Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, әз - Наурыз

10 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Зейнуллаева Лаура

Тақырыбы: Қош келдің, әз - Наурыз!
Мақсаты: 1. Ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық мерекесі-Наурыз туралы түсінік беру. Ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектер, бата, наурыз көженің маңызы туралы айту.
2. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі:, слайдтар, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, әдеби кітаптар, , буклеттер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Қонақтарды төрге шығару, отырғызу.
2. Тәрбие сағатын ашу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1. Құрметті Наурыз мерекесін тойлаушы ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Тағы да жадырап, көктем Наурыз мерекесі келді. Сіздерді жаңа күн, жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – наурыз жаңа жыл болып саналған. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Міне, біз де халқымыздың салты бойынша Наурыз мерекесін ата-аналармен бірлесе өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат, балалардың Наурыз мерекесін ұғынуы, сезінуі лер және ата-аналар өз балаларының өнерін тамашалау. Міне сыныбымыздың «Қош келдің, әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2. Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа, халайық!

3. Халқымыздың салтында Наурыз тойының сәні –аңыз әңгімелер мен ертегі кейіпкерлері Қарашаш сұлу, Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала болған. Ендеше, ортаға Қарашаш сұлуды шақырайық.
Қарашаш:Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді. Сонда жаңа күн деген сөз шығады екен. Наурыз – жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні – жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-інші жұлдызына сәйкес келеді.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді.
Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық. Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!
Қызыр баба:
Армысыңдар, жамағат.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин! ! !
Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады.
Қызыр баба: - Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рахмет. Ал, енді қандай қызықтарың бар.
Қарашаш: Қызыр баба, сіз төрге шығып отырыңыз. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» әнін айтайық.
1. Хор: «Наурыз – біздің әніміз».
Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар! Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!
Қарашаш: Қызыр баба, халқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі мен сәні болған жарықтық Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша балаларды ұмытпаған боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілер де келіп отыр. Соларды ортаға шақырып, қызықтарын тамашаласақ қайтеді.
Жүргізуші:Өте орынды!
Қарашаш:Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз бен ертегіден келіп жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық!
(Сақнаға алдымен Қожанасыр, одан соң Алдаркөсе шығады).

Алдар көсе: (ұнжырғасы түскен Қожекеңе)
- Әй, әпендім, үн-түнсіз сіленіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына халқыңа аман-сәлемің қайда?
Қожекең: Ай, Алдарым-ай, құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе?Көк есегіме артып әкеле жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір бұрышта рекет деген бір бәлелер тартып алып...
Содан есек те жоқ базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдар көсе: Апыр- ай, ә, шының ба?

Қожанасыр: Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты бүлдіріп, қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдар көсе: -Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр: -Бәрі шетінен суайт. Бәрі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып алыпты. Сен екеуіңнің ұрпағыңды тауып берем.
Қожанасыр:-А-а... Қалай. Аңтарылып қалады.

Алдар көсе:-Апыр-ай, ә, мына бәледен қалай құтылсам екен. Ә-ә, таптым, таптым. Айтпақшы, Қожеке, осы сенің есегің көк емес пе Қанарың қызыл ала.. .
Қожекең:-Иә, дәл солай.
Алдар:- Ендеше, әлгінде бір-екі ауыл милисәсі жұртқа жар салып иесін таппай жүрген. Тұп-тура мына Шәйланың бергі бұрышында. Ұш жет тез.
(Қожанасыр шапанының етегін қолына ұстап, қалбалақтап солай жүгіре жөнелді. Бір шеттен Тазша баланың төбесі көрінеді. Ол әндетіп келе жатады)

Тазша:
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Салт-сана, әдет-ғұрып кетіліпті.
Үлкен тұрып сөйлемес кіші қайда?
Бір шалға немересі жекіріпті.

