Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дөңгелек үстел. Отбасының өнегесі – Отан өнегесі

23 мам 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Дөңгелек үстел
Отбасының өнегесі – Отан өнегесі.
Мақсаты: Ата - аналарға баланың жан дүниесін түсіне білуге кеңестер беру. Адамды өсіру қуанышы мен тауқыметі қатар жүретін қиын жол екенін ата - аналарға түсіндіре білу. Бала жүрегі адалдықты сүйетіндігін айту. Әрбір ата - анаға, баланың өзіндік пікірін білдіру іскерлігін қалыптастыру.
Ата - аналарға ықыласты қарым - қатынастың рөлі туралы айту, оны іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Жеке тұлғаның өзіне деген сенімін дамыту.

Өтілу барысы:
І. Тренинг:“Тілек гүл шоғы”
ІІ. Жағдаяттар талдау (сұрақ - жауап)
ІІІ.“Мен қандаймын?”
ІV. Тыныштық сәті
V. «Кел ойнайық» сергіту сәті
VІ. “Қара күйе көбелегін аулайық” жаттығуы
VІІ. “Жан - жүрек сыры”
VІІІ. “Көңіл - күй түсі”
ІХ. Қорытынды

Тренинг:
“Тілек гүл шоғы”
Отбасының басты қызметтері
Тәрбиелік
Сауықтыру
Рухани - адамгершілік
Танымдық - білімділік
Тұрмыстық
Еңбек
Тұлғаның өзіндік тәжірибесін ынталандырушы
Қорғау

Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс - әрекеті
МДҰ себепсіз қалмауына ат салысу
Тәрбиешімен, балабақшамен тығыз байланыс орнату
Қоғамдық орындарда өзін - өзі ұстай білуге баулу
Достарымен қарым - қатынасының дұрыс болуына көмектесу
Қызығушылығын дамыту танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер таңдауға көмектесу
Санитарлық - гигиеналық дағдыларды сіңірту

ТАПСЫРМА
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. (Қорқыт ата)

Ұлт болам десең бесігіңді түзе.
(М. Әуезов)
Отан отбасынан басталады.
(В. А. Сухомлинский)

Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмысзор бақытқа кенеле алады.
(Н. К. Крупская)
Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш - бала сүю.
(Б. Момышұлы)
Отбасы - адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге
асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.
(А. С. Макаренко)

Жағдаяттар талдау (сұрақ - жауап)
Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

Бес жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы бөбекжайдан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс - әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Отбасы жарастығының сыры неде?

Назар аударыңыз.
Ей, перзентім, ата - ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл - ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата - ана ғой.
Ей, перзентім, ата - ананы ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл - күйіне қаяу салып, қапаландырма.
Сені жан - ділімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - ананың көңілін қалдыратындай құйттай іс жасасаң, сен ешқашан да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен, өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата - анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент – жеміске, ата - ана – жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата - анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

«Кел ойнайық» сергіту сәті

Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
Бүгінгі жиналысқа жақсы көңіл - күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.
Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық
Осы бөбекжай туралы жақсы ой - пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық

«Мен қандаймын?»

Жақсы істерді жасауға асығайық, әйтпесе жас ұрпақ үлкендердің қателіктерін кешірмес және біздің мемлекетіміздің өркендеуін қорғауға лайықты бола алмайды. Бүлдіршінге бар керегі - сіздің, дәл сіздің жылы сөзіңіз бен жұмсақ қабағыңыз. Осыны ұмытпайық!

Асыл перзентіңізді таңертең қалай оятасыз?

Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болу керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезу керек.
Осы сөздермен оның да, сіздің де күніңіз басталады.

Балаңызды тыңдай білесіз бе?

Жүрекпен тыңдай біліңіз.
Балаларыңызбен жылы шырай танытып сөйлесіңіз.
Осы бір тамаша сәттен ләззат алыңыз.
Ең бастысы, назар аударыңыз.
Жат ойдан аулақ болып, балаңызбен бірге болыңыз.
Шын көңілмен тыңдаңыз.
Сөзін бөлмеңіз.
Сынамаңыз.
Оның сөздерін түйсініп, түсіну үшін бар ынтаңызды салыңыз.
Әрқашан да күлімдеп жүріңіз.

Ата - ана мен баланың махаббаты дегеніміз не?

Басым көпшілігіміз баламызбен қарым - қатынаста сүйіспеншілік дегенді ұмытып жатамыз. Балаларыңызға оларды жақсы көретініңізді жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар.
Егерде бақытты да табысты баланы өсіргіңіз келсе, оларды қаншалықты жақсы көретіңізді күнде айтып отырыңыз.
Отбасылық дәрігер Виржиния Сатир баланың өмір сүруі үшін күніне төрт ыстық құшақ, денінің сау болуы үшін сегіз құшақ, өсуі үшін он екі құшақ қажет екенін айтады.
Ал енді, күніне балаңызды қанша рет құшақтайтыныңызды айтыңызшы?
Өз сүйіспеншілігіңізді көрсетудің тиімді тәсілі - оған назар аударғаныңыз жөн.
Балалар үнемі ата - анасымен тығыз қатынаста болуы керек. Олар өскенше ата - анаға жақын болып, олармен үнемі сөйлесуді қалайды. Бұл күнделікті тамақтай аса маңызды.

Бала тәрбиесінде жолдасыңызбен үнемі ақылдасып отырасыз ба?
Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

“Үшағаш негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологы: Жумаева Нурия Сафиоллиевна
Дөңгелек үстел. Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. жүктеу
6 297
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Жиналыс басында педагог ата - аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қорытындысы жиналыс соңында қаралады.
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Рахмет, анашым қамқорыңа!
Рахмет, анашым қамқорыңа!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Сауытбаева Гүлмира Серікбайқызы
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×