Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз мүмкіндігімізді таниық

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық
Мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу,.
Міндеттері:
- Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;
- Әр оқушының өз мүмкіндігін танып дамытуына ықпал ету;
- Өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ағаш суреттері, даналық сөздер, доп және т. б.
Ұйымдастыру
1. Шаттық шеңбері
«Дос болайық» тақырыбындағы өлеңді оқушылар баянмен хормен орындайды.
2. Ойланайық
«Арманшыл» бос шаршыларға қандай баланы жақсы бала деп аталатындарын жазыңдар.
АРМАНШЫЛ
Жауабы: ақылды, рақымды, мейірімді, арлы, зейінді, шыншыл, ынталы, ойлы.

3. Әңгімелесіп, пікірлесейік
1. Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
2. Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Оқушы жауабы тыңдалады.

4. «Қошемет» тренингі
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім ортаға шығып бір сөзді айтып, қолындағы добын бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған бала сол сөзді табиғаттың құбылысына, затына, әрекетіне теңеп айтады.
Мысалы: мұғалім «ана» деп айтса, оқушы допты мұғалімге қарай лақтырып «ана гүлдей» деп жауап беруі тиіс.
Жауап бере алмай қалған оқушы айып тартады, оқушылардың сұрауы бойынша аң, құстардың бірінің әсем даусын салады немесе сұлу қимылмен көрсетеді.

5. «Даналық сөздер» атты ойын
Оқушылар кезегімен шығып қоржынның ішіне қарамай, әріптердің бірін алады. Қандай әріп шықса, сол әріптен басталатын даналық сөздер айтуы тиіс. Айта алмай қалғаг оқушы айыппұл төлейді. Мысалы: Ұ әрпі болса, Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

6. «Не сатып алдың?» тренинг
Оқушылар осы заттардың қимылын шатастырып алмай барлығын бірге жасау керек.
1. Желпитін
2. Тігін машинасы
3. Сағат
4. Велосипед

7. «Көмек» ситуациялық сұрақтар
1 - жағд. Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «Бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышыңда шек жоқ. Оның қуанышын қалай бөлісер едің?
2 - жағд. Сыныптасың балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды Кірпі газетіне шығарды. Сен не істер едің?

3 - жағд. Сен жолда келе жатып, шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің. Балапан шиқ - шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?
4 - жағд. Абзал аялдамада өз сыныптасы Аянды кездестірді. Ол сыныптасына өзінің ат жарысқа қатысып, бәйге алғанын айтқысы келді. Аян болса, өзінің саяжайға барғаны жөнінде қайта - қайта айтып Абзалға сөз бермеді. Сосын бір таныс баласын көріп қалып, оған қарамастан жүгіріп кетті. Аянның қылығы Абзалға қалай әсер етті деп ойлайсыңдар? Абзалға қандай кеңес берер едің?

5 - жағд. Теледидар көріп отырған Беріктің ағасы жұмыстан келді де жағдайын сұрады. Берік болса жауап бермей, теледидарды қарай берді. Әжесінің бірнеше рет асқа шақырғанын да естіген жоқ. Әжесінің көңілі су сепкендей басылып, ренжіп қалды. Ол немересінің сүйікті тамағын дайындап қойған еді. Беріктің қылығын қалай түсіндіруге болады?
Сергіту сәті
Алақанмен сипағанда аялап (бір - бірінің арқасынан сипайды)
Жақсы сезім қуанышың тасады (бір - бірін құшақтайды)
Ақ көңілмен болар бейне саябақ (қолдарын аспанға көтереді)
Аялаған әр адамның құшағы (дөңгеленіп тұрып құшақтайды)

8. «Шалқан» тренинг
Мұғалім. Оқушылар біз шалқан ертегісін 1 - сыныпта оқыған болатынбыз. Енді мен сендерге шалқан тренингін ұйымдастырып, түсіндіріп кетейін. Мысалы «Шалқан» ертегісінде шал шалқанды егеді. Демек шалқан болған оқушы орнынан тұрып бір дыбыс және бір қимыл жасап орнына отырады. Ендігі кезекте мен ертегіні оқимын. Шалқан, шал, кемпір деп оқылып келе жатқан кезде әр кейіпкер иесі орындарынан тұрып дыбыс шығарып, қимыл жасап орнынан отырады. Осылай ертегі аяқталам дегенше жалғаса береді.

9. «Құрмет - ізет» ойын жаттығуы
Тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттарды ілемін. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып беремін. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған.
Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлен кісілер айтатын сөздер болса – үлкен ағашқа, өздеріңнен кіші балаларға айтатын сөздер болса – кіші ағашқа ілесіңдер.
Сөз үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғау етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

10. «Өз ойыңды жеткіз»
Берілген сөздер. Көгілдір бәтеңке, қас қарайған кез, үлкен сумка, ірі денелі адам. Осы сөз тіркестерін пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңдар.

11. «Менің қасиеттерім»
Оқушылардың барлығына конверттерге салынған геометриялық фигуралар беріледі. Оқушы осы фигуралардың ішінен біреуін таңдап алуы тиіс.
Үшбұрыш – лидерлік /басқарушылық/ қасиеті бар.
Шаршы – өте еңбекқор, төзімді, бастаған істі аяғына дейін өз ісінің шеңбері.
Тіктөртбұрыш – жаңа идеяларға құмар.
Шеңбер – мейірімді, қайғысын, қуанышын бөлісуге даяр жандар.
Зет – шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Аяқтау. Жүректен жүрекке.
15 818
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Біз - біргеміз, берік іргеміз
Тренинг тақырыбы: Біз - біргеміз, берік іргеміз
Менің армандаған үйім
Менің армандаған үйім
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернат КММ» 6 А сынып тәрбиешісі Жунусова Айткул Есеновна
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
ШҚО,"Зырян қаласы, №9 орта мектеп"КММ өзін - өзі тану пәні мұғалімі Тандыбаева Гульмира Толкуновна
Алынбайтын асу жоқ
Алынбайтын асу жоқ
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебі өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Қанағат рақым ойлап қой
Қанағат рақым ойлап қой
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Музеева Асемгүл Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×