Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыңғырла, соңғы қоңырау!

05 маусым 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы, Катон - Қарағай ауданы,
Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебінің
тәрбие ісінің меңгерушісі Абенева Ақнұр

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Музыка орындалады.
Жүргізуші:
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
(1 - сынып оқушыларымен бірге шығады)
Арнау
1. Сәнге бөлеп, төккен бізге ән - жырын
Өнері асқан, Арнау атты бар ұлың.
Қазақстанға танылсын деп тілейміз,
Арнау, сенің сегіз қырың бір сырың!
Гүлназ
2. Анасының жолын қуған Гүлназ қыз,
Биология пәнін еш қорықпай таңдапсыз.
Арманыңа жетесің деп сенеміз,
Емделуге болашақта келерміз!
Бақтияр
3. Физика мен алгебраны сүйетін,
Отаны үшін күй дегенде күйетін.
Ақылына бойы сай Бақтиярға,
Бар ма екен біреу тең келетін?
Азат
4. Қожанасыр деп теңесек кем болмас,
Қиындыққа ешқашанда жем болмас!
Болашақта қорғаушысы елінің;
Кім білмейді Азат деген серіні?
Қымбат
5. Сөз тапқанда қолқа болмас Қымбатқа
Тарих пәнін айтып берер ол жатқа.
Кетігін тауып қаланарсың өмірге,
ҰБТ - дан өтіп келгей, мүдірмей!
Айдана
6. Нәзіктігің жарасады бойыңа,
Биологияны тоқып жүрген ойына.
Айдана қыз, сәттілік саған тілейміз,
ҰБТ - дан сүрінбей өт, мойыма!
Ерахмет
7. Спортты бірге серік еткен жанына,
Биіктерден көрінерсің алдада.
Ақ жол саған біз тілейміз, Ерахмет,
Бар ниетпен еліңе адал қызмет ет!
Әуелхан
8. Шешендіктің белгісі бар қанында,
Әр ісінен байқалады сақтылық.
Функцияң өсе берсін бір сарында,
Әуелхан, тілейміз саған сәттілік!

Айым
9. Үміт артқан мектеп пенен дос - жаран,
Ел еркесі болып жүрген әрқашан,
ҰБТ - дан 125 деп сенеміз,
Айым, саған сенім артып келеміз!
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанатын ашық деп жариялаймын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
(Әнұраны орындалады)

Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған,
Қонақтарға мен енді сөз берейін!
--------------------------------

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- дей отырып мектеп директорының міндетін атқарушы Каирдолдина Гульназ Нургуметовнаға сөз береміз.

Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп келесі кезекті алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерге береміз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

(Бәрі орындарына тұрғаннан кейін:)

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

(11 сынып біткеннен кейін)

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,
Жақсы ұрпақ – Еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Бірінші сыныптың «Мен» деген әр түлегі.

(1сынып оқушыларының құттықтау сөзі)

Жүргізуші:
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы

11 сынып оқушысы Тлеубек Айымның анасы

Толық нұсқасын жүктеу
4 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар! (11 - сынып оқушылары мектеп алдына 1 - сынып оқушыларымен бірге қол ұстасып шығады).
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз
Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз
Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен, ендеше білімнің қара шаңырағына қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар!
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№15 орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожанова Зинаида Курбанбаевна
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×