Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы бояулар

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы бояулар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бояу түстері бойынша алған білімдерін шыңдау.
Оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сахналық көрініс түрінде өткен сабаққа дайын аппликациялар көрнекілік ретінде қолданылады.

Қатысушылар:
1. Автор
2. Суретші бала
3. Бояу түстеріне киінген оқушылар
4. Қыс бейнесі (ақ киімді 2 оқушы)

Сабақтың барысы:
Автор: Ертеде қызыл, сары, көк бояулар өмір сүріпті.
Қоршаған ортада тек осы бояу түстері болыпты.
(Сахнаға осы үш түс болып киінген оқушылар шығады)
Автор: Олар былай деп әндетті:
1 - оқушы (қызыл түс)
Әр бояудың өзіне тән сыры бар,
Әрбір түстің күннің арай нұры бар.
2 - оқушы (көк түс)
Табиғаттың терең тылсым түрі бар
3 - оқушы (сары түс)
Қызыл, сары, көк түс
Әсте негізгі

Осылай өлең айтып, үш бояу болып киінген оқушылар тақтаға үш түстен тұратын аппликация іледі.

Сөйтіп бұл үш бояу сахнадан шығып кетеді де, тағы үш бояу түсі болып киінген оқушылар шығады (жасыл, қызғыл сары, сия көк олар сахнада артқа қарап тұрады)

Автор: Ол заманда бір жас суретші өмір сүріпті суреттерінде осы бояу түстерін қолданады екен.
Күндердің күнінде бұл бояу түстері суретші балаға аз көрінеді. Көңілі толмай көп ойланады.
(Сахнаға суретші бала шығып ой үстінде отырады)

Автор: Суретші жасыл жазды, батып бара жатқан күн шапағатын тұңғиық теңіз түбінде жасағысы келеді.

Суретші бала:
Әсем сұлу жер бетін
Табиғаттың келбетін
Кенепке жазсам деп едім,
Үш түстен артық көрмедім.

(Ұзақ ойланып бояуларды бір - біріне қоса бастайды).
Сахнаның екі жағынан екі бояу түсі шығады. Сары мен көк. Олар жақындап келіп қолдарын түйістіргенде ортасынан жасыл бояу түсі болып киінген оқушы шығады.
Сахнаға қызыл мен сары түсті бояу шығады, жақындап келіп қолдарын түйістіргенде ортасынан қызғылт сары түсті бояу шығады.

Автор: Суретші бала бояу түстерінің көбейгеніне қатты қуанады. Бояулар суретші баланы ортаға алып былай деп әндетеді:
1 - оқушы: (қызғыл сары түс) Қызғылт сары таң шапағы секілді
2 - оқушы: (сары түс) Сары түсі бар күзгі бояу секілді.
3 - оқушы: (жасыл түс) Тұр ғой дала жасыл желекке жайланып
Жасыл бояу жастық шақтың айғағы.

4 - оқушы: (көк түс) Көк түс керек
Көк байрағы секілді
Көгілдір түс көк аспаны елімнің
5 - оқушы: (сия көк түс) Сия көк түс
Қызыл мен көк қоспасы
Буырқанған толқынындай теңіздің

Суретші бала: Кемпір қосақ аспанда
Түрлі бояу шашқанда
Табиғатты салайын
Іздегенді табайын

Суретші бала: Тақтаға осы түстерден құралған аппликация ілінеді.

Автор: Осылайша суретші бала қуанышқа бөленеді өз жұмыстарына сүйсіне қарайды.
Күндердің күнінде жаз бітіп, қыс та түседі. Айнала түгел ақ қар жамылып, дала әдемі бір күйге енеді.
(сахнаның екі жағынан ақ киінген екі оқушы ленталарды желбіретіп, боранның үнін салып, баяу ысқырады)

Автор: Суретші бала табиғаттың мына құбылысына қызыға қарайды. Ол қыс бейнесін салуды армандап былай дейді:

Суретші бала: Көңілсіздеу кейде тым,
Әсем қысты салар ем.
Қыстың салсам бейнесін
Басқаның бәрін табар ем.

Автор: Көмекке суретші баланың назарынан тыс қалған екі бояу келеді.

1 - оқушы (ақ түс)
Түссіз түстер ақ пенен сұр, қаралар,
Бұл түстерде негізінен пара - пар
2 - оқушы (қара түс)
Ақ, қара таза
Сұр бұлт, қара түнек түн
Табиғаттың құбылысын даралар

Тақтаға суретші бала сурет іледі.

Автор: Осылайша суретші баланың бояу түстері күннен-күнге көбейіп, ол өзінің керемет туындыларын
дүниеге әкеліп елін таң қалдырып, қуанышқа бөлепті. Содан бері бір талай ғасырлар өтіпті.
Өмірге көптеген суретшілер келіп, өздерінің тамаша туындыларын қалдырыпты. Ал бояу
түстері адам өмірінде ерекше орын алады екен.
(Сахнаға барлық кейіпкерлер шығады)

Суретші бала өлең оқиды.
Түрлі – түсті келбетті,
Қандай әсем жер беті!
Алуан бояу баулары,
Аппақ басты таулары,
Жасыл жайлау орманы
Қырмызы гүл қырлары
Сары алтындай құмдары
Бұйра толқын теңіз көп
Ашық аспан теңбіл көк,
Түрлі - түсті келбетті
Қандай әсем жер беті!
Жаралғандай – ақ бастан!
Алып кемпірқосақтан!
Барлық кейіпкерлер бастарын иіп қоштасады.
22 384
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы сурет сырлары
Сиқырлы сурет сырлары
Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың сан түрлерімен, негізгі және қосымша түстерімен таныстыру. Түстермен жұмыс жасуды үйрету.
Бояулар әлемі
Бояулар әлемі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" МКҚК тәрбиешісі Джубанова Жазира
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Ойшыл бала қай бала?
Ойшыл бала қай бала?
Тақырыбы: Ойшыл бала қай бала?
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×