Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай

03 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Балалардың сүйікті жыршысы
(М. Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)

Кіріспе орнына
Қымбатты достым, қалай ойлайсыз, қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз - көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол - қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы - Мұзафар Әлімбай!
Бүгін қазақ әдебиетінде де, балдырған бағында да үлкен той, мереке. Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том - том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға - Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр.

Ақынның “Естай - Хорлан”, “Менің Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана” қатарлы көптеген ән - өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің естеліктері мен эсселері, мақал - мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті - қанатты сөздер, мақал - мәтелдерді зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал - мәтелдер” секілді кітаптары халықтың күнделікті қажетсінер дүниесіне айналды.

Сондай - ақ ол айтулы публицист, майталман аудармашы, әдебиет зерттеуші. Ақынның бұл қырларының қай - қайсы да - қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, мәуелі бұтақтар. Үздіксіз, әрі дәмді, мол жемістер беріп келе жатқан бұтақтар. Шындығын айтсақ, бізге үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән - өлеңші, ұстаз, редактор М. Әлімбайдың қай - қайсысы да қымбат. Алайда, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде, қаламгер есімі аталса болды, алдымен балалар ақыны М. Әлімбайдың ойға оралары анық.

Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын - жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десең, балаларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” басталатын балғындар өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән - өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабары жоқ, бесікте жатқан сәбиді өз ырқына көндіріп, өз дегенін істететін - өлеңнен артық керемет бола ма? Бөбектерге арнап өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой…

Сексенге келді Мұзата
Әдеби ертеңгілік
Шара өткізілетін жерде кітап көрмесі ұйымдастырылады. Мұзафар Әлімбаевтың суреті, ол туралы қанатты сөздер ілінеді. Бөлмеде шар, ойыншықтар мейлінше көп болса, ертеңгілік әсерлі өтіп, балалардың есінде көп уақытқа дейін сақталады.
Бұл шараны өткізбес бұрын, кітапханашы оқырмандарға ақынның тақпақтары, аңыз - ертегілері бойынша сурет салып келуге тапсырма беріп, хабарландыру іліп қояды. Ертеңгілік болатын күні балалардың суреттерін жинап алып, сол суреттер бойынша көрме жасағандарыңыз жөн. Ертеңгіліктің соңында жақсы салынған суреттерді, белсенді қатысқан оқырмандарды атап өту керек..
Қатысушылар: кітапханашы, Ая (ақын өлеңінің кейіпкері), Білгішбек, Ертеңбай (ертегі кейіпкері), көркемсөз оқушылар.
Ертеңгілік “Алтай вальсі” әнімен басталады.
Сөзі: М. Әлімбаевтікі, әні: Р. Байқадамаовтікі
Жүргізуші:
Балалар, білесіңдер ме,
Эфирден ақтарылып жыр есілгенде,
Осыны біздерге арнап кім жазды деп,
Атына көңіл қойып жүресіңдер ме?
Атына көңіл қойып жүрсіңдер ме,
Жасы үлкен жақын достарың,
Білесіңдер ме?…
“Балдырғанды” шығарып,
Сан ұрпақты
Қанша жыл жырларымен таңырқатты.
Айтады мың алғысын ағаларың
Өлеңнің татып өскен балын тәтті.
…Білмесеңдер, балалар,
Біліп алыңдар,
Кәрі де, жас та,
Бала да…жырына құмар
Сексенде бүгін Мұзафар аталарың.
Мұзафар Әлімбаев!
Ұғып алыңдар.

Көркемсөз оқушы:
Тамсантып, тамылжытып әнін көкке
Өрлетті “Ақсұңқары” мәлім көпке.
Содан шығар,
Жыр сүйген жалпақ елі
Біледі Мұзафарды МӘЛІМ деп те.
Мұзафар Әлімбаев - Мәлім аға,
Өзіңдей бала жанын жан ұға ма?
Жаңғырған жырдың биік жотасында
Кезігіп жүрейікші тағы да, Аға,
Балдырған балалардың бағына, Аға!

Жүргізуші: Еслам Зікібаев ағаларың жырлағандай, бүгін балдырғандар елінде үлкен той. Республикамыздың айтулы ақыны Мұзафар Әлімбай аталарыңның есімін білмейтін кісі кем де кем. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін біледі десек, қателеспейміз. Өйткені Мұзатамның өлең - тақпақтарын тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиден бастап жаттап, өлеңіне жазылған әндерді шырқап өседі. Мұзаталарыңның өздеріңе арнап жазған өлең - жырлары да том - том. Өлеңдер, дастандар ғана емес, әңгімелер дейсің бе, эссе, естеліктер дейсің бе, мақал - мәтелдер дейсің бе, аудармалар дейсің бе - толып жатыр. Сан ұрпақты көптеген жылдар ішінде жырларымен сусындатып, таңырқатқан Қазақстанның халық жазушысы, туған республикамыздың Әнұранының авторларының бірі - Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр. Балалар, бүгінгі ертеңгілігімізге бәріңе жақсы таныс “Аяның алақаны” кітапшасының кейіпкері Ая қызды шақырдық. Ол аталарың туралы көптеген қызықты әңгімелер алып келді.

Мұқабасына “Мұзафар ата өлеңдері мен ертегілері” деген жазуы бар үлкен кітапты қолына ұстаған Ая роліндегі қыз бала келеді.

Ая: Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мен “Аяның алақаны” кітабының кейіпкері – Ая қызбын және ақын Мұзафар аталарыңның туған немересімін. (Қолындағы кітапты ашып) Біз бүгін атамыздың балаларға арнап жазған өлеңдерімен танысамыз. Достар, мен жалғыз келген жоқпын, менімен бірге сендердің сүйікті жыршыларың Мұзафар атаның шығармашылығымен жақсы таныс, кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбекті және еріншек бала туралы ертегісінің кейіпкері Ертеңбайды бірге ала келдім.
Білгішбек ортаға шығып балалармен амандасады. Ертеңбай келе қоймайды.
Ая: Ертеңбай, қайдасың? Балаларға келіп амандассаңшы.
Есіктің арғы жағынан Ертеңбайдың даусы естіледі.

Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай. жүктеу
3 655
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев
Әже! Әже! Жатпашы! Ауыр ойға батпашы. ... Дәрі жасап берейін, Бәрін жасап берейін. Ауыртпаймын әжемді, Ауырмайсың, әже, енді!
Қазақтың дана - Қадыры
Қазақтың дана - Қадыры
Қазақтың дана Қадыры (Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби - сазды кештің жоспары)
Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны
Мұзафар Әлімбаев - балалар ақыны
Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 97 жылдығына орай өткізілген «М. Әлімбаев - балалар ақыны» атты ертеңгілігінің жоспары
Мұзафар Әлімбай «Ақсақалдың ақ батасы»                                   Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46-48 жаттығулар.
Мұзафар Әлімбай «Ақсақалдың ақ батасы» Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. 46-48 жаттығулар.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Елдесбаева Нұржамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×