Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата – анам, ұстазым және мен

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ата – анам, ұстазым және мен»

Мақсаты: Ата – аналарды сынып, мектеп өміріне қатыстыру. Балалармен бірлескен әрекетке тарту.
Көрнекіліктер: қабырға газеті, қанатты сөздер, слайд.

Өту барысы:
М: Армысыздар, ағайын, ата – аналар!
Бармысыздар жанкүйер, әз қауымдас
Бүгінгі күн әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
- Бүгінгі «Ата – анам, ұстазым және мен» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біздің мақсатымыз - ата – аналарды сынып, мектеп өміріне қатыстыру. Балалармен бірлескен әрекетке тарту.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез – құлық нормаларын игереді.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық.
1. Кел танысайық
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ
3. Мақал сөздің мәйегі
4. Сөз құрастыру
5. Өнерлінің өрісі кең
6. Күлкі - өмір ұзартар

М: Дәстүрімен қазақтың,
Елге еңбек етейік.
Адалдықпен әрқашан,
Әділдікке жетейік.
Бүгінгі сынды бағалар
Әділ – қазы алқасын
Таныстырып өтейін

Әділ – қазы алқалары:
1. Бақтыгереева Г
2. Бікірова Г
3. Жақсыбай А

М: Деген екен қазақ халқы «сәлем - сөздің анасы»,
Білді оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі

I «Кел танысайық»
(Әр отбасы өздерін таныстырады)
II «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Тапқыр достар ойынының ережесі бойынша әріптер таратамын, берілген сұрақтарға қолдарындағы әріптен басталатын сөзді айтып жауап беру керек.

I топ
1. Атыңыз кім?
2. Жағдайыңыз қалай?
3. Қар қашан жауады?
4. Жалқаусыз ба?
5. Қазақстан мемлекетін қалай мақтан етесіз?
6. Әнұранның сөзін кім жазған?
7. Қандай кітапты көп оқисыз?

II топ
1. Астанамыз қай қала?
2. Қазір қайда тұрсыз
3. Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл болды?
4. Жазушы немен жазады?
5. Біздің елбасымыз кім?
6. Балықта аяқ бола ма?
7. Жер шары қандай?

III топ
1. Көңіл – күйіңіз қалай?
2. Жаңа жылдың сәні не?
3. Қай ауылда тұрасыз?
4. Сүйіп тыңдайтын әншінің аты кім?
5. Сізге қай қала ұнайды?
6. Өлеңді кім жазады?
7. Қандай түсті ұнатасыз?

М: Қастерлеп бабалардың даналығын,
Әр сөзінен өзіме үлгі аламын
Ендігі сәт мақал айту,
Дәріптеп, қазағымның байлығын, келесі кезекті мақал – мәтелге береміз.

III «Мақал – сөздің мәйегі»
Барлығы он мақал беріледі, соның жалғасын бірінші болып айтқан топқа ұпай саны қосылады.

1. Жалғыз жүріп, жол тапқанша
(Көппен жүріп, адас)
2. Жақсы дос – жанға серік
(Жаман дос – малға серік)
3. Туған жердің күні де ыстық,
(үні де ыстық)
4. Отансыз адам
(Ормансыз бұлбұл)
5. Талант қартаймайды,
(Білім ортаймайды)
6. Өнер – ағып жатқан бұлақ
(Ғылым – жанып тұрған шырақ)
7. Ашқарақ баланың көзі – тамақта,
(Ақылды баланың көзі - сабақта)
8. Ит тойған жеріне
(Ер тойған жеріне)
9. Елінен безген ер оңбас
(Көліне безген қаз оңбас)
10. Білім алмай «болдым деме»
(Еңбек етпей «толдым»деме)

М: Келесі кезегіміз «Сөз құрастыру», қағазда жасырылған сөздерді бір – бірден аламыз. Сол сөзден бірнеше сөздерді тауып шығарамыз.
Қазақстан Тәуелсіз мемлекет

М: Өнеріне ата – ананың тан қалайық,
Көру үшін өнерін тамашалап
«Өнерліге өріс кең» кезеңімізді бастайық.
(Әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді)

М: VI «Күлкі - өмір ұзартар»
Үй тапсырмасы бойынша ата – ананы мен бала отырған көрермендерді күлдіртуі керек.

М: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын, - дей келе әділ – қазы алқаларына сөз кезегі беріледі.
4 997
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Білімі мен тәлімінен нәр алдың. Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру.
Әкем, анам және мен
Әкем, анам және мен
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Джиембаева Райгүл Анапияқызы
Оқушылар шығармашылығынан үзінділер
Оқушылар шығармашылығынан үзінділер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекова Жамила Асанқызының оқушылары шығармашылығынан үзінділері
Менің сүйікті ұстазым
Менің сүйікті ұстазым
Мектеп өмірі. Мектеп - білім нәрімен сусындататын тәрбиелік орта
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×