Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рахмет, саған алтын ұя мектебім!

08 маусым 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қош бол, алтын ұя мектебім! (Соңғы қоңырау).
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, шәкірттер! «Сәт сапар, жас түлек - 2011» атты, мектеп - интернатының түлектерін шығарып салуға арналған жиынымызды, бастауға рұқсат етіңіздер!
Қоштасады ұшақ ұяң - мектебім!
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін

Жүргізуші: Құрметті түлектер! Сонымен қоштасу сәті де таяп қалды. Бүгіннен бастап «өмір» атты ғаламшарға аттанасыңдар. Осы ғаламшардың ең үлкен, ең жарық жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
Алтынай Надежда Имангалиевнаға:
Өткенде бізден ағаттық
Байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса кешірген
Байыппен баурап өсіген!
Үлгілі әркез ұстамды,
Сабырлы, ізгі Надезда Имангалықызын
Анадай көріп сыйлаймыз
Айрылар кезде қимаймыз
Гүлсана: Ұстаздар жан анамдай аялаған
Нұрланған шуағымсың саялаған
Айналдық мейірімді жүрегіңнен
Шәкіртінен өз бақытын аямаған
Жұлдыз: Алғашқы ұстаздарымызға сөз беріледі.
Шолпан апай, алғашқы менің ұстазым
Күлімдеген, күнім деген.
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Сөз кезегі 9б сынып оқушыларының сынып жетекшісі Гордеева Т. А. және тәрбиешісі Тайпақов М. М. беріледі.
Жүргізуші: Алтын орда асыл ұя мектебім,
Мәңгілікке жайнар жасыл көктемім.
Жетеледің қанат беріп арманға,
Жеңе біл деп асау өмір өткелін!- дей отырып, 9а сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Ал енді келесі кезекті төменгі сынып оқушыларына береміз. Олар аға - әпкелеріне өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірмекші.(1б, 2а сынып оқушыларының әдеби - сазды монтажы)
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан
Шынар, Зәуреш, Гүлжайна ұстаздарым,
Тілдің сырын меңгерген
(Әсет)
Біліп сыйлап біздерге, аялайсың әр күні.
Қарыздар ғой сіздерге,
Адамдардың барлығы.
Гүлжан, Бахыт ұстаздарым
Бәрімізге құрметті.
(Зәмзәгүл)
Сүрінбей өтіп сындардан,
Ерлікті аңсап өскен ол
Болаттай берік шыңдайды
Саят Серікбаевич
Жүлдегер барша сайыста
(Мәдина)
Мектебім төл енгізген ана тектес,
Шын ұстаз, сөзің асыл баға жетпес,
Танытқан тарихымды Баян Сұлтанбековнаға баға жетпес.
(Рұслан)
Математиканы үйреттің жетеледің.
Шаршауды ешқашан білмеп едің,
Ол біздің Гүлшара Айтхановна дер едім.
(Лаура)

Жүргізуші: Құттықтау сөзін құрметті ата - аналарға береміз.
Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Сіздер мектепте 10 мыңнан астам Қоңырау үнін естідіңіздер, оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідіңдер, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ. Соңғы қоңырауды соғу рәсімі 9а сынып оқушысы Адамбеков Ренат және 1 б сынып оқушысы Васильева Марияға беріледі.
6 694
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жумагалиева Назыгул Амандыққызы
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Сәт сапар саған, Жас түлек!
Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау (соңғы қоңырау салтанаты)
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×