Алдаркөсе: (киіп кетеді)- Әй, Суайтбегім, мынау тағы не сұмдық-ей! Қайдағы жоқ бәлені бастап. Салтымызда жоқ нәубетті қайдан таптың тағы?Өтірік айтудың да жөні бар емес пе?
Тазша:Ойбай, Алдеке, ол недегеніңіз?Имандай шынымбұл. Олләһи-білләһи, мінеки! (қолының қырымен тамағын орады. )

Алдар:Тек-ей, ант-су ішіп не болды сонша?Алдына жан салмаған өтірікші екенің баршаға аян. «Сұмырай келсе, су құриды» депҚожекең екеуің немене, қара аспанды алдырып?Обалы не, мен түскен ауылдың балалары шетінен кішіпейіл, елгезек екен. Бірі аттан түсіріп, бірі қолтықтап үйге бастап, бірі шынтағымның астына жастық тастап, енді бірі қолыма су құйып, наурыз көже дегендей құрақ ұшып қарсы алды ғой.
Тазша:Е, е, алдап кетеді деп сенен қорыққандары да. Әйтпесе бізді қайтесің бұлар. Әпенділері де өтірікшілері де толып жатқан көрінеді. Әлгінде анау бір той болып жатқан шеткі үйге түссем, бір қарадомалақ:

«Ой, аға, мұнда не бар сізге? Біздің депутаттар мен әкім ағаларымыздың қасында өтірік айтудан жіп есе алмайсыз», -дейді. Содан абыройым барда осылай тартып кеткен жайым бар.
(Осы тұста елпеңдеп Қожекең шығады, Оны көрген Алдар соған бұрылады).
Алдаркөсе:О, не, Қожеке, есегің табылды ма?
Қожанасыр:Табылғаны құрысын, әлгілерің мың сом айып төлеттіріп, әзер берген жоқ па ? Жол тәртібін бұзды, көшені ластады дей ме-ау. (Қолын бір-ақ сілтеп, енді басқа әңгімеге көшеді). Әй, өздерің мұнда неғып тәжікелесіп? Ана жақта, әне анау бір киіз үйдің артында бір-бір қаптан алтын ділдә үлестіріп жатыр.
Тазша:Алтын?!

Қожанасыр:Иә, алтын болғанда, кәдімгі саф алтын, бұлардың тілінше бәлүтә дей ме... Түсінбедім. Кәмпінсәтси деді ме, балаларға берілетін жәрдем көрінеді. Сенің Бізбикештен туған бес баланың тізімі жүр, Алдеке. (бір-бірлеріне қарасып алған Алдар мен Тазша ол нұсқаған жаққа қарай ұша жөнелді )
Қожанәсір:(Олардың артынан қарап сәл тұрған соң таңырқай)
Әй мына жұрттың бәрі солай қарай неге ағылып барады-ей?! Жаңағы сөзім шын болып жүрмесін өзі?Қой мен де жетейін. (Сахнадан елпеңдей түсіп кетеді. )
Жүргізуші: Асығып –аптығып Шығайбай мен бәйбішесі келе жатады.
Шығайбай:Әй, бәйбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей.
Бәйбіше:Қазір, қазір, байеке! Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп едім. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттым?Мынаны қайда тығам?

Шығайбай:(қойнын көрсетіп). Мұнда тық, мұнда.
Алдар:Ассалаумалейкум, Шығеке! Наурыз құтты болсын, Ұлыстың ұлы күні ойдағы-қырдағы құшақтасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де құшақтасып көріселік.
Шығайбай:Ойбай, күйдім, күйіп барам. Жібер, жібере көр Алдеке, сен-ақ алшы осыны.
Қарашаш:Ал, жігіттер, «сөздің көркі - мән, тойдың көркі-ән мен би» деген. Ортамызға Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген «Сырғалым» тобының биші қыздарын шақырайық.
Жүргізуші:Наурыз тойының тағы бір басты кәделерінің бірі ол-Наурыз айтыс. Ендеше Фариза мен Бибінұрдың орындауында «Күй тартыс» айтысы.
Ел ішінде наурыз көжені бірге ішкен адамдар жыл бойына жарастығы ажыраспайды ренжу болмайды деген ұғым бар. Біздің де жарастығымыз ажырамасын, ел ішіндегі бірлігіміз сақталсын, сыйласа білейік.

