Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зерде білім сайысы

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Зерде білім сайысы
Сайыстың мақсаты: білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, тез ойлауға, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекіліктері: Слайдтар, түрлі – түсті қағаз кітапша, қиылып алынған күннің суреті.
Мұғалімнің сөзі: Ал балалар біз сендермен бүгін «Зерде» білім сайысына жиналып отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын. «Әрқашан күн сөнбесін» жаттығуын бастайық. Ол үшін тақтадағы күннің бетін бұлттар жауыпты, күнді сол бұлттардан тазартайық. Қане кім шығып күннің көзін тазартады.
Әр бұлттың астына сұрақтар жасырылған, сол сұрақтарға жауап беріп күннің көзін ашамыз.
1. «Бөбек» қорының президенті кім?
2. Қазақстан мемлекеті неше облыстан тұрады?
3. Қостанай қаласының ортасынан ағып өтетін өзен.
4. Қазақ вальсінің атасы кім?
5. Жерұйықты кім іздеді?
Ал енді сайысымызды бастаймыз!
Топ басшылары өз топтарымен таныстырады. Олар «Ұлан» тобы «Достық»
Ойынды су-ли-фа ойыны арқылы бастайды.

1-кезең «Білгенге маржан»- деп аталады. Тақтаға алты кітапша ілінген әр кітаптың астында сұрақ жасырылған. Бірінші топтың сұрақтары
1. Дыбыстар мен әріптерді зерттейтін ғылым
2. Қиял ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері кімдер
3. Хан, уәзір, қолбасшы қандай сөздер тобына жатады.
4. Сөздің бастапқы мағынасы қалай аталады.
5. Синоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
6. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім?

Екінші топ сұрақтары
1. Қырық өтірік әңгімесін айтушы бала
2. Тарихшы, прозашы, философ, араб, парсы, орыс тілдерін жетік білген, Абайдың немере інісі ақын кім?
3. Күрделі сөз нешеге бөлінеді?
4. Қазақ тіліне тән неше әріп бар?
5. Сөздердің мағынасын зерттейтін ғылым.
6. Антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
Әділ қазылар мүшелері әр бір дұрыс жауапқа бір баллдан қойып отырады.

2 кезең «Әліппе» кез келген әріпке сөздер жазу, жер – су, қала адам аттары есептелмейді. Екі топ бір әріпке жазады бірдей кездескен сөздер есептелмейді.
3 кезең «Құрастырма сурет» деп аталады. Монитордан бір сурет беріледі және сол сурет туралы айтылады.
4 кезең «Тыныс белгілер еліне саяхат» монитордан сөйлемдер беріледі қандай тыныс белгі қою керек, соны анықтау
1. Күн бұлттанып жауын жауды,.
2. Ауылға барғанда суға түстік.
3. Қалаға барғанда қыдырдың ба?
4. Оқы!
5. Шіркін ауылға барғанда суға түссек,!
6. Сәуле де айтады екен?
7. Қап бекер барған екенсің,!
8. Қандай тамаша жер!
5 кезең «Жұмбақ жасыру»
6 кезең «Мақал-мәтелдерді» құрастыру
Әділ қазылар ұпай сандарын есептеп жеңген топты марапаттайды.
11 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зерде интелектуалдық сайыс сабағы
Зерде интелектуалдық сайыс сабағы
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері
Разрядтан екі рет өту арқылы көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Қазақ тілін терең білгіштер (сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Зерде (танымдық сайыс)
Зерде (танымдық сайыс)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Айманова Жадра Жарасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×