Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Бар мейірім балаларға» атты сыр сұхбат

20 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Бар мейірім балаларға» атты сыр сұхбат
Құрметті қонақтар, ата – аналар, орталық қызметкерлері.
Бүгін сіздермен шешуін таппаған бірнеше мәселелерді ортаға салып,
«Бар мейірім балаларға» деген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпекпіз.
Мақсатымыз: кейбір шешілмей жатқан мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын көрсету.
Бүгін бізде қонақта
1. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры - Мұрат Садыгулович
2. «Талап» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры - Арыстанбаев Рахым Арыстанбаевич
3. Психологтік медиктік консультация кабинетінің меңгерушісі – Құдайбергенова Кенжегүл Құдайбергенқызы.
4. Орталық меңгерушісі - Жылқайдарова Гульсара Маратовна.
Осы «Аялы алақан» орталығының ұжымымен ата - аналарының арасындағы көкейтесті мәселелердің барлығының шешуін табамыз деп сенемін.

Елбасымыздың «Білім беруді дамытудың мемлекеттік 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының бір тармағы инклюзивті білім беріп, оқытудың жоспары түрде жүзеге асып келеді. Алайда оның кейбір тұстары ескерусіз қалуда.
Қазіргі қоғамда өздеріңізге мәлім жас өспірімдер мен жаңа туылған нәрестелер арасында өзгерістің көбейгенін өмір дәлелдеуде.
Экономикалық прогресстерді айтпағанның өзінде, экологиялық ауытқуларда адам санасына әсер етпей қоймайды. Бүгінгі таңда ерекше күтімді қажет ететін жас жеткіншектер мәселесін шешу мемлекет алдындағы ауқымды проблемалардың бірі.
2011 жылдың қазан айынан бастап осы «Аялы алақан» орталығы ашылып, мүмкіншілігі шектеулі 38 бала қабылданып, қазіргі уақытта оның 20 – сы осында тәрбиеленуде. Әр түрлі диагноздары бар балалар таңертеңнен кешке дейін сабақ оқып, әр түрлі үйірмелерге қатысып, өмірге деген құштарлықтары мен талпыныстарын дамытып, тәрбиеленуде.
Орталық ұжымы оларға аянбай еңбек етіп, барынша көмек көрсетуде. Ерекше күтімді қажет ететін балаларды Республикалық статистикаға сүйенбей-ақ күнделікті қоршаған ортадан көруге болады.
1 Статистикаға сүйене отырып, осы өңірдегі мүгедек балалардың саны жылдан – жылға қалай өзгеруде?
2. Бүгінгі таңда ерекше күтімді қажет ететін балалардың әлеуметтік жағдайы қандай?
3. Қоғамдағы барлық мүмкіншілікпен қажеттілікті пайдалана аласыздар ма? (спорт, такси, жәрдем ақы)
4. Қоғамдағы теріс көзқарастар бола ма? (халық арасында, көлікте)
5. Жезқазған өңіріндегі осы орталықтың жұмысына көңіліңіз тола ма?
6. Орталықтағы тәрбиеленушілердің тыныс – тіршілігі қандай, орталықтың алдағы уақытта болашағы қандай?
7. Орталыққа көрсетілген ата - аналардың демеулік көмегі қандай?
8. Тұрғын үй - 2020 жұмыспен қамту бағдарламасында .Үймен қамту тарауы бар, сол сияқты үй мәселесі қандай жолға қойылған?
9. Ерекше күтімді қажет ететін балалар мен жұмыс жасайтын майталман мамандар мәселесі қалай шешілуде?
10. Шарасы жоқ шаранаға шапағатпен қарайтын «Аялы алақан» ұжымына айтар тілегіңіз қандай?
Осында тәлім мен тәрбие алып жатқан жас бүлдіршіндерге жауқазындай өмірден орын алған беделді азаматтар болса екен дейміз.
Сөз соңында төрт қабырғаға телмірген періштенің пейілін тауып, жарық күннен жалықпауына еңбек ететін орталықтың қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз.
Уақыттарыңызды бөліп, бізге келіп сұхбаттасқан қонақтарымызға рахмет айтып, талқыланған мәселелердің аяқсыз қалмауын өтінеміз!