Күріш салдым көжеге
Женті көп болсын деп
Адал аспен бұйырған, Тойда палау болсын деп.
Дәм татсын ел жиылған. Ауыздан ақ кетпесін
Бидай салдым көжеге, Судай еріп кетпесін.
Мол болсын деп биыл нан, Бүгінгі той қонақтары наурыз-көжеден дәм татыңыздар.
-Сыныпта Ақгүл деген қызымыз бар,
Ән салып, би билейді оқуда озат
Ол гимнаст, мостик тұрып, сальто айналад,
Болашақта болады нағыз акробат.
Аудандық «Кел, билейік» оқушылар сайысына қатысып келген акробат қызымыз Бақ Ақгүлді ортаға шақырамыз.

Халқымыздың салтында қонақ кәдеге жол беріледі. Оай болса, кезек ата-аналарда. Кәнекей, кім, шығады екен. Тоқболатова Күлпараштың орындауында «Арыс жағасында» әні.
Ортаға Аймахан Қарашашты шақырамыз.
- Келтіріп сахнаның енді сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда барын.
Қалайша таңдай қағып, таңданбасқа,
Шабондоз жігіттеріміз алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап біздің сыныптың Шабондоз жігіттеріміз бір өнер көрсетіп жіберсін. «Шабондоз» биі.

-Біздің қазақ халқы қай кезде де мақалдап сөз сөйлеген. Мақал арқылы астарлы ой қалатын сөздер айтқан. Келесі тамашалайтындарыңыз қонақты мақалдап қарсы алып, шығарып салу айтысын тамашалайсыздар.
Ән менен би,
Жыр менен күй жарасқан
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан аққұсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
-Құрметті қонақтар, Наурыз тойымызды бұдан әрі «Тұсаукесер» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда жиналған халық, ата дәстүрін көріп тамашаласын.
-Кішкентай бөбегімізге қадамың құтты болсын дей отырып, Жәметова Нүргүлдің орындауындағы «Тәй-тәй бөпем» әнін қабыл алыңыздар.

♦ Жігіттер КВН-і
Шарықтатып, шырқатып тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғайды.

Ән:Қырмызы, Самұрат, Нұржанның орындауында «Наурыз-думан » әнін қабыл алыңыздар.
Негізгі мақсатымыз - «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші сыныбымыздағы өнерлі, талантты балалар шыңдалсын, ынталансын, жан-жақты қабілетін ашуға мүмкіндік жасау еді. Сіздер мен біз куә болып отырған мерекелік кешімізге ақ дастарқанын жайып, атсалысқан ата-аналарға рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға береке –бірлік тілейміз!

Қазақ халқында батаның түрлері көп. Соның бірі осы Наурыз бата. Мұнда Наурыз көжеге шақырылғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, жас талапкерлерге т. б ақсақал аталар, ақ жаулықты аналар, ел ағалары бата береді. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Көпшілікке үлкеніміз ақ батасын берсін.
Тағы да баршаңызды наурыз-ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтаймыз. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз.

Осы, міне мереке басталғаны,
Наурызым, көңілдердің тасқан шағы.
Сәнді болсын қазақтың жарастығы,
Дәмді болсын жайылған дастарқаны.
Ал, құрметті қонақтар, дастарқаннан дәм татайық.
Міне, біздің елден алар бағамыз,
Көңіл кілтін адалдықтан табамыз.
Әр наурызда жолықтырсын аман-сау
Ән-шашудың шымылдырығын жабайық.
54 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×