Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік ел - мұратым

10 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Мәңгілік ел - мұратым "БӘЙТЕРЕК" зияткерлік сайысы

Жүргізуші: Армысыңдар, қымбатты достар және көрермендер!
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Зияткерлік сайысымыздың тақырыбы: "Мәңгілік ел - мұратым"
Жүргізуші: Бүгін өз мықтылығын танытатын білім сайысы "Бәйтерек" зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Алғашқы ойынымыз 10 - сыныптардың арасында өткелі тұр. Бұл апталық сайысқа мектебіміздегі 10 «А», «В», «С» оқушылары өз білімдерін ортаға салмақ ойы бар. Озып шыққандар өзге жүйріктермен тағы да білім жарыстырмақ. Олай болса, жарыс жолына шығайық.

Адамға ақыл, ой керек
Білім мен көңіл
Зияткерлікті танытар
Алдарыңда бүгін «Бәйтерек»

(Әр сыныптан 3 оқушы топ құрайды. Өздері командаға алдын - ала ат қойып алады. Мысалы: "Жігер", "Дарын", "Болашақ", «Қазақ», "Бірлік". "Алаш", Қайрат" "Білім" т. б.)
Ойында өздерінің бағын сынауға келген ойыншыларымызды ортаға шақырайық.
Алғашқы шыққан "Қазақ" тобы (құрамын таныстырады) 10 «С» сыныбы;
1 - топтың қарсыласы «Алаш» тобы 10 «А» сыныбы;
2 топтың үшінші қарсыласы "Болашақ" тобы - Серікбай Жансұлу, 10 «В» сыныбы; Оқушыларды құрметпен қарсы алайық.

Жүргізуші: Сонымен қатар бүгінгі біздің ойынымыздың көңілді өтуіне ықпал жасайтын мектептің өнерпаз жастары (3 - 4 оқушы домбырадан күй, қобыздан әуен тыңдату)
Сөз кезегін команда мүшелеріне бергім келіп тұр. Өйткені олар өз топтарының аттарын қысқаша түсіндіріп, ойынға деген жігерліліктерін танытатын сөздерін айтсын.
1 - айналым "Шежіре"
Берілер ұпай сөзіне
Сенімді төрт жан өзіне
Ортада қалсаң бастаймыз
Бірінші кезең "ШЕЖІРЕ"

Жүргізуші: Оған топтан 1 оқушы қатысады. Қалған ойыншылар күту залына жайғасып отыруын сұраймыз.
Жүргізуші: Қымбатты достар! Мен бірден ережені түсіндірейін. Бұл айналымда әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Ойланатын уақыт 5 секунд. 10ұпайдан беріледі. Дайын болсақ ойынымызды бастайық.
Алғашқы 5 сұрақты «Қазақ» тобына жолдаймыз.
1. Қамшы, шоқпар, сияқты қарулардың сабына тағылатын ілмек
2. Айшабибі кесенесі қай облыста орналасқан?
3. Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан жолы» кітабы неше жылды қамтиды
4. Ұлт жоспары қалай аталады?
5. Ауылға басқа жақтан көшіп келген үйді қонаққа шақыру

Жүргізуші:
Ендігі 5 сұрақты «Алаш» тобына қоямыз. Дайын болса бастайық.
1. Жалманы енді, жарты ай түріндегі ұзын сапты балта.
2. Теке деп аталатын қай қала?
3. Ұшқан ұя кітабының авторы кім?
4.. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
5. Ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Жүргізуші: Топ дайын болсақ.«Болашақ» тобына сұрағымызды қоямыз.
1. Жыл басын 22 наурызға сәйкес келетінін дәлелдеген ғалым.
2. Елбасы дүниеге келген аулы қалай аталады?
3. ХII - XVI ғасыр - ы «Иасы» орта ғасыр қаласы қай қала?
4. Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы неше бөлімнен тұрады?
5. Қазақ салтында бір - бірімен сағынысып кездескен адамдар амандасуын.

«Шежіре» айналымын қорытындыласақ, «Қазақ» -... ұпай,«Алаш» -... ұпай,«Болашақ» -.... ұпай.