«Өнегелі отбасы» эстафеталық сайысы
Жүргізуші: Қадірменді ата – аналар, орталық ұжым – қызметкерлері және балғын бөбектеріміз!
Сіздерді бүгінгі, яғни қыркүйектің 6 – шы жұлдызы Халықаралық отбасылар күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке – бірлік, елімізге ынтымақ, халқымызға ымыра тілей отырып, өсіріп отырған балапандарыңыз ауырмай, тәтті қылықтарымен отбасыларыңызды шаттыққа бөлесін, ал ата – аналарымыз балаларымызда н мейірім шапағатын аямасын дегіміз келеді.
Бүгінгі біздің орталығымызда аталмыш мерекеге орай ұйымдастырылып отырған «Өнегелі отбасы» атты эстафеталық сайысымыздың
Мақсаты: ата – аналарымыздың орталықпен байланысын көрсету және салауатты өмір салтын дәріптеу болып табылады.
Ендеше сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін:
1. ......отбасы
2. ...... отбасы
3. ...... отбасы
4. ......отбасы

Ал халайық ықыласпен көрелік,
Отбасылар сайысында демелік,
Сыры менен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік, - дей келе сайысымызға әділ баға беретін қазылар алқасын тағайындап алайық:...................

Гүл көңілдер қуаныштан өрілді
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді,- деп
Әрбір отбасын өздерін таныстыру кезеңіне шақырамыз.

Таныстыру. Отбасылар біртіндеп ортаға шыға бастайды.
«Шынықсаң шымыр боласың» демекші бірінші кезекті эстафеталық ойындарға берейік.
1. Шар салу 2. Су құю (бір ыдыстан екінші ыдысқа қасықтап суды тасу керек). Ою ою қағаздан ою ойып, қиып алу.
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
«Өнегелі отбасы» деп жүрейікші,
Әділ қазы алқасына тек әділдік,
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші, деп келесі сайыс

2. «Кедергілерден сүрінбей өту» керек.
Бәрекелді, барлық отбасы алғыр, шымыр, жылдам, әрі ұйымшыл екен.
3. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын дей келе, әр отбасының өнерін көріп, тамашалайық. «Сурет салу» сайысы.
4. Үй тапсырмасы. Шебердің өнер тамған қолынан
Жаңылмаған ешқашанда жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан, деп сайысымыздың келесі кезегі « Шебердің қолы ортақ» дегендей ата – аналардың үйден өз қолдарымен дайындаған заттарын ұсынулары қажет. Ендеше кезек сайыскерлерде.
Допты межелі жерге аяғының арасына қойып жеткізу.
Ал кімнің бар өнері қаншалықты,
Би билеп, біреулері ән салыпты,
Бүгінгі отбасылар сайысында
Ата – аналар аянбай жан салыпты.
Енді кезекте сайыскерлеріміздің өз өнерлерін тамашалайық. Отбасылар өз өнерін көрсетеді.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.
Барлық отбасы өз үйінің намысын аянбай қорғап шықты, келешекте тұғыры мықты, берік отбасылар көп болады деген сенімдеміз.
5 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2020 жылдың 28 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn - line режимінде
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы дамыту жұмыстары
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.
Жаңа жыл 2023 жыл
Жаңа жыл 2023 жыл
Бүгін келді жаңарып, Қонжық тобы тағы да. Би билейді, ән салады, Жасыл шырша жанында.
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы
Инклюзивті білім берудегі «Аялы алақан» орталығының маңыздылығы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №5 орта мектебінде логопеді Кокенова Еркежан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×