Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Домбыра - шертпелі аспап

02 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Домбыра - шертпелі аспап
Сабақтың мақсаты: Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру.
Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап, ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра суреті, домбыра, күйшілердің суреттері. домбыра туралы жазылған ұлағатты сөздер(слайд), шарлар т. б

Сабақтың барысы
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Біз бүгін « Домбыра дастан» бағыты бойынша жүргізгелі тұрған «Домбыра - шертпелі аспап»атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Тәрбие сағатымызда домбыраның шығу тарихы, домбыраның құрылысы, оның ән - күй өнеріндегі алатын орны, тағы басқа домбыра туралы білімдерімізді ортаға сала отырып, білмегендерімізді үйренеміз.
«Домбыра - көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі»- деп Ахмет Жұбанов атамыз айтқандай, қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішінде көп таралған екі ішекті, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Домбыраның шығу тарихына келетін болсақ «Қос ішек» күйінде былай делінген.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Ол биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын
тұрақ еткен бұғы маралды аулап, кәсіп етіпті. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан
теңбіл марал атып алады да, маралды таудың етегіне түсіру үшін ішек - қарнын ақтарып алып тастайды.
Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт « аң атуға жақсы жер еді ғой»- деп теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дыбыс естіледі. Барлап қараса өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, ол қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады.
Қарағайдың бұтағына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына ішекке тіл бітейін деп тұр екен, амал жасайын» деп ішекті үйге алып келіп, бір аспап жасап, оған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе шынындада қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады.
Мінеки, балалар, домбыра осылайша көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналған екен.
- Ал, қане айтыңдаршы, кімдердің үйлерінде домбыра бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Өте жақсы, қараңдаршы балалар, домбыра аспабы көпшілігіміздің үйлерімізде бар екен. Ал осы домбыра қандай бөліктерден тұрады, білеміз бе?
- Ия, білеміз.
- Олай болса домбыраның сыртқы құрылысына тоқталайықшы.

1 - оқушы: Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған: қарағай, қайың, жөке, шырша сияқты ағаштар пайдаланылған.
2 - оқушы: Домбыраның шанағы бұл дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі. Қазақстанның әр түрлі өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі - түрлі болады. Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келеді, орталық, шығыс, солтүстік өлкелерінде домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалады.
3 - оқушы: Домбыраның ұзынша мойнына 2 немесе 3 перне тағылады. Алғашқы кезде перне саны 5 - 7 болса, кейін оның саны 9 дан 19 - ға жетті.
4 - оқушы: Домбыраның басы - екі құлақ бекітілетін жері.
5 - оқушы: Домбыраның беті - шанақтың қақпағы екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері. Домбыраға тағатын ішекті қойдың немесе ешкінің ас ішегінен иіріп жасайды.
6 - оқушы: Дыбыс ойығы - домбыра бетінің немесе қақпағының дөңгеленіп ойылған тесігі.
7 - оқушы: Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ол екі ішекті көтеріп тұратын алмалы - салмалы ершік.
8 - оқушы: Домбыраның түймесі(ілгегі)- шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері.
9 - оқушы: Екі құлақ - домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері. Бірде оң бұрау, бірде сол бұрау әдістері арқылы домбыраның құлақ күйін келтіреді.(Мұғалім өзі домбыраның бұрауын келтіріп көрсетеді.)

Мұғалім: Тамаша! Сендер домбыраның құрылысын өте жақсы біледі екенсіздер. Домбыраның құрылысын ған білу сендер секілді қазақтың балаларына өте аз. Сондықтан домбыра туралы көп нәрселерді біліп, үйренуіміз керек.
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, домбыраның қазақ өнеріндегі орны қандай? Домбыра не үшін қолданылады, қане кім айтады?
10 - оқушы: Домбыра халық әндерін сүйемелдеп ән айтуға, күй тартуға қолданылады.
Мұғалім: Ал осы домбырамен сүйемелдеп ән айтқанда, күй тартқанда домбырада отыру мәдениетін білеміз бе?
Оқушылар: Ия

