Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әкеге қарап ұл өсер

02 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әкеге қарап ұл өсер
“ӘКЕ, мұның бәрін қайдан білесің?” Ұлыңыздың осындай сұрақ қойып, сізге таңғалған кездері болған ба? Сондай сәттерде әке болғаныңызды мақтан тұтқан шығарсыз. Ал ұлыңыз айтқаныңызға құлақ асып, соның пайдасын көрген кездері, қуаныштан төбеңіз көкке жеткен болар Алайда ұлыңыз есейгеннен кейін де, сізді өнеге тұта ма? Әлде оның сізге деген құрметі азайғандай көріне ме? Ер жетіп келе жатқан ұлыңызға қалай жақын болып қала аласыз? Алдымен, әкелер кезігетін кейбір қиындықтарды қарастырайық.

УАҚЫТТЫҢ ЖЕТІСПЕУІ. Көп елде отбасындағы табыстың басым бөлігін отағалары табады. Бұл үшін олар жиі ертеден қара кешке дейін жұмыс істейді. Кейбір елдерде әкелер балаларымен тым аз уақыт өткізеді.

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗ: Ұлыңызбен бірге қанша уақыт өткізіп жүрсіз? Келесі бір - екі аптада күніне оған қанша уақыт бөлетініңізді неге байқап көрмеске? Нәтижесі сізді бейжай қалдырмас.

Ұл бала әкесіне еліктегіш келеді. Сондықтан оған кішкентай кезінен бастап үлгі - өнеге көрсеткен жақсы. Мұны қалай істеген дұрыс? Балаға көңіл бөлу үшін уақытты қайдан табуға болады?
Ұлыңызды күнделікті үй шаруаларына мүмкіндігінше көбірек қатыстырыңыз. Мысалы, ауланы сыпырып жатсаңыз, оған кішігірім сыпыртқы, ал жер қазып жатсаңыз, күрекше беріп қойыңыз. Үлгі тұтарлық көсемі — әкесіне көмектескені ұлыңызды зор қуанышқа бөлейтіні сөзсіз!

Әрине, шаруаңызды бітіруге әдеттегіден көбірек уақыт кететін шығар, бірақ есесіне ұлыңызды еңбекқор болуға үйретесіз әрі онымен қарым - қатынасыңыз нығаяды. Балаңызды еңбекке баулумен қатар, бірге ойнауға да уақыт тапқаныңыз жақсы. Мұның пайдасы көңіл көтерумен ғана шектелмейді. Зерттеулер көрсеткендей, әкелер кішкентай балаларымен ойнайтын болса, бұл олардың тапқыр, пысық әрі батыл болып өсуіне көмектеседі.

Бірге ойнау бұдан да маңызды нәрселерге септігін тигізеді. “Бала мен әкенің еркін сөйлесуіне ойынның қосар үлесі көп”Иә, мұндай сәттерде әке баласына сөзімен де, ісімен де жылулық танытып, оны да өз сезімдерін білдіруге үйрете алады. Ұлыңызға жақындай түсудің тағы бір мүмкіндігі — ұйықтар алдындағы уақытты пайдалану. Балаңызға әңгіме оқып беріп тұрыңыз, сондай - ақ оның сол күнгі қуанышы мен уайымына ортақтас болыңыз. Осылай еткеніңіз өсіп келе жатқан ұлыңыздың әрі қарай да сізге еркін жақындауына көмектеседі.

Әкелері сөйлескісі келгенде, кейбір жасөспірімдер бұдан тартынатындай көрінуі мүмкін. Сіздің ұлыңыз да сұрақтарыңыздан жалтарғандай көрінсе, бұл оның сізбен мүлдем әңгімелескісі келмейді дегенді білдірмейді. Балаңызға бейімделіп сөйлейтін болсаңыз, оның сізбен әңгімелесуге деген ықыласы артуы мүмкін.

“Әке, қара, қарашы!” Жаңа істі меңгерген кішкентай ұлыңыздың қуаныштан осылай айғайлаған кезі болған ба? Ол қазір жасөспірім болса, әлі де сіздің қолпаштап отырғаныңызды қалай ма? Бәлкім, солай етуден қалған шығар. Алайда байсалды адам болып өсуі үшін сіздің қолдауыңыз оған аса қажет. Әрине, сіз ұлыңызға тәлім - тәрбие беріп, жөнге салып отыруға жауаптысыз. Кейбір ер кісілерге балаларына жылулық танытып, демеу көрсету оңай емес. Бәлкім, кезінде олардың ата - аналары мақтаудың орнына, қателіктеріне нұсқау берген шығар. Сіздің де жағдайыңыз осындай болса, ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттыру үшін біраз күш салуыңыз қажет болар. Бұл үшін не істеу керек? Кейде мен шаруаны ұлыма тапсырамын да, қажет болса көмектесетінімді айтамын. Көп жағдайда ол шаруаны өзі - ақ тындырады, әрі бұл оған қанағат әкеліп, өзіне деген сенімділігін арттырады. Тірлікті ойдағыдай атқарған кездері мен оны мақтаймын. Істегені ұлымның көңілінен шықпаса да, күш салғаны үшін риза екенімді айтамын”.

Ұлыңыздың өзіне деген сенімділігін арттырудың тағы бір жолы — үлкенірек мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу. Алайда ұлыңыз қойылған мақсаттарға сіз қалағандай тез жетпесе ше? Ал оның мақсаттары негізінен жаман болмағанмен, сіздің көңіліңізден шықпаса ше? Мұндай жағдайда өз көзқарасыңызды өзгертуіңіз қажет болар. Мен ұлымды қолжетерлік мақсаттар қоюға талпындырамын. Алайда бұл мақсаттардың менің емес, онікі болғанын қалаймын. Сондай - ақ ұлымның оларға өз қарқынымен жүріп отырып, қол жеткізуі керектігін жиі есіме салып отырамын”. Ұлыңыздың пікіріне ден қойып, жетістіктері үшін мақтап, кемшіліктерімен күресуге талпындырғаныңыз қойған мақсаттарына қол жеткізуге көмектесері сөзсіз.

Ұлыңызбен қарым - қатынасыңызда түсініспеушіліктер туындап тұратын шығар. Бірақ түбінде оның сізге жақын болып қалғысы келері шүбәсіз. Расында да, өзіне қолдау көрсететін адамға кім жақын болғысы келмейді?!
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 861
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Әке көрген оқ жонар атты тәрбие сағаты
Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Әке - асқар тау
Әке - асқар тау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті Жанашова Гауһар Бисенбайқызы
Сіздің сезімталдық деңгейіңіз қандай?
Сіздің сезімталдық деңгейіңіз қандай?
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Биржанова Алтынгуль Алдигаровна
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×