біздің кішкентай балаларымызды шақырамыз.
Ортаға 10-шы сынып оқушылары.
1-жүргізуші: Ардақ, ана бізге не үшін қажет

2-жүргізуші: Ана бізге жарық сыйлау үшін, мейірімділік, жылылықты сезіну үшін өте қажет. Жалпы ана бізге өте қымбат жан ғой.
1-жүргізуші: Жақсы дұрыс айтасың бірақ мұны сөзбен айтқанша көзбен көрген дұрыс шығар.
2-жүргізуші: Бала тәрбиесін басты міндет етіп, келешек кемеңгері - жас ұрпақты тәрбиелеуге жан шуағы мен жүрек жылуын төккен аналарымызға береке, телегей табыс, өрісті өмір тілей отырып келесі қойылымды ұсынамыз.
Композиция Аналарымызға арналады.
1-жүргізуші:Сөзің бал ойың шекер нәзік жандай,
Сөйлеймін абзал құрбым сөзі жанай.
Алтын қол, күміс саусақ, қалам бармақ,
Қиғаш қас, нұрлы жүзің жазық маңдай -деп ертеде біздің ұлыларымыз қыздардың сұлулығын керемет бейнелеген ғой.Ал, қазір Жалғасбек сіздерге әсіресе қыздар қауымына Қыздар-ай әнін орындап береді.

2-жүргізуші: Қыздар құлақтарыңа алтын сырға,
1-жүргізуші: Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар.
1-жүргізуші: Ардақ сен айтшы адам көркі не?
2-жүргізуші: Менің ойымша адам көркі ақыл.
1-жүргізуші: Иә, сенікі жартылай дұрыс шығар, адам көркі шүберек.
2-жүргізушу: Қалай сонда?
1-жүргізуші: Оны қазір көресің. Себебі қазір сахнаға мың бұралған бишілеріміз өздерінің сәнді көйлектерімен Гульбах атты ұйғыр биін билеп береді.
Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші: Ардақ, қазір бір қызық болайын деп тұр.
2-жүргізуші: Не ол? Біреу маған сыйлық берейін деп жатыр ма?
1-жүргізуші: Жоқ
2-жүргізуші: Әлде бізге демалысты көбейтіп жатыр ма?
1-жүргізуші: Жоқ. Ардақ таппадың.
2-жүргізуші: Енді не ол айтшы қызықтырмай.
1-жүргізуші: Ой, қоймадың ғой, қазір ортада біздің жігіттеріміз өте қызықты көрініс қойып береді.
2-жүргізуші. Аааааа, солай ма еді. Олай болса, біздің көрермен қайым осы әзілді көріп, бір рахаттанып күліп алсыншы.
1-жүргізуші;1-жүргізуші: Бүгін бүкіл әйелдер қауымы және қыздар қауымы үшін сондай көңілді күн.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың өте көңілді күн.
1-жүргізуші: Онда қазір Ақбаланы Көңілді күн әнімен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Мен бізге қырық екі әріпті үйреткен алғашқы ұстазымыз Ағжан апайға мынадай өлең жолдағым келеді.
Ұлылықты сездім сіздің бойыңыздан,
Даналық сөзіңіз бар ойыңызда.
Адамның жан дүниесін түсінетін,
Үлгі тұтар қасиеттер бойыңызда.
1-жүргізуші: Олай болса сіздерге арнап, Аида, Дәуіржан, Зарина Мереке әнін орындап берсін.
2-жүргізуші: Самые прекрасные слова на земле – Мама! Это первое слово, которые произносить человек и которое есть в языке любого народа. На всех языках ято свещенное слово звучить одинакого нежно и лаского светло и значительно!
1-жүргізуші: Қадірлі, асыл аналар! Қымбатты қыздар. Көктем бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер.Өздеріңізге деген тілегіміз ешқашан аяқталмақ емес. Аман жүріп еңбектеріңізді жемісін ұзағынан көріңіздер.
Қош сау болыңыздар!
10 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Үйректер мен бақалар /ІІ кіші топқа арналған 8 - наурыз мерекесінің ертеңгілігі/
Ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған, Бақыты үшін баланың, Аман сау бол, ақ мамам
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
8-наурыз — Халықаралық Әйелдер Күні
8-наурыз — Халықаралық Әйелдер Күні
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×