Әр топтан түсер шыңдала,
Ойыншы қалса, бір қалана
Кім мықты екенін көрсетсін
Екінші кезең НҰРДАЛА

Жүргізуші: Келесі айналым«Нұрдала». Ойын шартын түсіндірейін. Бұл айналымда 5 сұрақ қойылады. Сұрақты өздеріңе танымал адамдар қояды. Қойылған сұраққа қолдарыңдағы жалаушаны бірінші боп көтерген топ жауап береді. Жауап қате болған жағдайда басқа топтар жауап берулеріне болады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ойлануға 10 секунд беріледі.
Сұрақтар бейнебаянда жазылған. Жауабы тыңдатылады. Ұпай жинайды.
Екінші кезең Нұрдаланы қорытындыласақ: «Қазақ» -... ұпай,«Алаш» -... ұпай,«Болашақ» -.... ұпай.

Жүргізуші: Ендігі айналымға команда мүшелері толықтай қатысады.
Біліммен шықсаң танылып,
Сайыстың терең мәнін ұқ
Үш топта бірге қатысар
Үшінші кезең «САМҰРЫҚ»

Жүргізуші: Құрметті ойыншылар! Бәріңіз бірге ойнайтын айналымға жеттіңіздер. Бәй теректің басына шыққандаймыз. Бұл айналымның ойын ерекшеліктерін таныстыра кетейін. Сіздерге 6 категориядан тұратын ойын ұсынбақпыз. Ол экранға шығады.

Олар: ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ, ТҰЛҒАЛАР, САЛТ - ДӘСТҮР, МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР, ШАРАЙНА, Әр категорияда 2 - 2 сұрақтан бар. Дұрыс жауапқа ұпай саны 30. Ойынды бірінші болып ұпай санымен алда келе жатқан топ бастайды. Яғни ол бізде "Алаш" тобы. Ол топ дұрыс жауап бермеген жағдайда қарсыластар деймін сол кезде жалауды бірінші көтерген топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл айналымдағы ерекшелік бар. Ол жауап бере алмай жатқанда самұрық құсының көмегіне жүгінуге болады. Егер сіздер сұрасаңыздар. Бірақ оны ойында топ бір рет қана пайдалануы керек. Қолданған жағдайда сұрақтың 3 нұсқасы көрінеді. Сіздер біреуін таңдауларыңыз керек. Самұрық құсын алған жағдайда қалған 2 топ жауап бере алмайды. Одан кейін тағы бір ерекшелік бәйтерек бұтақтарының бірінде кішкентай көмбеміз бар. Онда жасырылған затты сұрақ оқылған соң табу керек. Әрі қай бұл бөлімдегі ең қызықты тұсы өмірде жолы болғыш адамдар болады дегенге сенсіздер ме, олай болса жасырылған сұрақтардың біреуінде тосын сый бар. 30 ұпайды жауап берместен қанжығаларыңызға байлайсыздар.
Ендеше ойынды бастайық. Алғашқы жүрісті ұпай санынан алда келе жатқан "Алаш " командасы бастайды. Категория таңдау құқығы сіздерде.
«Бәйтерек» зияткерлік сайысын қорытындылайтын болсақ, бүгінгі ойынға қатысқан командалардың жинаған ұпай сандары мынандай: «Қазақ» - 120 ұпай,«Алаш» - 160 ұпай,«Болашақ» - 140 ұпай.
Алғашқы зияткерлік сайысына қатысқан командаларға рақметімізді айтамыз. Озып шыққан команда апталық ойынның жеңімпазы болып,«Алаш» тобы болып есептелді. Енді келесі ойынға қатысуымыз керек.
7 900
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдебиетінен жоспарлар
Қазақ әдебиетінен жоспарлар
Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текеева Жанша Тажибаевна
"Жас тарихшы" зияткерлік сайысы
"Жас тарихшы" зияткерлік сайысы
«Жас тарихшы» зияткерлік сайысы
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
«Асыл сөз» зияткерлік байқауы
«Асыл сөз» зияткерлік байқауы
Семей қаласы, “Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің” қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосақбаева Жаңагүл Райымханқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×