Мұғалім: Бір сәт тақтадағы суретке назар аударайық. Әйел адамдар қалай отырады, ер адамдар қалай отырады?(сурет бойынша түсіндіріп өту)
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай халқымыз ешбір мереке,
қуанышты күндерін ән - жырсыз өткізбеген. Ендеше сөз кезегін әнге берейік.
Әнші қызымыздың орындауында «Әгугай домбыра»

Мұғалім: Қазақтың атақты күйшілері күй алыбы - Құрманғазы атамыз, оның шәкірті
Дина апамыз, Дәулеткерей, жергілікті жеріміз Маңғыстаудың күйшілері - Абыл, Қазанғап, бұлардың барлығы өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен шығарып, домбырада ойнаған. Бұл домбыра - күйші композиторлардың күмбірлеген « көмейі», боздаған «үні», сұңқылдаған «тіліне» айналып отырған. Кұрманғазы атамыздың Исатай мен Махамбетке арнап шығарған «Кішкентай» атты күйін тыңдайық. Балалар, бұл күй жеке домбырамен орындалып тұр ма, әлде өзгеде аспаптардың қосылуымен орындалып тұрма?
Оқушылар: Жеке домбырамен орындалып тұр.
Мұғалім: Дұрыс айтасыздар. Күйді домбырадан өзге де ән - саз аспаптарымен қосылып орындауға болады. Оны оркестр - деп атайды. Қазіргі таңда оркестрге лайықталып жасалған 19 пернелері жетілдірілген жаңа домбыра мен нотаға жазылған кез - келген музыкалық шығарманы орындауға болады.
Ал енді тәрбие сағатымыздың келесі бөлімінде сендердің домбыра туралы білетін тақпақтарыңды тыңдайық.

11 - оқушы: Қолыма алсам домбыра
Жөнейді жүйткіп тынбайды.
Әсерлі күйдің сазына
Еш уақыт құлақ құршы қанбайды
Домбырам тыңдасам.
Еш уақыт құлақ құршы қанбайды.

12 - оқушы: Өсірген өнерімді қызыр – бабам
Үніңнен айналайын бұзылмаған!
Киелі пернеңе бір қол соқпасам
Ішектерің жетімсіреп ызыңдаған.

13 - оқушы: Ән менен күйді саралап,
Асылын таңдап ойнаймын.
Пернені түгел аралап,
Қос ішекке тіл бітірмей қоймаймын.

14 - оқушы: Па, шіркін, шешен домбырам,
Жүйріксің жүлде алғандай!
Бабыңды тауып ойнасам,
Екпінің тау мен тасты жарғандай.

15 - оқушы: Домбырам досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған
Шанағың бар шаттығын құяр маған.

16 - оқушы Бабамның көзімісің?!
Данамның сөзімісің?!
Жаралған сезім үшін
Мазасыз жүрегімнің өзімісің?!
Домбырам,
Қоңыр қазым, аққуымсың
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың!

17 - оқушы: Домбыра сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң - тіл барма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн бар ма?
Домбыраның күші мол,
Көмейінде күй барда!

18 - оқушы Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл - сәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес
Нағыз қазақ – домбыра!
Хор: Домбырасыз сән қайда?

Сабақты қорытындылау. «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»-, дейді халық даналығы. Өнер түрлері өте мол. Соның ішінде домбырамен ән айту, күй тарту халықпен бірге жасап келеді, жасай да береді. Сондықтан домбыра аспабын атадан қалған мирас, мұра ретінде қастерлеп, құрметтеп төрімізге іліп қоялық.
6 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Нағыз қазақ – домбыра
Нағыз қазақ – домбыра
Домбыра біздің ұлттық аспабымыз екенін, оны әрбір қазақ баласы және қазақ шаңырағында қастерлеп, төрге іліп ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі екенін білдіру.
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Домбыра аспабының құрылысымен, шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән - күй өнеріндегі алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың ән - күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдап ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Балаларды домбыраға қызықтыру. 1. Білімділік: Домбыра аспабының қазақ халқында алатын орны
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Нағыз қазақ - домбыра
Нағыз қазақ - домбыра
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы Қойгелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдибекова Айгүл Аханқызы
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Еңбекке баулу 3 класс Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптарын жасау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×