Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ жол саған, Жас түлек!

25 қазан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Жамбыл ауылы, «Жамбыл орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тауданбекова Гулбахыт Тауданбекқызы

Ақ жол саған, Жас түлек!
Мақсаты: Оқушылардың бойында туған ауылына, мектебіне деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Барысы:
11 - сынып жетекшісі:
Армысыздар, ұстаздар, құрметті қонақтар, оқушылар! Міне, бүгін, көктемнің шуақты күнінде біздің мектепте үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған, әсем де сұлу, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген сымбатты қыздарым! Ойлаған армандарыңды, мақсат - міндеттеріңді іске асыра алатын, егемен елдің байрағын биік көтеретін халқымыздың сеніміне ие бола алатын, елдің, заманның талабына лайық саналы үлкен азамат болыңдар. Сендер «үміт еткен көзімнің нұры, балам» деп отырған ата - аналарыңның ғана мұрагері емессіңдер, тұтас елдің ертеңісіңдер. Үміт артар болашағы, үздігі болыңдар!

Сөз кезегі мектеп бітіруші түлектерге беріледі.
« Өзіңді аңсап» әнінің әуенімен
Әні: Ж. Омаровтікі
(Сөзі өзгертілген)

1. Күндердің өткен соңында қалар дерегі
Алдағы күннің әлі де көп қой берері
Мектебім сенің өмірің үлгі, өнеге
Шәкіртің оны ұмытпай айтып жүреді.
Мектебім менің жасаршы жайнап әрқашан
Мектебім менің мақтанышпенен айта алам
Мектебім менің ауылымның сәні, ажары
Балалығымның, бал дәуренімнің базары.

2. Мектебім менің алаңсыз арман күндерім
Сәби сезім мен гүл сезім жарған бүрлерім
Түлетіп өзің ұшырған шәкірттерің кеп,
Ақ ниетпенен ұсына берсін гүлдерін.

1 - оқушы: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін

2 - оқушы: Өмірдің ұғып тереңін,
Өркен жайған қауымым.
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің!

3 - оқушы: Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың
Мерейің қандай шуақты,
Ұстазым – асыл арманым!

4 - оқушы: Ардақтап адам,
Көтерсін сені жыр - таққа.
Ұлы елдің баулып ұланын,
Жасарып жылда.
Жасай бер, әрбір ұрпақта!

5 - оқушы: Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын, Ұстазым, деп басымды иіп.

6 - оқушы: Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.

7 - оқушы: Ұстаз сөзі – күн нұрына пара - пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.

8 - оқушы: Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.

Ән: «Ертегілер әлемі» әуенімен
Әні: Е. Елгезековтікі (Сөзі өзгертілген)
Оқушы баламыз
Өсті ғой санамыз
Ертең - ақ бәріміз
Тараймыз жан - жаққа
Студентте біздер болармыз
Баласы аз сынып ек
Ұйымшыл көңілді ек
Бүгінгі той күні
Соңғы қоңырауда
Сұлу ән менен жыр төгілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 185
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаң мен есен – аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. (Балқожа)
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Ел тілегі – Тәуелсіздік
Ел тілегі – Тәуелсіздік
Мақсаты: ҚР рәміздері туралы түсінік беру. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Қыз сыны байқауына таныстыру
Қыз сыны байқауына таныстыру
1. Жаңғырып, қайта гүлдеп жаңарды өлкем, Шуағын шашып қайта, оралды көктем. Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар, Келіп тұр « Қыз сынына» бүгін көркем.
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қанатты тұлпар – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Қалилаева Зәмзәгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×