Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді зияткер (4 класс дарынды оқушылары арасында)

31 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Білімді зияткер» (презентациясымен)
(4 – класс дарынды оқушылары арасында)

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Есте сақтауын, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ - жауап
Сайысқа қатысатын кластар: 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 «В»
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер т. б.

Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап қаралық та,
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та? – дей келе сайыс кешті бастаймыз.

1 - слайд. 1 – тур: Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей келе біз келесі кезең «Бәйге» кезеңін бастайық, ұпай жинап, бәйгеге жетейік.

1 – топ: 0 температурада су неге айналады?
Ең кіші планета?
2 – топ: Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі?
Айт мейрамында айтылатын ән?
3 – топ: Мұсылмандардың қасиетті айы, күні, түні?
Сөз өнер жарысы?
4 – топ: Ұлттық аспап?
Абай Құнанбаевтың анасының есімі?

Бәйгені қыздыру үшін әр топқа 10 сұрақтан қойылады.
1 – сұраққа – 5 ұпай - 30 секунд ішінде жауап берілу керек.
1 – топ:
1. Қазақстан Республикасының астанасы.(Астана)
2. Қара алтын деген не? (көмір)
3. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды? (Кереге)
4. Сенің әкеңнің шешесі кім болады? (Апа)
5. Мектептегі ең жоғары баға (бес)
6. Кекілік құс па, жануар ма? (Құс)
7. 2 - ні үш рет қосқанда неше болады? (6
8. Жыл мезгілдерін ата (күз, қыс, көктем, жаз)
9. Қазақтың ұлттық ойындары? (арқан тартыс, орамал тастау, асық ойнау)
10. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш (шырша)

2 – топ:
1. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? (бағдаршам)
2. Кітапханада кім істейді? (кітапханашы)
3. Қойдың төлі (қозы)
4. Жеті күн (апта)
5. Екі сабақтың ортасында не бар? (үзіліс)

6. Аптаның бірінші күні? (Дүйсенбі)
7. Күзде жапырақтар қайтеді? (Сарғаяды)
8. 3+3+3 неше болады? (9)
9. Халықаралық әйелдер күні. (8 Наурыз)
10. Өз сыныпта неше қыз балалар бар?

3 – топ:
1. Біз сабақта тақтаға немен жазамыз? (Бормен)
2. Жаз айларын ата? (маусым, шілде, тамыз)
3. Сыныпта неше ұл бар?
4. Қыста не жауады? (Қар)
5. 4+4+4 неше болады? (12)
6. Сабақ арасында бос уақыт? (үзіліс)
7. Аптаның сәтті күні? (Сәрсенбі)
8. Әліппедегі ең бірінші тұрған әріп? (А)
9. Түнде аспанда не көрінеді? (жұлдыз)
10. 10 саны неше таңбалы сан? (екі)

4 – топ:
1. 22 - НАУРЫЗ қандай мейрам? (НАУРЫЗ)
2. Дәптерге немен жазамыз? (қаламмен)
3. Сенің атаң әкеңе кім? (Әке)
4. Төрт түлік малдарды ата. (Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі)
5. 5+5+5 неше болады (15)
6. Біз қандай баспа оқулығын оқыдық? (Атамұра)
7. Аптаның алтыншы күні. (Сенбі)
8. Мұғалімдердің баға қоятын кітабы? (Сынып журналы)
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
10. 7 саны неше таңбалы сан? (1 Таңбалы)

2 - слайд. 2 – тур: Жорға.
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы – дегендей біздерді білім – ілімге жетелейтін пәндерге кезек берейік.

Әр класс өз таңдау пәндерін жасайды.
Қазақ тілі
Сол - 20 сұрақ:
Мәтін түрлеріне тоқталу. Мысал.
Ортадағы - 30 сұрақ:
Сөйлем түрлеріне тоқталу.
(хабарлы, сұраулы, лепті) (Мысалдар келтір)
Оң: 40сұрақ:
Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері. Мысал келтіру.

Математика
Сол - 20 сұрақ:
Масса өлшем бірліктерін ата.
( тонна, ц, кг, г)
1 т = 10 ц
1ц = 100 кг = 100000 г
1 кг = 1000 г
Ортадағы - 30 сұрақ:
Ұзындық өлем бірлігі.
(км, м, дм, см, мм)
1 км = 1000 м
1 м = 10дм = 100 см
1 дм = 10 см = 100 мм
Оң: 40 сұрақ:
Қашақтықты қалай табамыз? S =?
(жылдамдықты уақытқа көбейтеміз)

Әдебиеттік оқу
Сол - 20 сұрақ:
Қожанасырдың әңгімелері
Ортадағы - 30 сұрақ:
Өтірік өлең білесің бе?
Тұмсығыннан масаның,
Құрыш найза жасадым.
Оң: 40 сұрақ:
Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа білесіңдер ме?

Дүниетану
Сол - 20 сұрақ:
Пайдалы қазбалар деген не?
Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (таскөмір, мұнай, газ)
Ортадағы - 30 сұрақ:
Ауа ластаушы заттар.
Оң: 40 сұрақ:
Қызыл кітапқа неліктен өсімдіктер мен жануарларды, құстарды енгізеді?

3 - слайд. 3 – тур: Тіл – өнер.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады – деп Асан қайғы бабамыз айтқандай, Тіл –
өнер сайысын бастаймыз. 4 – топ өз тапсырмаларын алып, көп нүкте
орнына сөз қояды. Сөз мағынасын зерделейді, түсіндіреді.
1 – топ: Екі қолға... күрек.
2 – топ: Отыз тістен шыққан сөз,
... рулы елге жетеді.
3 – топ: Төбе шашым... тұрды.
4 – топ: Қорыққанға... көрінер.

4 - слайд. 4 – тур: Күрең күз.
Сарғайған жапырақтарды қанша жинасаң, сонша сөзді сөйлем құрастыр.
Қорытындылау.
Ән – шашу:
4 «В» класс оқушысы: Мерейдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні
Жеңімпаз болған кластарды марапаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Ұшқыр ойлы топ атты сабақтан тыс өткізілген интеллектуалды сайыстың жоспары
Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды ауылы, № 60 Ж. Түменебаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Балалық тентектік
Балалық тентектік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×