Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Мен қазақтың қыздарына қайран қалам...
Әпке, сіңлілер сайысы.

Сабақтың мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет - ғұрпын, салт – дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, ұлағатты сөздер;

Барысы:
Жүргізуші:
Нәзік жандар қашанда ел еркесі,
Отбасының - Отанның берекесі.
О, хош келдің жарқырап ортамызға,
Жұпар кезде адамның мерекесі!

Қай шетінде жүрмеймін даналардың,
Осы күні мен саған ораламын.
Қуанышың бүгінгі құтты болсын,
Алып жүрек аяулы аналарым!

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен патша көңіл көрермендер! Бүгін көктемнің шуақты күндерінде біздің мектепте үлкен мереке. Көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздарымыз сіздердің алдарыңызда өз бақтарын сынауға келіп тұр. Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, сымбатты арулар! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгін сіздер мектебімізде өткелі отырған әпке – сіңлілер сайысына куә болғалы отырсыздар.
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар жайлап басып,
Келеді ортамызға жайнап - тасып.
Қыз баласын сыйлаған халқым менің,
Қошеметпен қол соғайық қарсы алып,- дей ортаға әпкелерімен, сіңілдерін шақырамыз.
1. Фарида мен Нұрай
2. Зарина мен Фариза
3. Сымбат пен Ақбота
4. Ақмарал мен Құралай
5. Ақселеу мен Еркеназ
Енді сайыс болғаннан кейін оның бағасын берер әділ қазылар мүшесімен таныс болыңыздар.
1. Айнұр апай
2. Жанар апай
3. Анар апай

Аруларымыз орнына жайғасқанша кезекті әнге береміз.
Ән. Құрдастар Орындайтын Тұңғышбай Базарбай

Жүргізуші:
Енді әпкелері мен сіңілдері өз кезектерін білу үшін жеребе таңдайды. Барып өз нөмірлеріңізді алуларыңызға болады.
Жүргізуші:
Сайысымызға кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Бәске түскен апа мен сіңлілер,
Таныстырып өздерін өтер дейін.
Сайысымыздың бірінші түрі таныстыруға кезек берейік. Рет - ретімен әр жұп өздерін таныстырып өтсін.

Құрметті әділ қазылар, әр сайыстың соңынан бағаларын беріп отырыңыздар.

Жүргізуші:
Таныс болдық әр жұптың тегіменен,
Туып - өскен мекені, еліменен.
Ағып тұр бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билер, ал біреуі ән салыпты,
Бүгінгі әпке, сіңлі сайысында,
Арулар аянбай - ақ жан салыпты,- деп қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
Ортаға 1 - жұп Ақмарал мен Құралайды шақырамыз
2 - жұп Еркеназ бен Ақселеу
3 - жұп Сымбат пен Ақбота
4 - жұп Фарида мен Нұрай
5 - жұп Зарина мен Фариза
Бағасын берейік.

Жүргізуші: Ендігі кезекте қыздарымыздың шеберліктерін байқайтын да кез жетті. Үй тапсырмасы. Аруларымыз аналарына арнап, жасап әкелген мерекелік тартуларын айтып, таныстырып өтсін.

Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Сұрақ - жауап сәтіне де кез келді. Әр жұп әділ қазылар алдынан барып сұрақ таңдайды. 2 сұрақтан беріледі. Ойлануға 3 минут.

Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді шашыменен
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен,- дей отырып, әпкелерінің сіңілдерінің шашын қалай сәндейтініне көз жеткізу үшін сайысымыздың кезекті түрі – шаш әсемдеуге берейік.

Жүргізуші: Қыздарымыз болғанша кезекті әсем әнге берейік. Әли Нұрғисаның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Әпкелеріміз де болған сияқты. әділ қазыларға апарып көрсетіп, таныстырып өтсе.

Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып,- деп әпкелер мен сіңілдерінің аналарына дастархан мәзірін жасауда қалай қолғабыс беретінін байқайтын да кез жетті.
Ас мәзірі. Қыздарымыз салат жасап болғанша ән тыңдайық.
Ән. «Ұстазым» орындайтын Тұңғышбай Базарбай
Қыздар болсаңыздар әділ қазыларға апарып таныстырыңыздар.

Міне, сайысымыздың да соңына жетіп қалдық. Бүгін сіздер әпкелер мен сіңілдерінің өнерлеріне тәнті болдыңыздар. Бір – біріне демеу болар әпкелер мен сіңілілер аянып қалған жоқ. Оған өздеріңіз де куә болдыңыздар. Енді Сөз кезегі қазыларда.

Жүргізуші: Қыздар, қызыл киігі жанұяның,
Қайықтары махаббат дарияның.
Ескектерін ерліктің жоғалтпаған,
Сіңілілері - ай Мәншүк пен Әлияның.
Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері.
Көк гүлдердің көзге ыстық кептерлері,
Азаймаңдар, арулар - жауқазындар,
Азаймасын өмірдің көктемдері,- дей келе бүгінгі «Мен қазақ қыздарына қайран қалам..» атты әпке, сіңілілер сайысының көрермендері, сау саламатта болыңыздар. Көріп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!
12 748
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Арулар асыл жандар
Арулар асыл жандар
Арулар асыл жандар (қыс сыны) Қос жанарлар гауһардай мөлдіреген, Мін таппайсың жүздерінен күлімдеген, Кербез басым, мың бұралған аруларым. Құтты болсын, сәтті болсын қадамдарың.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Мен қазақ қыздарына қайран қалам жарасып жеңгесімен жайраңдаған
Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген.
Анаға құрмет!
Анаға құрмет!
Тақырыбы: «Анаға құрмет!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Балғын ару - 2013
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×